Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

CrossCulture Programm 2027 стипендиясы 

Institut für Auslandsbeziehungen логотипі

"Institut für Auslandsbeziehungen" логотипі © ifa

кк.АА.жжжж - мақала

2005 жылдан бастап CrossCulture бағдарламасы (CCP) белгілі бір кәсіптерде жұмыс істейтіндер мен мүдделі тұлғаларға Германия мен жалпы әлем арасындағы азаматтық қоғам байланыстарын нығайтуға және өздерінің мәдени көкжиектерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

2027 жылы біз 40-тан астам серіктес елдерден келген жеке тұлғаларға тағы да стипендия ұсынып отырмыз. Бағдарлама саясат пен қоғам, адам құқығы мен бейбітшілік, БАҚ және мәдениет, сондай-ақ тұрақты даму және климаттық әділеттілік салаларындағы өкілдерге бағытталған. 2027 жылы басты назар «Демократиялық тұрақтылық» тақырыбына да аударылады.

Германиядағы немесе CCP (CrossCulture Programm) серіктес елдерінің бірінде қабылдаушы ұйымда 2-3 ай  тұруға қазір өтініш беріңіз, бұл сіздің салаңыздағы кәсіби дағдыларыңыз бен біліміңізді кеңейте алады. Трансмәдениеттік семинарлар, желілік байланыстар және салалық іс-шаралар сияқты CCP бағдарламасының эксклюзивті форматтарында жұмыс істеу барысында жаңа байланыстар орнатуға және мәдениетаралық тәжірибе алуға мүмкіндігіңіз бар. Қосымша ақпаратты https://www.youtube.com/watch?v=UkrYZYCHGx0 сілтемесі бойынша бейнеден таба аласыз.

Өтінішіңізді қазір тапсырыңыз!

Өтініш қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 8 желтоқсан

Онлайн өтініш порталына сілтеме: https://www.ifa.de/en/funding/ccp-fellowships/

CrossCulture Programme (CCP) стипендиялық бағдарламасы мыналарды қамтиды:

·         CCP желісіндегі қабылдаушы ұйыммен 2–3 айлық ынтымақтастық

·         Әртүрлі тақырыптар бойынша семинарлар мен тренингтер

·         CrossCulture Programme бағдарламасының басқа қатысушыларымен байланыс орнату мүмкіндіктері және түлектер желісіне мүше болу

·         Жол, виза және тұру шығындарын өтеу, сондай-ақ ай сайынғы стипендия

Қатысу талаптары:

·         Үміткерлер өтініш берген сәтте кемінде 23 жаста болуы тиіс.

·         Үміткерлердің өз елінде кемінде 2 жылдық кәсіби тәжірибесі (құжатпен расталған) немесе азаматтық қоғам ұйымында жұмыс істеу тәжірибесі болуы қажет.

·         Үміткерлер ағылшын тілін жақсы деңгейде (ауызша және жазбаша) білуі тиіс.

·         Үміткерлердің денсаулық жағдайы шетелде ұзақ уақыт болуға мүмкіндік беруі керек.

·         Шектеулер: Студенттер, сондай-ақ сол жылы басқа қаржыландыру (мысалы, стипендия) алып жүрген тұлғалар бағдарламаға қатыса алмайды.

жоғары