Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Қонаққа бару визасы

мақала

Барлық ескертулер мен бланк қағаздарын виза бөлімдерінен, дипломатиялық өкілдіктердің веб-сайтынан, сонымен қатар визалық  орталықтардан тегін алуға болады.

Қонаққа баруға арналған визаны ашуға берілетін өтініш туралы ақпарат

"Виза ашу үшін берілетін өтініштің жалпы мағлұматтары туралы" ескертпемен қосымша танысуыңызды сұраймыз.

  • Өтініш берушінің Шенген визасын алу үшін толық толтырылған қолы қойылған сауалнамасы. Мұнда шетелдіктердің келуі туралы Заңның 53 параграфы, осы параграфтың 1 абзацы мен 54 параграфтың 2 абзацының, №7, 8 пунктерінің өзара байланысы туралы түсініктемелері қоса ескеріледі; электрондық толтыруға және қайта басып шығаруға арналған анкетаның толық түрін Сіз мына жерден videx.diplo.de таба аласыз.

  • Соңғы 6 айдың ішінде түсірілген 3,5 х 4,5 см көлеміндегі 2 биометриялы фотосурет (фото сурет сауалнамаға жапсыру керек)

  • Жарамды, өтініш берушінің қолтаңбасы  (16 жастан бастап) бар халықаралық төлқұжат және оның жеке деректері орналасқан бетінің көшірмесі. Визаны рәсімдеу кезінде төлқұжат кемінде әрі қарай 3 айға жарамды және кем дегенде 2 бос беті болуы тиіс және соңғы 10 жылда берілуі міндет;

  • Бар болған жағдайда соңғы үш жылда берілген шенген визалардың кіру және шығу мөрлері бар көшірмелері;

  • Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілерге: Қазақстанда тұруға ықтияр хаттың / тіркеудің түпнұсқасы мен көшірмесі;

  • Азаматтық хал актілерін растайтын құжаттар (мысалы, туу/неке/қайтыс болу туралы куәліктер) АХАЖ мөрімен түпнұсқада ұсынылуы тиіс (eGov көшірмелері жарамсыз!)

  • Бүкіл Шенгендік Келісімге кіретін мемлекеттерге күші бірдей жүретін медициналық сақтандырудың көшірмесі. Сақтандырудың төменгі қаржылай қамту көлемі 30 000 евро және оның қолдану мерзімі көрсетілуі керек. Медициналық сақтандыру болуы мүмкін мына шығындарды өтеуі қажет: Сақтанушының ауырған немесе өлген жағдайда орын алатын тасымалдау шығындары; шұғыл медициналық көмекке кететін қаржы немесе шұғыл ауруына байланысты емханаға кететін шығындар. Бұның бәрі өтініш берушінің Шенгендік Келісімге кіретін елдердің территориясында жүрген кездерінде ғана іске асады. Медициналық сақтандыру сонымен бірге COVID-19 коронавирустық ауруын ең төменгі 30.000 евро мөлшерінде қамтуы керек. Несие картасы компанияларынан банктік саяхатты сақтандыру қабылданбайды.

  • Виза үшін консулдық алым теңгемен төленеді 

  • Сапардың мақсатын дәлелдеу:

Барған жерде болатын шығындарды шақырушы тарап төлейтін жағдайда: 

Шетелдіктердің келуі туралы Заңның § 66-68 сәйкес ресми түрде «Міндеттеме алғаны туралы жазылған өтініштің» (Verpflichtungserklärung) түпнұсқасы мен көшірмесі берілген уақыты виза ашу үшін (берілген өтініштің күнінен алты айдан әрі аспауы керек ), оны Сізді шақырушы тұлға Германияның шетелдік істері туралы уәкілетті органынан ала алады;

НЕМЕСЕ, егер барған жерде болатын шығындарын өтініш беруші өзі төлейтін болса:

Неміс тіліндегі ресми емес шақырудың көшірмесі.

  • Шақырылатын тұлғалардың мекен жайы;

  • Болу мерзімі;

  • Шақырушы тарап пен шақырылған адам арасындағы қарым-қатынас/отбасылық қарым-қатынас;

  • Күні және шақырушының қолы.

  • Шақырушының қолы ресми түрде Германия уәкілеттігінде нотариалдық түрде расталған құжат, НЕМЕСЕ шақырушы тұлғаның паспорт немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

  • Егер шақырушы тұлғаның Германия азаматтығы жоқ болса, онда: Германияда тұруға ықтияр хаттың көшірмесі;

Формасыз шақыру хатының үлгісін Сіз Сыртқы істер өкілдіктерінің веб-сайтынан немесе виза қабылдау орталықтарынан тегін ала аласыз;

  • Егер қолдануға болатын жағдайда: некеге тұрмаған серіктестердің қарым-қатынас туралы түсіндірмесі. Бұл түсіндірменің үлгісін Сыртқы істер өкілдіктерінің веб-сайтынан немесе виза қабылдау орталықтарынан тегін алуға болады;  

  • Егер өтініш білдіруші сапар барысындағы шығындарын өзі төлейтін болса: өтініш білдірушінің атына берілген ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдығы туралы банктен анықтаманың түпнұсқасы және банктің мөрімен / қолымен және соңғы үш айдағы дербес шоттан үзінді көшірме. Банк анықтамасы өтініш берілгенге дейін 2 аптадан аспайтын мерзімде берілуі керек.

