Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Білікті мамандардың иммиграциясы

FAQ

Осы жерде Сіз Германиядағы білікті иммиграция және жұмысқа орналасу туралы сұрақтарыңызға жауап таба аласыз.

FAQ

Еңбек қызметін бастамас бұрын, аталған жұмысты атқаруға құқық беретін тұруға рұқсат алуыңыз қажет*. Германияға кірмес бұрын, Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша Германияның шетелдегі өкілдігіне (Елшілікке немесе Бас консулдыққа) виза алуға өтініш тапсыруыңыз керек**. Көп жағдайда виза тек жұмыспен қамту жөніндегі Федералдық агенттігінің рұқсатымен беріледі. Мұндай рұқсатты әдетте шетелдегі дипломатиялық өкілдік алады. Егер барлық талаптар орындалған болса, Сіз белгілі бір мерзімге ұлттық виза аласыз. Осы уақыт аралығында шетелдіктерге арналған мекемеден Германияда тұруға рұқсат алуыңыз керек.

ЕО заңнамасына сәйкес еркін жүріп-тұруға және жалпы тұруға құқылы азаматтарға осы талаптар қолданылмайды. Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер, Норвегия, Исландия, Лихтенштейн және Швейцария азаматтары еркін жүріп-тұруға және жалпы тұруға құқылы; олар Германияға визасыз кіре алады және оларға жұмыс істеу рұқсаты қажет емес. Олармен бірге баратын үшінші елдің азаматтығын алған отбасы мүшелері, әдетте, жеңілдетілген тәртіппен кіру визасын алуы керек. Германияға кіргеннен кейін олар барлық жерде еркін жүріп-тұруға құқылы, туыстары да бірдей артықшылықтарға ие. 

** Австралия, Ұлыбритания, Израиль, Жапония, Канада, Корея Республикасы, Жаңа Зеландия және Америка Құрама Штаттарының азаматтарына кіру үшін виза қажет емес. Шетелдіктерде арналған мекемеден Сіз Германияда болашақ тұрғылықты жеріңіз бойынша тұруға рұқсат қағазын сұрай аласыз. Егер Сіз келгеннен кейін дереу жұмысқа кіріскіңіз келсе немесе ықтияр хат алғанға дейін жұмысқа кіріссеңіз, онда Сіз виза алуыңыз қажет.

Кәсіби білімі бар маман мен жоғары білімді маманның айырмашылығы бар. Шет елде берілген дипломдар Германияда танылуы керек. Кәсіби білімі бар маманың кәсіби біліктілігі болуы қажет, оны игеру үшін Германияның заңнамасында ұзақтығы кемінде екі жыл оқу мерзімі қарастырылған.

Академиялық білімі бар білікті жұмысшылардың танылған университет дипломы немесе неміс университетінің дипломымен салыстырылатын дипломы болуы керек. Білікті жұмысшылар тек білікті жұмыста ғана жұмыс істей алады.


Білікті маман ретінде Сіз еңбек қызметіңізді жүзеге асыру мақсаты үшін болуға берілетін рұқсатты ала аласыз, егер:

·         Сіздің шет елде алған біліктілігіңіз Германияда жарамды деп танылса*; 

·         Сіз жұмысқа орналасуға нақты ұсыныс алып қойған болсаңыз. Ол үшін Сіз болашақтағы жұмыс берушіңізден «Еңбек қатынастары туралы өтінішке» арналған форманы толтыруды сұрауыңыз керек (Erklärung zum Beschäftigunsverhältnis) **; 

·         Егер сіз жұмысқа рұқсат алсаңыз (немесе жұмысқа кепілдік берілген болса) немесе реттелетін мамандықта жұмыс істегіңіз келсе*** (мысалы, денсаулық сақтау саласында);

·         Сіз шетелдіктерге қатысты жалпыға бірдей талаптарды орындасаңыз, мысалы, жарамды төлқұжат, өмір сүруге қаражатыңыздың бар болуы т.с.с.

