Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Туристік виза
Туристік визалар ашуға берілетін өтініш туралы ақпарат
«Виза ашу үшін берілетін өтініштің жалпы мағлұматтары туралы» ескертпемен қосымша танысыңыздар.
Туристік виза ашуға берілетін өтініш үшін мына төмендегі құжаттарды дайындау қажет:
Өтініш берушінің Шенген визасын алу үшін толық толтырылған қолы қойылған сауалнамасы. Мұнда шетелдіктердің келуі туралы заңның 53 параграфы, осы параграфтың 1 абзацы мен 54 параграфтың 2 абзацының, №7, 8 пунктерінің өзара байланысы туралы түсініктемелері қоса ескеріледі; электрондық толтыруға және қайта басып шығаруға арналған сауалнаманың толық түрін сіз мынадан www.videx.diplo.de таба аласыз.
2 актуалды биометрикалық фотосурет, өлшемі: 3,5х4,5 см, түсірілген уақыты 6 айдан аспауы керек (фотосурет сауалнамаға жапсырылған);
Жарамды халықаралық паспорт + паспорттың бірінші бетіндегі мәліметтердің көшірмесі; халықаралық паспорттың сұралған визаның уақыты өткеннен кейін ең кем дегенде 3 ай жарамды болуы керек және ол кейінгі он жылдың ішінде берілген болуы қажет және кем дегенде екі бос беті болуы керек;
Бар болған жағдайда соңғы үш жылда берілген шенген визалардың кіру және шығу мөрлері бар көшірмелері;
Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілерге: тұруға ықтияр хаттың Қазақстанда тіркелудің түпнұсқасы мен көшірмесі;
Азаматтық хал актілерін растайтын құжаттар (мысалы, туу/неке/қайтыс болу туралы куәліктер) АХАЖ мөрімен түпнұсқада ұсынылуы тиіс (eGov көшірмелері жарамсыз!)
Бүкіл Шенген келісімге кіретін мемлекеттерде жарамды медициналық сақтандыру көшірмесі, ең төменгі сақтандыру полисі - 30.000, - €, жарамдылық мерзімі көрсетілген. Медициналық сақтандыру болуы мүмкін мына шығындарды өтеу қажет: сақтанушының ауырған немесе өлген жағдайда орын алатын кері тасымалдау шығындары; шұғыл медициналық көмекке жұмсалатын қаражат немесе шұғыл ауруына байланысты емханаға кететін шығындар. Бұның бәрі өтініш берушінің Шенген келісімге кіретін елдердің территориясында жүрген кездерінде ғана іске асады; Медициналық сақтандыру сонымен бірге COVID-19 коронавирустық ауруын ең төменгі 30.000 евро мөлшерінде қамтуы керек. Несие картасы компанияларынан банктік саяхатты сақтандыру қабылданбайды.
Виза үшін консулдық алым теңгемен төленеді
Сапар мақсатын дәлелдеу:
Шенген келісімге кіретін елдердің территориясында болған күндерге орай қонақүйді брондау;
бронь жасалған(сатып алынған емес) ұшақ билеті ;
Әр өтініш беруші үшін: "Сапар жоспары" деген толтырылған қосымша өтініш жазу, онда өтініш білдірушінің қолы қойылған болуы міндет.
- Өтініш берушінің атына берілген ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдығы туралы банктен анықтаманың түпнұсқасы және банктің мөрімен / қолымен және соңғы үш айдағы дербес шоттан үзінді көшірме. Банк анықтамасы өтініш берілгенге дейін 2 аптадан аспайтын мерзімде берілуі керек.
