Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

15 күн – қосымша мерзім 

мақала

Виза ашуға өтініш берушілер үшін маңызды ақпарат

Виза кодексіне сәйкес Шенген визасы сапарға шығу күндеріне қарамастан қосымша 15 күн мерзімімен беріледі. Алайда, бұл қосымша күндер Шенген аймағында болу мерзіміне емес, визаның әрекет ету мерзіміне ғана қатысты.

Мысалы:

Сіз 1 сәуірден 15 сәуірге дейін Шенген аймағында 15 күн болу үшін виза алуға өтініш бересіз. Сіз 1 сәуірден 15 сәуірге дейін 15 күн ішінде жарамды медициналық сақтандыруды тапсырасыз.

Виза кодексіне сәйкес, Елшілік Сізге визаны 1 сәуірден 30 сәуірге аралығында  15 күнге ашады. Демек, Сіз Шенген аймағында 1 сәуірден 30 сәуірге дейін 15 күн бола аласыз. Берілген 15 күннен ұзақ болу Виза кодексін бұзу болып есептеледі.

Егер Сіз қосымша уақыт мүмкіншілігін қолдансаңыз және Шенген аймағында 15-30 сәуір аралығында берілген визамен 15 күн болғыңыз келсе, онда заң бойынша осы жаңа мерзім аралығына  саяхатқа медициналық сақтандыру жасау талап етіледі.

Төлқұжатты алған кезде, берілген визаның қолданылу мерзімі мен ұзақтығына мұқият назар аударыңыз және Шенген аймағына кіру кезінде Сізде саяхатқа шығуға арналған медициналық сақтандырудың бар екендігіне көз жеткізіңіз.

Сіздің виза бөліміңіз

жоғары