·         Визалық өтінішті қойылатын барлық талаптар орындалған соң және құжаттардың толық құрамы жинақталғаннан кейін ғана беру керек. Егер Сіздің шет елде алған біліктілігіңіз әлі мойындалмаған болса, онда Сіздің виза алуға берген өтінішіңіз қарастырылмайды.

* Егер Сіз кәсіби немесе жоғары білімді Германияда алған болсаңыз, онда оны мойындаудың қажеті жоқ. Шет елде алған біліктілікті мойындауды әр түрлі мекемелер жүзеге асырады. Ол туралы ақпаратты Сіз осы жерден таба аласыз:

- www.make-it-in-germany.com

- www.Anerkennung-in-Deutschland.de

- «Германияда жұмыс істеу және өмір сүру» жедел желісі: +49 30 1815 – 1111

- Zentralstelle für ausländisches Bildungswesen

Егер Сіздің жоғары біліміңіз болса және Сіз уақыт тәртібі белгіленбеген мамандық бойынша жұмыс істегіңіз келсе, онда Сіздің жоғары білім алғандығыңыз туралы дипломыңыздың дерек қорда anabin көрсетілуі жеткілікті болуы мүмкін. Одан арғы ақпаратты Сіз осы жерден табасыз: https://anabin.kmk.org/anabin.html


** Формулярды осы жерден жүктеп алуға болады.

Erklärung zum Beschäftigungsverhältnis 

Zusatzblatt A zum Formular „Erklärung zum Beschäftigungsverhältnis"   (біліктілікті тану үшін виза алуға өтініш бергенде ғана).

Zusatzblatt B zum Formular "Erklärung zum Beschäftigungsverhältnis" (виза алуға өтініш берген кезде тек қана іссапарға жіберілген мамандарға, компанияның ішінде аустыруға жататын мамандарға (ICT), персонал алмасу шеңберінде келетін мамандарға).

Қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру жүйесіне аударымдармен қамтамасыз ету керек. Іссапарға жіберілген мамандар үшін арнайы ережелер бар.

*** Уақыты белгіленген мамандықтар туралы ақпаратты Сіз осы жерден таба аласыз:

www.anerkennung-in-deutschland.de

https://web.arbeitsagentur.de/berufenet/ergebnisseite/reglementierte-berufe?berufecluster=reglementiert  Кәсіби қызметке рұқсат беретін мекемелер, сондай-ақ, Сіздің біліктіліктігіңіз жөнінде де шешім қабылдайды.





Осы жерден Сіз визалардың әртүрлі түрлері туралы ақпаратты таба аласыз: https://www.make-it-in-germany.com/de/visum-aufenthalt/arten/arbeiten-fachkraefte

Сіз шетелде алған кәсіби біліміңіздің тең дәрежелілігі анықталған жағдайда, білікті жұмыс атқаруға арналған тұруға рұқсат ала аласыз. Бұл басқа мамандықтарда да жұмыс істеуге мүмкіндік бар дегенді білдіреді. Алайда көмекші және үйретуді қажет ететін жұмыстар бұл санатқа кірмейді, кез келген жағдайда ол білікті жұмыс болуы тиіс. Білікті жұмыс екендігі Федералдық еңбек агенттігі тарапынан тексеріледі.

Иә. Бірақ бұл үшін арнайы талаптар орындалуы тиіс. Егер Сіз ЕО-ның Көк картасын ала алмасаңыз және жылдық жалпы табысыңыз белгілі бір сомадан төмен болса (жалпы зейнетақы сақтандыруындағы жылдық жарнаның есептік шегінің 55%-ынан төмен), онда Сіз қосымша түрде жеткілікті зейнетақылық қамтамасыз етілуіңіз бар екенін дәлелдеуге міндеттісіз. Бұл үшін шыққан еліңіздегі немесе басқа мемлекеттердегі міндетті зейнетақы сақтандыруындағы бар құқықтарыңыз, жеке зейнетақы немесе өмірді сақтандыру шарттарыңыз, сондай-ақ жылжымайтын мүлік немесе өзге де мүліктеріңіз есепке алынуы мүмкін. Сізден осындай дәлелдер талап етілетінін-етілмейтінін нақты жағдайда Федералдық еңбек агенттігінен немесе визалық өтінішіңізді қарайтын шетелдік өкілдіктен біле аласыз.

