Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Сыртқы істер министрі Маастың Ораза айтқа орай құттықтауы

Ид аль-Фитр

Ramadan, © colourbox.de

12.05.2021 - мақала

Барша мұсылмандарға Рамазан айының аяқталуына орай Ораза айт мейрамы мүбәрак болсын деп тілеймін!

Bundesaußenminister Heiko Maas
Bundesaußenminister Heiko Maas© Thomas Imo/photothek.net

Әлемдік коронавирус пандемиясы 2021 жылы да екінші жыл қатар мерекелік іс-шараларға әсерін тигізуде. Өткен жылы бүкіл әлем бәрімізді шамамыздың шегіне келтірген және шамадан тыс ауыртпалық салған  қиындықтар мен айтқысыз көлеміндегі шектеулерге тап болды.

Осы қиын-қыстау кезеңде Ораза айттың негізгі идеялары – жақындарына тілектестік білдіріп, оларды қолдау – одан аса маңызды бола түсуде. Араларындағы қатынастарын тек жеке адамдар ғана емес, сонымен қатар халықаралық қоғамдастық та өзінің шеңберіндегі қатынастарын осы қағидаларды одан да берік ұстанып құрғанын қалаймын. Бұл вакциналардың әділ таратылуы, әлемдегі көптеген қақтығыстардың құрбандарына деген қолдауымызға да қатысты.

Өйткені коронавирус пандемиясы басталғаннан кейін екінші Ораза айт мейрамын қарсы алу кезінде, өкінішке орай, біз пандемияның қақтығыстарды тоқтата алмайтынын көріп отырмыз. Керісінше: қай жерде гуманитарлық қажеттілік ерекше орын алған болса, оны осы ауру одан әрі күшейтеді. Сондықтан көңілім осы күндері шайқастар, табиғи апаттар салдарынан, босқындыққа мен қуғын-сүргінге ұшырағандықтан мен  аурудың салдарынан Ораза айтты мерекеле алмай отырғандармен  бірге. Бірақ олардың бір нәрсеге сенімді болуы керек. Германия қақтығыстарды тоқтату және мұқтаж жандарға гуманитарлық көмек көрсету әрекеттерін бәсеңдетпейді.

жоғары