Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Транзиттік виза
Транзиттік виза ашу үшін берілетін өтініш туралы ақпарат
Сіздерден «Виза ашу үшін берілетін өтініштің жалпы мағлұматтары туралы» ақпаратпен қосымша танысуыңызды сұраймыз.
Сізге транзиттік виза қандай жағдайда қажет?
Қазақстан мен Россия азаматтарына Германия әуежайының транзиттік зонасына виза қажет емес. Егер Сіз Қазақстаннан Германия әуежайы арқылы үшінші елге баратын болсаңыз және әуежайдың транзиттік зонасынан шықпасаңыз, онда Сізге визаның қажеті жоқ.
Алайда, Сізге әуежайдың транзиттік зонасынан шығу қажет болса немесе әуежайда халықаралық транзиттік зона болмаса, онда Сізге шенген виза керек болады.
Сондықтан төмендегі аталған жағдайларда визаның болуы міндетті:
Егер Сіз жол жүру бағытыңызда шенген аймағында кем дегенде екі рет ауысып отырған болсаңыз, Мысалы: рейс Астана – Франкфурт, Франкфурт – Париж, Париж – Нью-Йорк.
Франкфурт – Парижге ұшу үшін Сіз шенген аймағына кіруіңіз керек, сондықтан Сізге шенген визасы қажет болып табылады.
Егер Сіз өз сапарыңызда бір рет қана Германияда ауысып отырған болсаңыз, алайда, әуежайдың транзиттік аймағынан шығу қажет болса (Мысалы: келесі рейс үшін өз жүгіңізді тіркер болсаңыз немесе, айталық, транзиттік аймақ түнге жабылса). Бұл жағдайда Сіз жоспарланған рейс қарсаңында әуежайдың транзиттік аймағынан шығу керек пе екенін өз авиакомпанияңыздан сұрап білесіз.
Егер жолсапарда Сіз ауысып отырған әуежайда халықаралық транзиттік аймақ болмаса.
Германияда тек мына әуежайларда халықаралық транзиттік аймақтар бар:
Франкфурт-на - Майне
Мюнхен
Гамбург (сағат 23:00 - 4:30 дейін транзиттік аймақ жабық).
Дюссельдорф (сағат 21:00 - 6:00 дейін транзиттік аймақ жабық).
Кельн - Бонн (сағат 23:30 - 4:30 дейін транзиттік аймақ жабық).
Берлин – Тегель (сағат 21:00 - 06:00 дейін транзиттік аймақ жабық).
Жоспарланған рейсті күту қарсаңында транзиттік аймақтан шығу немесе шықпау жайлы күдігіңіз болса, онда бұл сұрақ жайлы өз авиакомпанияңыздан немесе әуежайдан сұрап біліңіз.
Транзиттік визаға өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?
Шенген виза алу үшін әрбір өтініш берушінің толық толтырылған және өзі қол қойған сауалнама. Мұнда шетелдіктердің келуі туралы Заңның §§ 53 , осы баптың 1 абзацы мен
§§ 54 2 абзацының № 7,8 пункттерінің өзара байланысы туралы түсініктемелері қоса ескеріледі; электрондық толтыруға және қайта басып шығаруға арналған сауалнаманың толық түрін Сіз мына жерден www.videx.diplo.de таба аласыз.
2 актуалды биометрикалық (сауалнамаға жапсырылған) фотосурет, өлшемі 3,5 x 4,5 см. түсірілген уақыты 6 айдан аспауы керек.
Жарамды халықаралық төлқұжат (16 жасқа толған төлқұжат иесінің қолы қойылған) + толық мәліметтері көрсетілген бірінші парағының көшірмесі, жарамдылығы сұралған визаның уақыт өткеннен кейін де кем дегенде 3 айлық күші болуы керек және соңғы 10 жылда берілуі, кем дегенде екі бос беті болуы міндет;
Бар болған жағдайда соңғы үш жылда берілген шенген визалардың кіру және шығу мөрлері бар көшірмелері;
Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілерге: тұруға ықтияр хаттың / Қазақстанда тіркеудің түпнұсқасы мен көшірмесі;
Азаматтық хал актілерін растайтын құжаттар (мысалы, туу/неке/қайтыс болу туралы куәліктер) АХАЖ мөрімен түпнұсқада ұсынылуы тиіс (eGov көшірмелері жарамсыз!)