Сіз мемлекеттік немесе жеке ғылыми-зерттеу мекемесімен ғылыми жоба жүргізуге арналған қабылдау туралы келісім жасасқан жағдайда, зерттеушілерге арналған тұруға рұқсат алуға өтініш бере аласыз. Сіздің біліктілігіңізді арнайы тану рәсімі талап етілмейді. Дегенмен, кем дегенде докторантура бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік беретін жоғары білім дипломыңыз болуы қажет. Зерттеушілерге арналған тұруға рұқсат еңбек шартының жасалуын міндетті түрде талап етпейді; мысалы, мұндай рұқсатқа стипендиаттар да өтініш бере алады. Егер Сіз ЕО-ның Көк картасына қойылатын талаптарға да сай келсеңіз, осы карта мен зерттеушілерге арналған тұруға рұқсаттың бірін таңдай аласыз.

Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз:

https://www.make-it-in-germany.com/de/visum-aufenthalt/arten/weitere/forschen

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жұмыс істеген жағдайда, Сізге білікті маман ретіндегі кәсіби құзыреттілігіңізді растайтын құжат тапсырудың қажеті жоқ.

Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз:
https://www.make-it-in-germany.com/de/visum-aufenthalt/arten/weitere/it-spezialisten

Маманның біліктілігіне қарамастан, тұруға ықтиярхат Жұмыспен қамту туралы заңмен реттелетін кәсіптер бойынша берілуі мүмкін. Оларға, мысалы, компаниялардағы жоғары лауазымды қызметкерлер, кейбір жұмысқа жіберілген қызметкерлер, кәсіби жүргізушілер, мамандандырылған аспаздар, өнер адамдары, спортшылар, белгілі бір тағылымгерлер, келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер жатады (Сонымен қатар толығырақ: https://www.make-it-in-germany.com/de/visum-aufenthalt/arten/weitere)

Сонымен қатар, кейбір елдердің* азаматтары кез келген мамандық бойынша жұмыс істеуге рұқсат ала алады. Егер Сіз реттелетін кәсіпте жұмыс істегіңіз келсе, Сізге сол кәсіппен айналысуға лицензия берілуі немесе кепілдендірілген болуы керек. Көп жағдайда Федералдық жұмыспен қамту агенттігі келісімін беруі керек. ICT-картасы басшылардың, мамандардың және тағылымдамадан өтушілердің іссапарларына (компанияның ішінде өтетін ауыстыру) берілуі мүмкін.

*Бұл келесі елдер:

Андорра, Австралия, Израиль, Жапония, Канада, Корея Республикасы, Монако, Жаңа Зеландия, Сан-Марино, АҚШ (Жұмыспен қамту туралы Жарлықтың 26 §, 1 тармағы), сондай-ақ Албания, Босния және Герцеговина, Косово, Солтүстік Македония, Монтенегро мен Сербия (Жұмыспен қамту туралы Жарлықтың 26 §, 2 тармағы).

Білікті маманның жұбайы, сондай-ақ оның кәмелетке толмаған балалары (яғни негізгі отбасы) отбасын қосу мақсатында визаға өтініш бере алады. Өтініштерді білікті маман өз визасына өтініш берген сәттен бастап-ақ тапсыруға болады.

Сіз білікті маман ретінде алты айға дейін өзіңіздің біліктілігіңіз сәйкес келетін жұмыс орнын іздеуге визаға өтініш бере аласызегер шетелдік біліктілігіңіз мойындалған болсаЕгер Сіз реттелетін кәсіпте (мысалыденсаулық сақтау саласындажұмыс істегіңіз келсекәсіби қызметпен айналысуға рұқсаттың берілгенін немесе оған кепілдік берілгенін растауыңыз қажетКәсіби білімі бар мамандар жоспарланған қызметке сәйкес келетін неміс тілін білуін дәлелдеуі тиісәдетте Вдеңгейінде**

Бұл виза арқылы Сіз тиісті сынақтық жұмысты аптасына он сағатқа дейін атқара аласыз.

