Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Германияның Қазақстандағы өкілдіктеріЕлшілік және консулдық
Егер Сіз жұмыс берушіні тауып алған болсаңыз, Сіз оған болашақ тұрғылықты жеріңізде орналасқан шетелдіктер істері жөніндегі мекемесіне құжаттарыңызды жедел өңдеуге үшін өтініш тапсыруға рұқсат бере аласыз. Бұл процедураның ақысы 411 еуроны құрайды. Визаны рәсімдеу және, мүмкін, Сіздің кәсіби біліміңізді тану үшін қосымша төлем алынады.
Шетелдіктер істері жөніндегі мекемесі және Федералдық жұмыспен қамту агенттігімен тексерілетін барлық талаптарына сәйкес келсеңіз, шетелдіктер істері жөніндегі мекеме алдын ала рұқсат деп аталатын құжатты береді. Жұмыс беруші Сізге осы алдын ала рұқсаттың түпнұсқасын жіберуі керек. Алдын ала рұқсат алғаннан кейін, визаға өтініш беру үшін бір күн белгіленеді. Ол үшін дипломатиялық өкілдікке (Алматыдағы Бас консулдық немесе Астанадағы Елшілік) байланыс нысаны арқылы хабарласыңыз. Сіз оларға шетелдіктер істері жөніндегі мекемесінен алдын ала рұқсат алғаныңызды хабарлауыңыз керек. Содан кейін Сіз белгілі бір күнге жазыласыз және Сізге визаға өтініш тапсыру үшін керек құжаттар тізімі жіберіледі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кең кәсіби біліміңіз болса, Сіз елде немесе шетелде кәсіптік біліміңізді растамай немесе жоғары біліміңізді растамай-ақ осы салада жұмыс істеу үшін виза алуға өтініш бере аласыз.
Бұл жағдайда Сіз келесі талаптарға сай болуыңыз керек:
- Сіз соңғы жеті жылда мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс істегеніңізді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіби білім алумен салыстыруға болатын тиісті кәсіби тәжірибе мен біліктілікке ие болғаныңызды растауыңыз керек.
- Сіз жалпы жылдық жалақысы кемінде 52 560 еуро болатын нақты жұмыс ұсынысын көрсетуіңіз керек.
- Сіз жалпы еуропалық тілдің меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің B1 деңгейінде неміс тілінде сөйлеуіңіз керек (неміс тілін білу кейбір жағдайларда талап етілмейді, мысалы, егер Сіз өз жұмыс үшін тек ағылшын тілін білу қажет екенін дәлелдей алсаңыз).
Жоғарыда аталған талаптардың барлығына сәйкес келетін болсаңыз, байланыс нысаны арқылы дипломатиялық өкілдікке (Алматыдағы Бас консулдық немесе Астанадағы Елшілік) хабарласыңыз. Жауапты өкілдік Сізге виза алу үшін қажет құжаттар тізімін жібереді. Астанадағы Германия елшілігінде немесе Алматыдағы Бас консулдықта алдын ала жазылу жүйесі арқылы жазылуыңызды сұраймыз.