Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

«Экологиялық және тұрақты қала» тақырыбындағы француз-герман ой-пікірлер түні

29.01.2021 - мақала
«Экологиялық және тұрақты қала» тақырыбындағы француз-герман ой-пікірлер түні
«Экологиялық және тұрақты қала» тақырыбындағы француз-герман ой-пікірлер түні© Германияның Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігі

28 қаңтарда Германияның Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігі Франция елшілігі, Гете Институты және Қазақстандағы Alliançes Francaises желісімен бірге «Ой-пікірлер түніне» орай онлайн панельдік пікірталас ұйымдастырды. Іс-шара «Экологиялық және тұрақты қала» тақырыбына арналды. Германия, Франция және Қазақстан сарапшылары болашақтың жасыл қаласы мен экологиялық таза мобилділік тұжырымдамаларын талқылады және ірі қалалардағы ауаның ластануы сияқты мәселелердің шешімдерін ұсынды.

«Экологиялық және тұрақты қала» тақырыбындағы француз-герман ой-пікірлер түні
«Экологиялық және тұрақты қала» тақырыбындағы француз-герман ой-пікірлер түні© Германияның Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігі

Германиядан әйгілі «adelphi» сараптама орталығындағы климаттық саясат жөніндегі аға кеңесшісі д-р Тилль Штерцель іс-шараға қатысып, тұрақтылықты арттыру және қалалардағы климаттың өзгеруіне бейімделу перспективаларымен бөлісті. Шетелдегі француз сәулетшілер қауымдастығынан (AFEX) Мадлен Убар мен Жан Робер Мазо тұрақты ғимараттарды жобалау тәжірибелері туралы баяндады. «Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық орталықтан» (СAREC) Шынар Тойлыбаева өзінің тұрақты мобилділік және Орталық Азиядағы экологиялық сектордағы аймақтық ынтымақтастық саласындағы жұмысымен таныстырды. Қазақстандағы «Жасыл академияның» жетекшісі Бақыт Есекина жасыл экономиканың мүмкіндіктері мен әлеуеті туралы ақпарат берді. Іс-шараға журналист және тележүргізуші Амината Айша Уедраого модераторлық етті («Еуразия бірінші арнасы»). Германия және Франция елшіліктерінің мәдени бөлімдерінің басшылары Ларс Хенниг пен Алекс Бортолан іc-шараны құттықтау сөзімен ашты.

Биылғы «Ой-пікірлер түні» Қазақстандағы қоршаған ортаға арналған француз-герман тақырыптық жылды бастады. Бұдан әрі қоршаған орта және тұрақтылық тақырыптарында іс-шаралар мен жарыстар жоспарланған, оны Германия және Франция елшіліктері, сонымен қатар Гете-Институты және Қазақстандағы Alliançes Francaises желісі бірлесіп ұйымдастырады.

Іс-шарамен біз тұрақтылық тақырыбында бұрынғы француз-герман ынтымақтастығымызға сүйенеміз: Өткен жылы Германия мен Франция елшіліктері аталған серіктестермен бірлесіп, Нұр-Сұлтанда 350 астам адам қатысқан «Ой-пікірлер түнін» ұйымдастырды.

жоғары