Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

100-ден аса қарардан кейін: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен екі жылға шолу

Logo - Deutschland Mitglied des Sicherheitsrats der Vereinten Nationen 2019-2020

Deutschland Mitglied des Sicherheitsrats der Vereinten Nationen 2019-2020, © Auswärtiges Amt/dpa

22.12.2020 - мақала

Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне екі жылдық мүшелігі 2020 жылы аяқталады. Ливия бойынша Берлиндік процесінен бастап, Судандағы жаңа саяси миссия мен жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы науқанға дейін: Оқиғаларға толы екі жылды еске түсіру.

Германия 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Оның екі жылдық мүшелігі 2020 жылдың соңында аяқталады. Алтыншы рет осы рөлде Федеративтік Республика әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ерекше жауапкершілікті өз мойнына алып, халықаралық тәртіпті нығайту үшін жұмыс істеді - БҰҰ негізінде болған көпжақты тәртіп үлкен қысымға ұшыраған кезде.

Әрқайсысы екі жылға сайланатын бес тұрақты және он тұрақты емес мүшелерден тұратын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның халықаралық құқығы бойынша міндетті шешімдер қабылдай алатын жалғыз органы болып табылады. Германия мүше бола отырып, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздіктің маңызды мәселелері бойынша өз  ұстанымын қорғауға, өзекті дағдарыстарға жауап беруге және өзінің басымдықтарын белгілеуге, мысалы, әйелдердің рөлін бейбітшілік процестерінде немесе қарусыздану тақырыбында нығайтуға мүмкіндік алды.

Маңызды тақырыптарға шолу:

  • Ливия: Былтыр Ливиядан жағымды жаңалықтар аз болғанымен, жақында үміт оты пайда болуда. Германия БҰҰ Комиссарымен бірге Ливияны тұрақтандыру үшін саяси процесті бастау жөнінде үздіксіз жұмыс жасады. Германияның Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік үшін күш-жігерін қолдайтын Берлин процесі осыған маңызды. 2020 жылдың басында Берлинде үлкен конференция өтті, онда жанжалдасушы тараптардың жақтаушылары БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш пен Федералдық канцлер Ангела Меркельдің шақыруымен жиналды. Мақсаты: сыртқы ықпалды азайту және осылайша БҰҰ басшылығымен Ливияның ішкі саяси процесін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік Кеңесі конференцияның нәтижелерін 2020 жылдың ақпанында 2510 қарарында бекітті. Германия БҰҰ-ның Ливияға қарсы қару-жарақ эмбаргосын қайта қарау жөніндегі санкциялар комитетінің және ЕО-тың IRINI операциясының төрағасы ретінде қару-жарақ эмбаргосын нақты жүзеге асыруға маңызды үлес қосты. Қазір Ливияда мемлекет бойынша атысты тоқтату күшіне енді. Қараша айының басынан бері 75 ливиялық Тунисте елдің саяси болашағы туралы келіссөздер жүргізіп жатыр және 2021 жылдың желтоқсанына еркін сайлау жоспарланған.
  • Сирия: ұзақ және қатал келіссөздерден кейін шілде айында Сирияға гуманитарлық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін трансшекаралық қарар ұзартылды. Германия Бельгиямен бірге қос шешуші мемлекет бола отырып, осы нәтижеге жету үшін көп күш жұмсады және соңында миллиондаған сириялықтарға көмек көрсету үшін ымыраға келуді ұсынды.
  • Судан: диктатор әл-Башир құлатылғаннан бері Суданда оптимизм рухы пайда болды, елде өтпелі кезең жүріп жатыр. Германия бұл процесті басынан бастап қолдады. 2020 жылы маусымда Германия мен БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш саяси және қаржылық қолдауды жұмылдыру үшін Судан бойынша серіктестік конференциясын өткізді. Қауіпсіздік Кеңесінде Германия Ұлыбританиямен бірге Судандағы БҰҰ-ның жаңа миссиясы бойынша жұмыстарын жүргізді: 2021 жылдан бастап ЮНИТАМС миссиясы (Судандағы БҰҰ Өтпелі көмек миссиясы) алдыңғы ЮНАМИД миссиясын ұстанып, демократияға көшуді ілгерілетуі тиіс.