Бұл тұруға отбасы мүшелерін әкелу әзірге көзделмеген.

** Егер Сіз кәсіптік біліміңізді немесе жоғары оқу орнын Германияда тәмамдаған болсаңыз, мойындау талап етілмейді. Шетелдік біліктілікті мойындауға әртүрлі мекемелер жауапты. Ақпаратты төменде таба аласыз.

www.make-it-in-germany.com

www.Anerkennung-in-Deutschland.de

- «Германияда жұмыс істеу және өмір сүру» жедел желісі: +49 30 1815 - 1111

Zentralstelle für ausländisches Bildungswesen

Егер Сізде жоғары білім болса және Сіз реттелмеген мамандық бойынша жұмыс істеуге ниет білдірсеңіз, онда Сіздің жоғары білім туралы дипломыңыздың anabin деректер базасында көрсетілуі жеткілікті. Қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз: https://anabin.kmk.org/anabin.html

Егер Сіздің шетелде алған кәсіптік біліміңіз толық мойындалмаса және оны Германиядағы тиісті біліммен салыстырғанда жетіспеушіліктер анықталса, Сіз Германияда біліктілікті арттыру шараларынан өту мүмкіндігіне ие боласыз, ол Сіздің біліміңіздің толық мойындалуын қамтамасыз етеді. Мұндай бейімдеу шараларына арналған тұру мерзімі 18 айды құрайды, барлығы ең көп дегенде екі жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Алғышарт ретінде әдетте кемінде А2 деңгейіндегі неміс тілі білімі талап етіледі. Бейімдеу шарасымен қатар жұмыс істеуге белгілі бір шектеулермен рұқсат етіледі.

Федералдық еңбек агенттігі таңдаулы елдердің еңбек органдарымен белгілі бір кәсіптік топтар бойынша жасайтын келісімдерінің шеңберінде, мойындау рәсімін Германияда өткізуге және онымен қатар жоспарланған жұмысты орындауға мүмкіндік бар.

Иә, Cіз Германияға мектепте білім алу немесе өндірістік тәжірибеден өту үшін келе аласыз. Сондай-ақ, дайындық немесе мамандандырылған (мамандық бойынша) тілдік курстарға бара аласыз. Кәсіби білім алуды бастау үшін, Сіз В1-ден төмен емес деңгейге сәйкес келетін деңгейде неміс тілін меңгергеніңіз туралы куәлікті ұсынуға тиіссіз. Бұл қажетті тілдік білімді дайындық тілдік курстары шеңберінде сатып алу жоспарланып отырған немесе олардың болуын білім беру мекемесі растаған жағдайларға қатысты емес.

Кәсіби оқытумен қатар ұзақтығы аптасына жиырма сағаттан аспайтын еңбек қызметіне рұқсат етіледі.

Егер Сіздің жасыңыз 35-тен аспаса, кәсіби оқу орнын табу мақсатында Германияға  келе аласыз; ол үшін, басқалармен қатар, В1 деңгейінде неміс тілін білу және шетелдегі неміс мектептерінің бірінде алған немесе жоғары оқу орнында оқуға құқық беретін мектеп білімі болуы қажет. Мұндай мақсатта Германияда тұруға тоғыз айға дейінгі мерзім ішінде мүмкіндік бар.