Некеде тұратын арыз берушілер күйеуінің / әйелінің банктегі есеп шотының түпнұсқасы бере алады, оған қоса некеге туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін тапсырады;
Кәмелетке толмаған өтініш білдірушілер сапарға бірге баратын ата-анасының біреуінің есеп шотының көшірмесін тапсыруына болады + өзінің тууы туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
Отбасылық жағдайына сәйкес: Түпнұсқа + көшірме неке туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі; неке бұзу туралы куәліктері немесе ата-анасының (күйеуінің / әйелінің) өлгені туралы куәліктер; түпнұсқасы мен көшірмесі;
Болған жағдайда: Жеке бас мүлкі туралы анықтама (виза ашуға өтініш бергенге 4 аптадан аспайтын уақытқа дейін берілген болуы керек);
- Балалары болған жағдайда: балалардың тууы туралы куәліктерінің түпнұсқалары + көшірмелері;
Жұмыс істейтіндер үшін: Жұмыс орынынан берілген анықтаманың түпнұсқасы. Анықтамада оның лауазымы, еңбек қызметінің ұзақтығы, орта айлық жалақысы, берілетін демалыс және оның мерзімі мен сипаты (төленетін / төленбейтін демалыс) көрсетіледі. Сонымен қатар жұмыс орынының толық мекен-жайы, байланыс деректері, жұмыс берушінің анықтамадағы мөрі мен қолы;
Жеке кәсіпкерлер мен ЖШС құрылтайлары үшін: Е-gov-тан берілетін мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлға екендігі туралы анықтама, кейінге есепті уақытқа берілген салық құжаттары (патент немесе электронды түрдегі декларация). Және салық берешегі бар ма немесе жоқтығы турасындағы анықтама;
Зейнеткерлер үшін: Зейнеткерлік есепшотынан соңғы алты айдағы шығарылым:
Студенттер үшін:
Оқитын жерінен анықтаманың түпнұсқасы. Анықтамада оқудың түрі, мамандығы, курсы және оқудағы қалған уақыты көрсетіледі; ЖӘНЕ
Егер сапар ағымдағы семестр кезінде болса: Сапарға кетуіне байланысты сол кезеңде оқудан босатылғаны туралы анықтаманың түпнұсқасы.
Оқушылар үшін:
Мектептен берілген анықтаманың түпнұсқасы; ЖӘНЕ
Егер сапар ағымдағы оқу жылы кезінде болса: Сапарға кетуіне байланысты сол кезеңге сабақтардан босатылғаны туралы анықтаманың түпнұсқасы.
Кәмелетке толмағандар үшін қосымша деректер:
Тууы турлы куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі;
Егер тууы туралы куәліктегі мәліметтер шешесінің айтуымен жазылған болса: АХАЖ (азаматтардың хал актілерін жазу) мекемесінің №4 формасы бойынша берген актуалды анықтамасының түпнұсқасы + көшірмесі (анықтаманың берілген уақыты виза ашуға берілген өтініштің берілген күнінен төрт тәуліктен аспауы керек);
Ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың жеке тұлғаларын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
ЖӘНЕ
Өтініш формулярында ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың қолдары;
Егер ата-анасының біреуі өлген болса немесе ата-аналық құқығынан айырылған болса: өлгені туралы куәліктің немесе соттың шешімінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
ЖӘНЕ
Егер бала ата-аналарының біреуімен немесе үшінші адаммен бірге , немесе жалғыз өзі шыққан болса: Шенгендік Келісімге кіретін елдің аймағына баламен бірге баратын адамға немесе белгілі бір уақытқа баратын баланың өзіне сапарға бірге шықпаған ата-аналарының нотариалдық түрде расталған рұқсатнамасының көшірмесі мен түпнұсқасы;
Егер ата-анасының немесе сапарға бірге баратын тұлғаның жарамды шенген визасы болса: Осы визалардың көшірмесі.
Естеріңізде болсын: Сіздің өтінішіңізді қарау барысында қосымша құжат қажет болған жағдай туындаса, онда дипломатиялық өкілдік қосымша құжаттарды жіберуді талап етеді. Бірақ бұл құжаттар Сізге визаны автоматты түрде ашуға негіз болып табылмайды.