Ағымдағы дағдарыстар мен саяси мәселелерді шешуден басқа, Германия да өз ұстанымдарын ілгерілетуде:

  • Күн тәртібінде «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік»: Дүниежүзілік жыныстық зорлық-зомбылық қақтығыстарда қару ретінде көбірек қолданылуда. Германия төрағалығы кезінде қабылданған бұған қарсы 2467 қарарымен әрекет етуде. Қауіпсіздік Кеңесінің Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік күн тәртібінен кейін Германия сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға баса назар аударады және болашақта қылмыскерлердің жауапкершілікке тартылуы қатаңдастырылуы тиіс.
  • Қарусыздану / таратпау: Жеңіл қарудан бастап ядролық қарусыздануға дейін: жеті жылдан астам уақыттан кейін Германия ядролық қарусыздану мәселесін Қауіпсіздік Кеңесінің күн тәртібіне қайта қойды, 2019 жылдың сәуірінде Германия төрағалығы айының басты тақырыбы болды. Пандемияға байланысты ядролық қаруды таратпау туралы келісімнің қайта қарау конференциясын 2021 жылға шегіндіруге тура келгенімен, тақырыптар басты назарда қалды: 2020 жылы ақпанда Стокгольм бастамасының 16 мемлекеті Берлин декларациясымен ядролық қарусыздануды жандандыру туралы бастамалар ұсынды. INF-келісімшарттың аяқталуына және New START-тың болашағы белгісіз болуына байланысты бұл Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігінен кейін де Федералдық үкіметтің өзекті мәселесі болып қала береді.
  • Климат және қауіпсіздік: Климаттың өзгеруі Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысында маңызды болып келеді. Климаттық өзгерістер, мысалы, Чад көлі аймағында, Судан немесе Ауғанстанда жаңа қақтығыстар туғызады және бар шиеленістерді күшейтеді. Сондықтан Германия бұл мәселені қарсылыққа қарсы күн тәртібіне қойды: мәселе Қауіпсіздік Кеңесінде жаңадан құрылған бейресми сарапшылар тобы арқылы біржолата бекітілді.

Көпжақтылық үшін альянс

Германияның  Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі кезінде 100-ден аса қарар қабылданыпты. Қазірдің өзінде анық болды: ілгерілеуге тек халықаралық ынтымақтастықтың арқасында қол жеткізуге болады, климаттың өзгеруінен бастап, цифрландыруға дейін көкейтесті сын-қатерлерге тек бірге қарсы тұруға болады. Сондықтан, Қауіпсіздік Кеңесінде алған міндеттемесінен басқа, Германия халықаралық ынтымақтастықты жақтайтын және ұлттық жеке күш-жігерге нақты қарсы  салмақты қалыптастыратын Көпжақтылық үшін альянс құрды. 60 мемлекет бұл бастаманы қолдайды.

Covid-19-пандемиясы көпжақты ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін тағы да анық көрсетуде. Вирустар шекара танымайды - бәрі қауіпсіздікте болғанша, жеке ешкім қауіпсіздікте болмайды. Сондықтан дәрі-дәрмектер, көмекші құралдар мен вакциналар әділ таратылуы керек. Германия сонымен бірге Қауіпсіздік Кеңесінде осы үкім үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді: 2020 жылы тамызда Германия төрағалығы кезінде қабылданған 2532 қарарымен Covid-19 ескере отырып,  Қауіпсіздік Кеңесі жанжалдардан зардап шеккен адамдарға тыныштық беру үшін дүниежүзінде атысты тоқтатуға шақырды.

Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысты болашақта да жалғастыру

Германия болашақта да Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде әлемдегі бейбітшілікті сақтауға өз үлесін қосуды жалғастыруға ниетті. «Соңғы екі жылда біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты орнына лайықты екенімізді дәлелдедік», - деді Сыртқы істер министрі Хайко Маас. «Сондықтан біз сегіз жылдан кейін тұрақты емес орынға үміткер болғымыз ғана келмейді, оған дейін біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болғымыз келеді».


жоғары