Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Федералдық Сыртқы істер министрі Анналена Бербоктың өмірбаяны

Федеральный министр иностранных дел Анналена Бербок, © BÜNDNIS 90/DIE GRÜNEN
Федералдық Сыртқы істер министрі Анналена Бербоктың өмірбаяны
Анналена Бербок 2021 жылдың 8 желтоқсанынан бері Федералды Сыртқы істер министрі болып табылады.
Өмірбаяны
1980 жылы 15 желтоқсанда Ганноверде дүниеге келген
2000 Кәмелеттік аттестат
2000-2005 жж. Саясаттануды оқу (Гамбург университеті, диплом алдындағы емтихан), Лондон экономика мектебінің (Лондон экономика және саясаттану мектебі) халықаралық жария құқық магистрі дәрежесі
2005-2008 жж. Еуропалық Парламент депутаты Элизабет Шрёдтер кеңсесінің қызметкері және жетекшісі
2008-2009 жж. Германия Бундестагындағы BÜNDNIS 90 / DIE GRÜNEN фракциясының сыртқы және қауіпсіздік саясаты жөніндегі референті.
2008 Диссертация бойынша жұмыстың басталуы (Берлиннің еркін университеті) – жұмыс аяқталмады
2009-2013 жж. Бранденбург федералды жер деңгейіндегі BÜNDNIS 90 / DIE GRÜNEN партиясының төрағасы
2013 жылдан бастап Германия Бундестагының депутаты
2018 жылдан бастап «BÜNDNIS 90 / DIE GRÜNEN» партиясының федералдық деңгейдегі төрағасы
2021 жылдың 8 желтоқсанынан бастап Федералды сыртқы істер министрі