Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Green Talents Award 2021: өтініш беру кезеңі басталды

Green Talents

Green Talents, © Deutsche Botschaft Nur-Sultan

15.04.2021 - мақала

Green Talents Award 2021: өтініш беру кезеңі басталды

 Тұрақты дамуды зерттеудің танымал қауымдастығына қосыл, Германияның жетекші зерттеушілеріне қол жеткіз және халықаралық инновациялық «жасыл» идеялар алмасуына қатыс!

Бонн, 2021 ж. 7 сәуір. Тұрақты болашақ ақылды жастарды қажет етеді. Сен өз зерттеулерінді  жақсырақ, тұрақтырақ  болашаққа үлес қосу үшін қолдануға тырысасың ба? Сен Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қол жеткізу үшін инновациялық идеялармен жұмыс жасайсың ба? Тұрақты дамуды зерттеудегі неміс тәсілімен қарқынды айналысқың келе ме?

 „Green Talents“ - тұрақты даму саласындағы жоғары әлеуеті бар кәсіпқойлардың халықаралық форумы биылғы бағдарламаға қатысуға өтініш беруге шақырады. Өзіннің инновациялық идеяларынды ұсын және неміс ғылыми-зерттеу мекемелерімен және халықаралық зерттеушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қала. Өз үлесіңді қосып, қатыс!

Green Talents Award 2021 келесіні қамтиды:

▪2021 ж. қазанында өтетін 7 күндік виртуалды ғылыми форумға шақыру: - озық зерттеулері мен жобалары туралы виртуалды эксклюзивті ақпарат беретін, тұрақты даму тақырыбын зерттейтін Германияның жетекші институттары мен компаниялармен бірге «Ғылыми сессиялар»,

- болашақтағы бірлескен ғылыми-зерттеу ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу үшін сен таңдаған неміс мамандарымен виртуалды кездесулер,

- тұрақты даму мақсаттарына және академиялық мансабыңызды көтеруге арналған кең ауқымды семинарлар,

- «Green Talents» бағдарламасының басқа қатысушыларымен, қатысатын түлектермен және зерттеушілермен байланыс орнату мүмкіндігі;

- Барлық лауреаттар және таңдалған қонақтардың қатысуымен ресми виртуалды марапаттау рәсімі

▪ 2022 жылы сен таңдаған неміс мекемесінде үш айға дейін толығымен қаржыландырылатын ғылыми зерттеу,

▪ «Green Talents» түлектердің эксклюзивті қауымдастығына қолжетімділік

Қосымша ақпарат

«Green Talents» бағдарламасы 2009 жылдан бастап Федералдық білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылып келеді және Бундестаг мүшесі, Федералды білім және ғылым министрі Анья Карличек ханымның қамқорлығында тұр. Жыл сайын 25 халықаралық жас зерттеушілерді марапаттай отырып, конкурс тұрақты даму саласындағы инновациялық «жасыл» идеялардың жаһандық алмасуын ілгерілетуде өте сәтті. Осы уақытқа дейін 72 елден 282 көрнекті ғалым жетістіктері мен өз қоғамдастықтарында, елдерінде және аймақтарында тұрақтылықты арттыруға деген қызметтері үшін марапатталды. 

Кәсіби жұмыс өтілі үш жылдан аспайтын магистранттар, докторанттар, постдоктар және жас мамандар ғана өтініш бере алады (ғылыми дәреже аясында алынған кәсіби тәжірибе саналмайды). Зерттеу тұрақты дамуға бағытталуы керек. Үміткерлер ағылшын тілін өте жақсы меңгергенін және орташа деңгейден жоғары бағаларға ие болғандарын көрсетулері керек. Егер сенде Германия азаматтығы болмаса немесе Германияда тұрғылықты мекенін болмаса, бірақ неміс ғылыми қоғамдастығына мен жетекші сарапшыларымызбен ынтымақтастыққа қызығушылық танытсаң, дәл қазір өтініш бер!

Қосымша ақпаратты, байқау үнпарағы мен байқау трейлерін www.greentalents.de сайтынан таба аласыз. Бізді Twitter -де де қадағала.

Өтініш берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 19 мамыры, 14.00 CEST.

жоғары