Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Жалпы ақпарат
Шенген визасын рәсімдеу бойынша жалпы нұсқаулар
Барлық ақпарат пен өтініш нысандарын визалық бөлімдерден, шетелдегі өкілдіктердің ресми сайттарынан және визалық өтініштерді қабылдау орталықтарынан тегін алуға болады.
Шенген визасына өтініш беру туралы жалпы ақпарат
Сапар мақсатыңызға байланысты қосымша ақпараттарға назар аударыңыз.
Визаға өтініш беру бойынша жауапты орындар
Сіздің визаға өтінішіңізді қарастыруға, Сіздің нақты тұрақты тұрғылықты жеріңіз орналасқан әкімшілік аймаққа жауапты шетелдегі өкілдік уәкілетті:
Amtsbezirk Botschaft Astana | Amtsbezirk Generalkonsulat Almaty |
Астана Ақмола (Көкшетау) Қарағанды Шығыс Қазақстан (Өскемен) Павлодар Солтүстік Қазақстан (Петропавл) Қостанай Ұлытау (Жезқазған) Абай (Семей) | Алматы Шымкент Қызылорда Жамбыл (Тараз) Батыс Қазақстан (Орал) Маңғыстау (Ақтау) Атырау Ақтөбе Алматы облысы (Қонаев) Жетісу (Талдықорған) Түркістан |
Өтінішті қабылдау
Өтініштерді қабылдау үшін шетелдегі өкілдіктер тек TLS қызмет көрсетушісімен бірлесе жұмыс істейді. TLS сіздің өтінішіңізді қабылдап, оны қарастыру үшін елшілікке немесе бас консулдыққа жолдайды. TLS қабылдау орталықтарында өтініш беру туралы нақты ақпаратты мына сілтеме арқылы таба аласыз: https://visas-de.tlscontact.com/kk-kz/country/kz
Сіз өтінішіңізді тұрақты тұрып жатқан әкімшілік аймағыңыздағы қабылдау орталығына тапсыруыңыз қажет.
TLS Сізге өтініш беру кезінде кеңес беруге және елшілік пен бас консулдықтың нұсқауларына сәйкес құжаттарды дайындауға уәкілетті. Бұл қызмет көрсетушінің өтінішті қарау нәтижесіне ықпалы жоқ және шешім қабылдамайды. Шетелдегі өкілдіктер TLS-тен басқа ешбір қызмет көрсетушімен жұмыс істемейді.
Сапарыңызды жоспарлау барысында визаны уақытылы рәсімдеу маңызды. Визаға өтінішті жоспарланған сапардан ерте дегенде 6 ай бұрын беруге болады және ол сапарға шығардан кемінде 15 күн бұрын шетелдік өкілдікке түсуі тиіс.
Өтініш беру
Әдетте, визаға өтінішті жеке өзі беру қажет. Егер Сіз соңғы 59 ай ішінде Шенген елдерінің шетелдік өкілдігінде немесе визалық қабылдау орталығында Шенген визасына саусақ ізіңізді тапсырған болсаңыз, жеке келудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайда өтінішті сенімді өкіл арқылы тапсыруға болады. Ол үшін өтініш берушінің нотариалды куәландырылған сенімхаты және өзінің жеке басын куәландыратын құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынуы қажет. Ерекше жағдайларда шетелдегі өкілдік өтініш берушіні өтініш қарау барысында жеке шақыра алады.
Саусақ ізі тапсырылған күннен бастап 59 ай өткен соң, сіздің деректеріңіз Визалық ақпараттық жүйеден (VIS) өшіріледі, және содан кейін қайтадан жеке келіп тапсыру талап етіледі.
Мемлекеттік алым
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін алым мөлшері:
6 жасқа дейінгі балалар: тегін
6 мен 12 жас аралығындағы балалар үші: 45 еуро
12 жастан асқан өтініш берушілер үшін: 90 еуро
Алым тек қана теңгемен, шетелдік өкілдіктің сол күнгі айырбас бағамы бойынша қабылданады. Алым өтініш тапсырылған кезде TLS тарапынан алынады. Виза берілмеген жағдайда алым қайтарылмайды.
Өтініштерді қарау мерзімі
Визалық кодекс өтініштерді 15 күнтізбелік күн ішінде қарастыруды талап етеді. Жекелеген жағдайларда, әсіресе құжаттар толық емес болып түскен жағдайда, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.
TLS веб-сайты арқылы Сіз өтінішіңіздің мәртебесін кез келген уақытта қадағалай аласыз.
TLS өтінішті қарау барысында қосымша құжаттар талап етілсе немесе төлқұжатыңызды алуға болатын уақыт келгенде Сізге хабарлайды.
Сонымен қатар, шетелдік өкілдіктер әдеттегі өңдеу мерзімі ішінде өтініш қаралуына қатысты қосымша ақпарат бермейді.
Маңызды ақпарат: Сатып алынған ұшақ билеті Сіздің өтінішіңізді жеделдетіп қарауға негіз бола алмайды. Осы себепті елшілік визамен расталған төлқұжатты алғанға дейін ұшақ билеттерін сатып алмауға қатаң түрде кеңес береді.
Төлқұжаттарды беру
Сіздің өтінішіңіз толық қаралғаннан кейін, елшілік/бас консулдық Сіздің төлқұжатыңызды TLS-ке тапсырады. TLS Сізге төлқұжатты алуға болатыны туралы хабарлайды.
Төлқұжатты алу туралы ақпаратпен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз:
https://visas-de.tlscontact.com/kk-kz/country/kz
Сіз визамен берілген төлқұжатыңызды алғаннан кейін, визалық жапсырмадағы деректердің дұрыстығын тексеріңіз және қандай да бір қателік болса, шетелдік өкілдікке немесе қабылдау орталығына дереу хабарлаңыз.
Визаның аумақтық және мерзімдік қолданылуы
Шетелдік өкілдіктер әдетте барлық Шенген елдерінде1 жарамды визаны береді. Алайда Сіздің негізгі сапар бағытыңыз Германия болуы тиіс.
Шекара қызметі елге кіру талаптарының орындалуын тексеруге құқылы. Сондықтан сапар мақсаты мен қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі тиісті құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүруіңіз қажет.
Барлық берілген Шенген визаларына қатысты 15 күндік қосымша мерзім туралы ақпаратты да ескеріңіз. Бұл ақпаратты біздің веб-сайттан, шетелдік өкілдіктерден және TLS қабылдау орталықтарынан таба аласыз.
1Бельгия, Болгария, Дания, Германия, Эстония, Финляндия, Франция, Грекия, Исландия, Италия, Хорватия, Латвия, Лихтенштейн, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Норвегия, Австрия, Польша, Португалия, Румыния, Швеция, Швейцария, Словакия, Словения, Испания, Чехия, Венгрия.