Бүкіл Шенген келісімге кіретін мемлекеттерде жарамды медициналық сақтандыру көшірмесі, ең төменгі сақтандыру полисі - 30.000, - €, жарамдылық мерзімі көрсетілген. Медициналық сақтандыру болуы мүмкін мына шығындарды өтеу қажет: сақтанушының ауырған немесе өлген жағдайда орын алатын кері тасымалдау шығындары; шұғыл медициналық көмекке жұмсалатын қаражат немесе шұғыл ауруына байланысты емханаға кететін шығындар. Бұның бәрі өтініш берушінің Шенген келісімге кіретін елдердің территориясында жүрген кездерінде ғана іске асады. Медициналық сақтандыру сонымен бірге COVID-19 коронавирустық ауруын ең төменгі 30.000 евро мөлшерінде қамтуы керек. Несие картасы компанияларынан банктік саяхатты сақтандыру қабылданбайды.
Виза үшін консулдық алым теңгемен төленеді
Үшінші елге баратын ұшақ билетін брондау;
Егер Сізге үшінші баратын елге виза қажет болса: берілген визаның көшірмесі;
Егер Сіз транзиттік тоқтау кезінде қонақ үйге орналасу жоспарыңызда болса, онда қонақ үйдің бронын көрсетіңіз;
Өтініш иесінің банктегі ағымдағы есеп шотының жайы көрсетілген анықтамасының түпнұсқасы, онда банктің мөрі басылған, қол қойылған және кейінгі үш ай ішіндегі банктегі есеп шотынан шыққан ағымдағы шығарылымдар; банк анықтамасы виза ашуға берілген өтінішке дейін көп дегенде екі тәуліктен аспай берілуі қажет;
Некеде тұратын арыз берушілер күйеуінің/әйелінің банктегі есеп шотының көшірмесін бере алады, оған қоса некеге отырғаны туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін тапсырады;
Кәмелетке толмаған өтініш берушілер өзін бірге алып жүрген ата-анасының біреуінің есеп шотының көшірмесін алуына болады + өзінің тууы туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі.
Жұмыс істейтіндер үшін:жұмыс жасайтын жерден берілген анықтаманың түпнұсқасы. Анықтамада оның лауазымы, еңбек қызметінің ұзақтығы, орта айлық жалақысы, берілетін демалыс және оның мерзімі мен сипаты (төленетін/төленбейтін демалыс) көрсетіледі. Сонымен қатар жұмыс орынының толық мекен-жайы, байланыс деректері, жұмыс берушінің анықтамадағы мөрі мен қолы;
Жеке кәсіпкерлер мен ЖШС құрылтайлары үшін: Е-gov-тан берілетін мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлға екендігі туралы анықтама, кейінге есепті уақытқа берілген салық құжаттары (патент немесе электронды түрдегі декларация). Және салық берешегі бар ма немесе жоқ па турасындағы анықтама;
Зейнеткерлер үшін: Зейнеткерлік есеп шотынан шығарылым:
Студенттер үшін: Оқитын жерінен анықтаманың түпнұсқасы. Анықтамада оқудың түрі, мамандығы, курсы және оқудағы қалған уақыт көрсетіледі.
Оқушылар үшін: Мектептен анықтаманың түпнұсқасы
Кәмелетке толмағандар үшін қосымша деректер:
Тууы турлы куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі;
Егер тууы туралы куәліктегі мәліметтер шешесінің айтуымен жазылған болса
АХАЖ (азаматтардың хал актілерін жазу) мекемесінің №4 формасы бойынша берген актуалды анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі (анықтаманың берілген уақыты виза ашу үшін жазылған берілген өтініштің күнінен төрт тәуліктен аспауы керек);
Ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың жеке тұлғаларын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
және
Өтініш формулярында ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың қолдары;
және
Егер ата-анасының біреуі өлген болса немесе ата-аналық құқығынан айырылған болса: Өлгені туралы куәліктің немесе соттың шешімінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
және
Егер бала ата-аналарының біреуімен немесе үшінші тұлғаның жетекшілігімен, не болмаса жалғыз өзі шыққан болса: Шенгендік Келісімге кіретін елдің аймағына баратын балаға жетекшілік жасайтын тұлғаға немесе белгілі бір уақытқа баратын баланың өзіне сапарға бірге шықпаған ата-аналарының нотариалдық түрде берілген расталған рұқсатнамасы, түпнұсқасы мен көшірмесі;
Егер ата-анасының немесе сапарға жетекшілік жасайтын тұлғаның күші бар шенген визасы болса: Осы визалардың көшірмесі.