Сіз жоғары білім алу үшін бара аласыз, сонымен қатар дайындық шараларынан, мысалы, тіл курстарынан өтуге болады. Оқумен қатар, жылына 140 күнге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ оқуға дайындық үшін Германияға тағылымдамадан өтуге болады. Сондай-ақ университетте орын табу үшін Германияға тоғыз айға дейін келуге болады. Осындай тұру кезінде аптасына жиырма сағаттан аспайтын жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Егер Сіз жұмыс орнын тапқан болсаңыз, Сіз жұмыс берушіні жоспарланған жұмыс орны бойынша Шетелдіктер істері жөніндегі ведомстводағы мамандарға арналған жеделдетілген рәсім туралы* өтініш беру жөнінде уәкіл ете аласыз. Шетелдіктер істері жөніндегі ведомство Сіздің жұмыс берушіңізге кеңес береді және Сіздің шетелде алған біліктілігіңізді тануға өтініш берген кезде оған қолдау көрсетеді. Ол тиісті санкцияны алу үшін, Федералдық жұмыспен қамту агенттігіне жүгінеді. Біліктілікті тануды жүзеге асыратын ведомстволар мен Федералдық жұмыспен қамту агенттігі белгіленген мерзімде шешім қабылдауы тиіс. Бұл рәсім үшін төленетін баж 411 еуроны құрайды. Сонымен қатар, біліктілікті тану үшін де баж алынады. Егер барлық шарттар орындалса, Шетелдіктер істері жөніндегі ведомство алдын ала келісім деп аталатын келісім береді, оны Сіздің жұмыс берушіңіз Сізге жібереді. Алдын-ала келісім алғаннан кейін, Сіз үш апта ішінде болуы тиіс визаға құжаттар тапсыру үшін, Сіз шетелдік өкілеттікке қабылдауға жазыла аласыз. Шетелдік өкілеттікке Сіз алдын ала келісімнің түпнұсқасын және басқа да құжаттарды* ұсынуға тиістісіз. Шетелдік өкілеттікте виза алуға өтініш туралы шешім, әдетте, алдағы үш апта бойы қабылданады. Визалық алым - 75 евроны құрайды.

* Мамандар үшін жеделдетілген рәсім келесі жағдайларда мүмкін:

- кәсіптік білімі бар мамандар

- жоғары білімді мамандар

- біліктілігі жоғары мамандар

- зерттеушілер / ғалымдар

- басшылық қызметкерлер

- кәсіби оқыту

- шетелде алған кәсіби біліктілігін тану жөніндегі іс-шаралар

- сондай-ақ еңбек қызметінің кейбір басқа түрлерінде (https://www.make-it-in-germany.com/de/fachkraefteeinwanderung-mit-dem-beschleunigten-fachkraefteverfahren-wie-funktioniert-es  қараңыз).

** Болашақта Сіз тиісті дипломатиялық өкілдіктің веб-сайтында өтініш берген кезде тапсыру қажет құжаттар тізімін таба аласыз  .


Мамандарға арналған жеделдетілген рәсім тек мамандарға және басқа да салыстырмалы санаттағы адамдарға арналған. Сіздің жұмыс берушіңіз федералдық жұмыспен қамту агенттігінде алдын-ала келісім беру туралы өтініш бере алады. Алайда, федералдық жұмыспен қамту агенттігі жұмысқа орналасуға қатысты талаптардың орындалуын ғана тексереді, бірақ виза алуға қатысты басқа талаптардың орындалуын тексермейді. Маманның біліктілігін тану кезінде Сізге қолдау қажет болса да, бұл жағдайда аталған рәсім қолайлы емес. Оны мақсатқа сай пайдалану, мысалы, егер жұмыс беруші Сізді Германияға жұмыс істеуге уақытша жіберген жағдайда ұсынылады.

Атап айтқанда, ақпарат пен консультацияларды:

·         Германия үкіметінің шетелдік мамандарға арналған «Make it in Germany» «www.make-it-in-germany.com» ақпараттық порталында,

·         шетелде алған кәсіби біліктілігін мойындау рәсімдерінің сұрақтары бойынша Германия үкіметінің «www.anerkennung-in-deutschland.de» ақпараттық порталында,

·         біліктілікті тану сұрақтары бойынша «Германияда жұмыс істеу және өмір сүру» жедел желісіндегі кеңесшілерден онлайн  немесе +49 30 1815 - 1111 телефоны бойынша,

·         біліктілікті тану бойынша орталық сервистік бюрода (Zentrale Servicestelle Berufsanerkennung, ZSBA) (01.03.2020 ж. бастап) және

·         шетелде әртүрлі консультацияларды пайдалана отырып, алуға болады (мысалы, әртүрлі сыртқы сауда палаталары ұсынатын «Pro Recognition» шеңберінде біліктілікті тану бойынша консультациялар; тізбені сіз мына жерден таба аласыз: www.anerkennung-in-deutschland.de).

жоғары