Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Адам құқығы: Германияның сыртқы саясатының негізі

28.04.2021 - мақала

Адам құқығы: Германияның сыртқы саясатының негізі

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

Универсальный логотип прав человека
Универсальный логотип прав человека© humanrightslogo.net

Осыдан 70 жыл бұрын, 1948 жылы, Парижде әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар жиналып, одан жақсы әлем туралы армандаған: әр адамның қадір-қасиеті қорғалатын әлем. Олар адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Декларация «адам отбасының барлық мүшелеріне тән қадір-қасиет және барлық адамдардың тең және бөлінбейтін құқықтары» идеясына негізделген, әр адамның құқығын мойындайды әрі терінің түсі, жынысы, тілі, діні немесе басқа өлшемдер бойынша айырмашылықтарға жол бермейді. Барлық адамдарда адам құқығы бар, себебі олар ең алдымен, бір-бірінен ажырата алатын белгілерге қарамастан, адамдар.

Әрбір қоғамдастықтың негізі

Германияның адам құқығын қорғауға қатысты міндеттемесі - бұл ел тарихындағы ең қараңғы тараудың сабағы. Сондықтан, Негізгі Заңның 1-бабында адамның қадір-қасиеті және қол сұғылмайтын, ажыратылмайтын құқықтары бүкіл әлемдегі адамдар қауымдастығының, бейбітшілік пен әділеттіліктің негізі ретінде бекітілген. Осылайша, Негізгі Заң тек Германияда ғана адам құқықтарына кепілдік бере тұрмай, бүкіл әлемде адамның қадір-қасиеті мен негізгі бостандықтарын қорғауға міндеттейді.

Моральдық міндеттеме және саяси мүдделер

Адам құқықтарын қорғау тек Негізгі Заңда бекітілген моральдық және халықаралық-құқықтық міндет емес. Адам құқықтарын сақтау Германияның сыртқы саяси мүдделеріне де сәйкес келеді. Бүкіл әлемдегі мысалдар мынаны көрсетеді: адам құқығы бұзылған жерде тұрақты бейбітшілік пен тұрақты даму болмайды, ал бостандық пен адамның қадір-қасиеті қорғанышқа ие болатын қоғамда, шығармашылық пен әл-ауқаттың қозғаушы күші болып табылады.

Германияның Сыртқы істер министрлігінде Федералдық үкіметтің адам құқықтары және гуманитарлық көмек жөніндегі Уәкіл Бербел Кофлерден басқа, адам құқықтарымен арнайы құрылған бөлім айналысады: адам құқықтары және гендер бөлімі. Бірлесе отырып, олар түрлі құралдарды қолданады: ҮЕҰ қолдау бағдарламалары, саяси диалог форматтары, көпшілік алдында мәлімдемелер немесе үнсіз дипломатия көптеген елдердегі адам құқықтарының жағдайын жақсартуға атсалысты.

 Федералдық үкіметтің адам құқықтары туралы 14-баяндамасы: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберіндегі адам құқықтары үшін белсенді іс-әрекеттер (ағылшын тілінде)

Адам құқығының ең жақсы қорғанысы - бұл белсенді азаматтық қоғам

Адам құқықтарын қорғау үшін әсіресе қоғамның қатысуы маңызды болып табылады, бұл құқықтар бұзылған жағдайда, олардан бас тартпау керек. Германия осы аспектке ерекше назар аударады. Германия үкіметтік емес ұйымдармен, діни топтармен, зияткерлік ортаның өкілдерімен және қамқор адамдармен диалог жүргізе отырып, әлемдегі мәселелерге құлшыныспен қарайтын азаматтық қоғамдарға көмектеседі. Себебі азаматтардың мемлекетке тәуелсіз топтар мен қоғамдық форумдарда белсенділік таныту мүмкіндігі - бұл адам құқығының бұзылуынан ең жақсы қорғаныс болып табылады.

«Азаматтық қоғам және адам құқығы» туралы қосымша ақпарат

Германия келісім-шарттардың тарапы ретінде

БҰҰ Жарғысы мен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сүйене отырып, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер адам құқықтарын қорғаудың кешенді келісімдер жүйесін жасады. Германия БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы барлық маңызды келісімдерінің және олардың хаттамаларының қатысушысы болып табылады және тиісті сараптамалық комитеттерге тиісті келісім міндеттемелерінің орындалуы бойынша үнемі есеп беріп тұрады.

«БҰҰ-дағы адам құқығы» туралы қосымша ақпарат

Еуропада сонымен қатар адам құқықтарын қорғау институттарының кең желісі бар. Сонымен қатар, Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ Еуропалық Одақпен қатар негізгі рөл атқарады:

ЕО-та негізгі құқықтарды қорғау

Еуропа Кеңесі

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (сілтеме)

Адам құқықтары саласындағы жобалар

Сондықтан Германия СІМ  жыл сайын әлем бойынша 130 жуық әртүрлі масштабтағы жобаларды қолдайды: ең алдымен өтпелі экономикасы бар елдерде және Африка, Азия, Орталық және Оңтүстік Америкадағы, сондай-ақ Шығыс Еуропадағы дамушы елдерде. Көбінесе, аз мөлшерде болса да, адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

жоғары