Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Германия елшілігінің Халықаралық әйелдер күніне орай мәлімдемесі

Außenpolitik braucht starke Frauen!

Außenpolitik braucht starke Frauen!, © Thomas Imo/photothek.de

07.03.2022 - мақала

8 наурыз күні Алматыда феминистік ұйымдар мен әйелдер құқығын қорғаушылардың бірлескен ұйымдастыру комитеті Халықаралық әйелдер күніне орай бейбіт шеру ұйымдастырады. Біз Қазақстан әйелдерін және ұйымдастырушыларды осы маңызды қадаммен құттықтаймыз. Жауапты органдардың демонстранттарға бейбіт демонстрациялар өткізу құқығын жүзеге асыруға және әйелдер құқықтары, гендерлік әділеттілік және феминизм үшін көзге көрінетін белгі беруге мүмкіндік беріп, заңды түрде демонстрацияға рұқсат беруін құптаймыз.

Өткен жылы Алматыда өткен «Әйелдер шеруі» алғаш рет Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық қатысушыны жинады. Биылғы демонстрация осыған жалғастырылады және бейбіт жиынның осы маңызды мәселеге қалай назар аудара алатынын көрсетеді. Іс-шараға 140-тан астам адам қайырымдылық жасады және еліміздің бірнеше қаласынан қатысушылар күтілуде. Бұл қазақстандық азаматтық қоғамның белсенді қатысуы мен жұмылдыру әлеуетін көрсетеді.

Әйелдердің құқықтарын дүние жүзінде ілгерілету Германияның сыртқы істер саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады. Біз әйелдер құқықтары мен ерлер мен әйелдердің теңдігін нығайту үшін екіжақты және көпжақты форумдар аясында жұмыс жасаймыз. Өйткені бір нәрсе анық: әйелдер құқығы - бұл адам құқығы және гендерлік теңдік қоғамдағы барлық адамдарға пайдалы, бұл саяси және экономикалық сананың белгісі.

Біз Қазақстандағы гендерлік теңдікті ілгерілетудегі тұрақты қолдауды құптаймыз. Көптеген жетістіктерге жеткенмен, бір нәрсе анық: Қазақстанда болсын, Германияда болсын, басқа елдерде болсын, әлі де көп жұмыс істеу керек. Прогресс өздігінен пайда болмайды, ол бәріміздің міндетімізге байланысты. 8 наурызда Алматыда өтетін бейбіт шеру осы бағыттағы маңызды қадам.

жоғары