Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл

30 Years Together Logo

30 Years Together Logo, © Auswärtiges Amt

09.02.2022 - мақала

2022 жылдың 11 ақпанында біз Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуын атап өтудеміз. Дипломатиялық-бюрократиялық актімен, яғни «вербалдық ноталармен» басталған алмасу қазір көп қырлы, жанды және қарқынды қарым-қатынастарға айналды. Биылғы мерейтой бізге қорытынды жасауға, сонымен бірге болашаққа оптимистік көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

 

Германия Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Соңғы 30 жылда біздің елдеріміз саяси болсын, экономикалық болсын немесе мәдени салаларда берік әрі сенімді байланыстар орнатты.

Президент Казахстана Токаев и Бундесканцлер Меркель
Канцлер Ангела Меркель (слева, ХДС) и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев обмениваются рукопожатием в конце пресс-конференции после беседы в Федеральной канцелярии.© dpa

Осы үш онжылдықта Қазақстан халықаралық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын заманауи мемлекет құрды. Германия Қазақстанды аймақтағы және халықаралық форумдардағы маңызды шабыт көзі ретінде, Ауғанстандағы қақтығыс сияқты аймақтық мәселелер бойынша немесе ядролық қарусыздану сияқты халықаралық проблемалар бойынша байланыс орны ретінде, сондай-ақ жаһандық экологиялық және климаттық мақсаттарды жүзеге асырудағы серіктес ретінде бағалайды.

ЕО да біздің екіжақты қарым-қатынасымызды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Алғаш рет 2007 жылы ЕО Кеңесіне Германияның төрағалығы кезінде әзірленіп қабылданған және кейін 2019 жылы жаңартылған ЕО-ның Орталық Азия стратегиясы орталық анықтамалық құжат болып табылады. ЕО мен Қазақстан арасындағы кеңейтілген әріптестік туралы келісім қазір де ынтымақтастықты нығайтудың маңызды бастамасы болып табылады.

 

Экономикалық салада да қарым-қатынасымыз өте тығыз. Германияның Орталық Азиямен саудасының бестен төрт астамы Қазақстанның үлесіне тиеді. Қазақстанда барлығы 200-ден астам неміс компаниясы жұмыс атқаруда. Керісінше, ЕО Қазақстанның ең маңызды сауда серіктесі болып табылады.

 

Екі ел арасындағы мәдени байланыстар да осындай тағыз. Алматыда орналасқан Қазақстан Гёте-Институты елдеріміз арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытады және өзінің төрт тілді оқыту орталығымен неміс тілін үйренуге мүмкіндіктер ұсынады. Қазақстанда орналасқан PASCH бастамасының 15 неміс серіктес мектебі де неміс тілін ілгерілетуге, жалпы білім беру саясатымен алмасуға қызмет етеді. Университет деңгейінде Қазақ-Неміс Университеті (ҚНУ) бірлескен флагмандық жоба болып табылады. ҚНУ Орталық Азиядағы ең маңызды неміс университетінің жобасы және логистика, аймақтық су ресурстарын басқару немесе жаңартылатын энергия сияқты болашақ мамандықтар үшін академиялық хаб болып табылады.

Федеральный президент Штайнмайер в Казахстане
Федеральный президент Франк-Вальтер Штайнмайер и его супруга Эльке Бюденбендер прибыли на открытие национального дня Германии на всемирной выставке ЭКСПО-2017 в Астане (Казахстан) 12 июля 2017 года. Посещение всемирной выставки – в центре внимания трехдневного визита Штайнмайера и его супруги в Казахстан. Фото: Bernd von Jutrczenka/dpa ++© dpa

Қазақстандағы неміс диаспорасы мен Германиядағы Қазақстаннан шыққан көптеген немістер де екіжақты қарым-қатынасымызда маңызды рөл атқарады. Олар серпінді «табиғи көпір» құрайды және біздің екі ел арасында жиі кедергісіз қозғалуда. Қазақстан немістері біздің қарым-қатынасымыздың берік негізі болып табылады. Атап айтсақ, «Қазақстандағы немістердің «Возрождение» қауымдастығы» қоғамдық қоры өз тілдік, білім беру және жастармен жұмыс істеу қызметімен қазақ-герман достығына өлшеусіз үлес қосып келеді. 2021 жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ-Неміс орталығының ашылуы осы достықтың айқын белгісі болып табылады. Орталық неміс диаспорасының қызметін біріктіреді және елорда Нұр-Сұлтанда Германияның «визитная карточкасы» болып табылады.

Германия мен ЕО алдағы онжылдықтарда да сенімді серіктес ретінде Қазақстанды қолдайтын болады. Сондықтан биылғы мерейтой бізді қол жеткізген жетістіктермен тынығуға шақырмауы керек. Өйткені, алдағы уақытта бірлесіп шешуді қалайтын міндеттер көп.

Бір ғана мысал, Президент Тоқаевтың реформалық бастамалары. Демократияны нығайтып, қоғамдағы құрылымдарды жаңғырту елді ілгерілетіп, халықаралық ұстанымын одан әрі нығайта түсетініне сенімдіміз. Германия бұл үдерісті сүйемелдеуге әрқашан дайын. Мысалы, GIZ Қазақстандағы ең соңғы әкімшілік құқық реформасын жүзеге асыруға айтарлықтай қолдау көрсетуде.

Германия да, Қазақстан да өз алдына мақсат етіп қойған ұлттық экономикаларымызды көмірсіздендіру де байланыс нүктелерін ұсынады. Неміс компаниялары тәжірибесі, тұрақты инвестициялары және заманауи технологиялары арқылы Қазақстан 2060 жылға қарай ұмтылып отырған климаттық бейтараптыққа қол жеткізуге маңызды үлес қоса алады.

Қазақстан Германияның «Жасыл Орталық Азия» бастамасында да маңызды рөл атқарады. «Жасыл Орталық Азиямен» біз аймақтағы климатқа әсер ету және қақтығыстардың алдын алу бойынша трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқымыз келеді.

Біз мерейтойлық жылды Сіздермен бірге құруды және алдағы жылдарда біздің өте алуан түрлі қарым-қатынастар желісін одан әрі тығыз байланыстыруды асыға күтеміз. Біздің әлеуметтік медиа арналарымызда бірге болыңыз және біздің іс-әрекеттеріміз бен оқиғаларымыз туралы хабардар болыңыз.

жоғары