    • Некеде тұратын арыз берушілер күйеуінің/әйелінің банктегі есеп шотының түпнұсқасы мен көшірмесін және кірісті растайтын құжатпен бере алады, оған қоса некеге отырғаны туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін тапсырады;

    • Кәмелетке толмаған өтініш берушілер өзін бірге алып жүрген ата-анасының біреуінің есеп шотының көшірмесін тапсыруына болады + өзінің тууы туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

  • Қажет болған жағдайда: Түпнұсқа + көшірме некеге қию туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі; неке бұзу туралы куәліктері немесе ата-анасының (күйеуінің / әйелінің) өлгені туралы куәліктер; түпнұсқасы мен көшірмесі;

  • Қажет болған жағдайда: Балалардың тууы туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері;

  • Қажет болған жағдайда: Жеке бас мүлкі болса: Жеке бас мүлкі туралы анықтама (виза ашуға өтініш бергенге 4 аптадан аспайтын уақытқа дейін берілген болуы керек);

  • Қажет болған жағдайда: Қоныс аударылған адамдар мен босқындар туралы заңға орай оларды қабылдау туралы шешімнің көшірмесі (оралмандар мен олардың отбасы);

  • Жұмыс істейтіндер үшін: Жұмыс жасайтын жерден берілген анықтаманың түпнұсқасы. Анықтамада оның лауазымы, еңбек қызметінің ұзақтығы, орта айлық жалақысы, берілетін демалыс және оның мерзімі мен сипаты (төленетін / төленбейтін демалыс) көрсетіледі. Сонымен қатар жұмыс орынының толық мекен-жайы, байланыс деректері, жұмыс берушінің анықтамадағы мөрі мен қолы;

  • Жеке кәсіпкерлер мен ЖШС құрылтайлары үшін: Е-gov-тан берілетін мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлға екендігі туралы анықтама, кейінге есепті уақытқа берілген салық құжаттары (патент немесе электронды түрдегі декларация) және табыстың дәлелі ретінде. Және салық берешегі бар ма немесе жоқ па турасындағы анықтама;

  • Зейнеткерлер үшін: Зейнеткерлік есепшотынан шығарылым:

  • Студенттер үшін:

    -  Оқитын жерінен анықтаманың түпнұсқасы. Анықтамада оқудың түрі, мамандығы, курсы және оқудағы қалған уақыты көрсетіледі;

    - Егер сапар ағымдағы семестр кезінде болса: Сапарға кетуіне байланысты сол кезеңде оқудан босатылғаны туралы анықтаманың түпнұсқасы.

  • Оқушылар үшін: 

    -  Мектептен берілген анықтаманың түпнұсқасы;

    - Егер сапар ағымдағы оқу жылы кезінде болса: Сапарға кетуіне байланысты сол кезеңге сабақтардан босатылғаны туралы анықтаманың түпнұсқасы.

  • Германия азаматының куйеуі/әйелі  үшін: Неке куәлігінің көшірмесі + Германия азаматының  халықаралық паспортының жеке куәлігінің  көшірмесі;

  • Германия азаматтары болып есептелетін балалардың ата-аналары үшін: Баланың тууы турлы куәлігінің көшірмесі + баланың шетелдік паспортының көшірмесі.

Кәмелетке толмағандар үшін қосымша деректер:

  • Тууы турлы куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі;

  • Егер тууы туралы куәліктегі мәліметтер шешесінің айтуымен жазылған болса: АХАЖ (азаматтардың хал актілерін жазу) мекемесінің №4 формасы бойынша берген актуалды анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі (анықтаманың берілген уақыты виза ашу үшін жазылған берілген өтініштің күнінен төрт тәуліктен аспауы керек);

  • Ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың жеке тұлғаларын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

ЖӘНЕ

  • Өтініш формулярында ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың қолдары;

  • Егер ата-анасының біреуі өлген болса немесе ата-аналық құқығынан айырылған болса: өлгені туралы куәліктің немесе соттың шешімінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

ЖӘНЕ

  • Егер бала ата-аналарының біреуімен немесе үшінші тұлғаның жетекшілігімен, не болмаса жалғыз өзі шыққан болса: Шенгендік Келісімге кіретін елдің аймағына баратын балаға жетекшілік жасайтын тұлғаға немесе белгілі бір уақытқа баратын баланың өзіне сапарға бірге шықпаған ата-аналарының нотариалдық түрде расталған рұқсатнамасының көшірмесі мен түпнұсқасы;

  • Егер ата-анасының немесе сапарға жетекшілік жасайтын тұлғаның күші бар шенген визасы болса: Осы визалардың көшірмесі.

Естеріңізде болсын: Сіздің өтінішіңізді қарау барысында қосымша құжат қажет болған жағдай туындаса, онда дипломатиялық өкілдік қосымша құжаттарды жіберуді талап етеді. Бірақ бұл құжаттар Сізге виза автоматты түрде ашуға негіз болып табылмайды.

жоғары