Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Іссапар визасы
Барлық ескертулер мен бланктерді виза бөлімдерінен, дипломатиялық өкілдіктердің веб-сайтынан, сонымен қатар визалық орталықтардан тегін алуға болады.
Іссапармен бару мақсатында виза ашу үшін берілетін өтініш туралы ақпарат
(көрмеге бару мақсатында емес)
Сонымен қатар „Визаға өтініш беру жөніндегі жалпы нұсқаулар“ ақпаратын да назарға алыңыз.
Өтініш берушінің шенген визасын алу үшін толық толтырылған өзінің қолы қойылған сауалнама. Мұнда шетелдіктердің келуі туралы заңның 53 параграфы, осы параграфтың 1 абзацы мен 54 параграфтың 2 абзацының, №7, 8 пунктерінің өзара байланысы туралы түсініктемелері қоса ескеріледі; электрондық толтыруға және қайта басып шығаруға арналған сауалнаманың толық нұсқасын Сіз мына жерден www.videx.diplo.de таба аласыз.
2 актуалды (сауалнамаға жапсырылған) биометрикалық фотосурет, өлшемі 3,5х4,5 см.
Түсірілген уақыты 6 айдан аспауы керек;
Жарамды халықаралық төлқұжат + төлқұжаттың бірінші бетінің көшірмесі; халықаралық төлқұжаттың сұралған визаның уақыты өткеннен кейін де ең кем дегенде 3 айлық күші болуы керек және ол кейінгі он жылдың ішінде берілген болуы қажет және кем дегенде екі бос беті болуы керек;
Бар болған жағдайда соңғы үш жылда берілген шенген визалардың кіру және шығу мөрлері бар көшірмелері;
Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілерге: Тұруға ықтияр хаттың Қазақстанда тіркелудің түпнұсқасы мен көшірмесі;
Азаматтық хал актілерін растайтын құжаттар (мысалы, туу/неке/қайтыс болу туралы куәліктер) АХАЖ мөрімен түпнұсқада ұсынылуы тиіс (eGov көшірмелері жарамсыз!)
Бүкіл Шенген келісімге кіретін мемлекеттерде жарамды медициналық сақтандыру көшірмесі, ең төменгі сақтандыру полисі - 30.000, - €, жарамдылық мерзімі көрсетілген. Медициналық сақтандыру болуы мүмкін мына шығындарды өтеу қажет: сақтанушының ауырған немесе өлген жағдайда орын алатын кері тасымалдау шығындары; шұғыл медициналық көмекке жұмсалатын қаражат немесе шұғыл ауруына байланысты емханаға кететін шығындар. Бұның бәрі өтініш берушінің Шенген келісімге кіретін елдердің территориясында жүрген кездерінде ғана іске асады. Медициналық сақтандыру сонымен бірге COVID-19 коронавирустық ауруын ең төменгі 30.000 евро мөлшерінде қамтуы керек. Несие картасы компанияларынан банктік саяхатты сақтандыру қабылданбайды.
Виза үшін консулдық алым теңгемен төленеді
Сапар мақсатының дәлелдемелері: Германияның іссапарға шақыру хатының түпнұсқасы мен көшірмесі
- Шақырушы кәсіпорынның атауы, толық мекен-жайы мен байланыс деректер;
- Шақыру хатына қол қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты;
- Келуші тұлғаның тегі, аты, туған күні;
- Келушінің мақсаты мен болатын мерзімінің ұзақтығы;
- Егер шақырушы жақ келушінің ол жерде болу кезіндегі шығындарын өзі көтеретін болса, онда ол шетелдіктердің келуі туралы Заңның 66-68 параграфтарына сәйкес келушінің сонда жүргенде болуы мүмкін шығындарын қаржыландыруды өз міндетіне аламын деген нақты тұжырымды өтініш жазуы керек;
- Ресми Германия ведомствосының нотариустың қолды куәландыратын жазбасы, немесе оның орнына шақырушы тұлғаның паспортының куәлігінің көшірмесін тіркесе жеткілікті;
- Егер шақырушы тұлғаның Германияның азаматтығы жоқ болса: Германияда тұруға ықтияр хаттың көшірмесі;
Егер сапар шығындарын өтініш берушінің өзі өтейтін болса, өтініш берушінің атына рәсімделген, банк мөрі мен қолы қойылған, ағымдағы шоттағы қалдық көрсетілген банктен түпнұсқа анықтама, сондай-ақ соңғы үш айдағы шоттан үзінді көшірмелер ұсынылуы тиіс. Аталған банк анықтамасы өтініш берген күнге дейін ең көп дегенде екі апта бұрын рәсімделген болуы керек;
Егер сапар шығындарын өтініш берушінің жұмыс берушісі өтейтін болса, іссапарға рұқсат және шығындарды өтеу туралы мәлімдеменің түпнұсқасы талап етіледі;
Жұмыспен қамтылған тұлғалар үшін жұмыс орнынан қызмет түрі мен ұзақтығы, айлық табыс мөлшері, жұмыс берушінің толық байланыс деректері көрсетілген, қол қойылып, мөр басылған түпнұсқа анықтама ұсынылуы қажет;
Жеке кәсіпкерлер үшін табысты растайтын құжаттар ретінде eGov порталынан алынған жеке кәсіпкер куәлігінің электрондық көшірмесі мен соңғы есеп беру кезеңіне арналған салық құжаттары (патент немесе электронды декларация), сондай-ақ салық берешегінің бар-жоғы туралы анықтама ұсынылуы тиіс.
Өтінішті қарау барысында қажет болған жағдайда, шетелдік өкілдік қосымша құжаттар талап өтуі мүмкін екенін ескеріңіз. Жоғарыда аталған құжаттарды тапсыру виза автоматты түрде ашуға негіз болып табылмайды.