Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Жүк көлігінің жүргізушілеріне арналған виза
Барлық жадынамалар мен бланк қағаздарын виза бөлімдерінен, дипломатиялық өкілдіктердің веб-сайтынан, сонымен қатар визалық орталықтардан тегін алуға болады.
Жүк автокөлік жүргізушілері үшін виза ашуға берілетін өтініш туралы ақпарат
Сіздерден «Виза ашу үшін берілетін өтініштің жалпы мағлұматтары туралы» жадынамалармен қосымша танысуыңызды сұраймыз.
Жүк автокөліктерімен тасымалдау мақсатында виза ашуға берілетін өтініш үшін мына төмендегі құжаттарды дайындау керек:
1 дана толық неміс тілінде толтырылған және қол қойылған шенген визаны рәсімдеуге арналған сауалнама. Мұнда шетелдіктердің келуі туралы заңның 53 параграфы, осы параграфтың 1 абзацы мен 54 параграфтың 2 абзацының, №7, 8 пунктерінің өзара байланысы туралы түсініктемелері қоса ескеріледі; электрондық толтыруға және қайта басып шығаруға арналған сауалнаманың толық түрін сіз мынадан www.videx.diplo.de таба аласыз.
Соңғы 6 айдың ішінде түсірілген көлемі 3,5 х 4,5 сәйкес 2 биометриялық фотосурет (сауалнамаға жапсырылған)
Жарамды, өтініш берушінің қолы қойылған шетелдік төлқұжат және оның жеке деректері орналасқан бірінші бетінің көшірмесі. Визаны рәсімдеу кезінде төлқұжат кемінде әрі қарай 3 айға жарамды, соңғы 10 жылда берілген және кем дегенде 2 бос беті болуы тиіс.
Бар болған жағдайда соңғы үш жылда берілген шенген визалардың кіру және шығу мөрлері бар көшірмелері;
Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілерге: Қазақстанда тұруға ықтияр хаттың / тіркеудің түпнұсқасы мен көшірмесі;
Азаматтық хал актілерін растайтын құжаттар (мысалы, туу/неке/қайтыс болу туралы куәліктер) АХАЖ мөрімен түпнұсқада ұсынылуы тиіс (eGov көшірмелері жарамсыз!)
Бүкіл Шенгендік Келісімге кіретін мемлекеттерге күші бірдей жүретін медициналық сақтандырудың көшірмесі. Сақтандырудың төменгі қамту бөлімі 30 000 евро және оның қолдану мерзімі көрсетілуі керек.Медициналық сақтандыру мына шығындарды өтеуі қажет: Сақтанушының ауырған немесе қайтыс болған жағдайда орын алатын тасымалдау шығындары; шұғыл медициналық көмекке кететін қаржы немесе шұғыл ауруына байланысты емханаға кететін шығындар. Бұның бәрі өтініш берушінің Шенгендік Келісімге кіретін елдердің территориясында жүрген кездерінде ғана іске асады. Медициналық сақтандыру сонымен бірге COVID-19 коронавирустық ауруын ең төменгі 30.000 евро мөлшерінде қамтуы керек. Несие картасы компанияларынан банктік саяхатты сақтандыру қабылданбайды.
Виза үшін консулдық алым теңгемен төленеді
Сапар мақсатының дәлелдемелері:
- Шақырушы мекеменің атауы, толық мекенжайы мен байланыс деректері;
- Шақыру хатында қол қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, туған күні;
- Шақырылып отырған тұлғаның тегі, аты, туған күні;
- Шақырылып отырған тұлғаның мақсаты мен келу мерзімінің ұзақтығы;
- Шетелдіктердің келуі туралы Заңның § 66-68 сәйкес келушінің барған жерінде жүргенде болуы мүмкін қаржы шығындарын қаржыландыруды өз міндетіме аламын деген шақырушының нақты тұжырымды өтініші;
- Ресми Германия уәкілеттігінде нотариустың қолды куәландыратын жазбасы, немесе, оның орнына шақырушы тұлғаның төлқұжатының /жеке куәлігінің көшірмесін тіркесе жеткілікті;
- Егер шақырушы тұлғаның Германия азаматтығы жоқ болса, онда: Германияда тұруға ықтияр хаттың көшірмесі;
- Неміс іскер серіктесінің сауда тізілімінен үзіндісі немесе компанияның тіркеу туралы куәлігі (3 айдан аспайтын уақыт бұрын берілген).
- Жұмыс берушінің халықаралық көлік арқылы тасымалдауға рұқсаттары бар екенін растау және- Жұмыс беруші мен Германиядағы іскерлік серіктеспен іскерлік қарым-қатынас туралы растау және
- Германия мен Қазақстан арасында жұмыс берушімен бұрынғы кезде жүзеге асырған жүк тасымалдауды растау (жүкқұжат) немесе
- Жұмыс берушінің жүк көліктері бар екенін растау
Жұмыстың түрі мен ұзақтығы, айлық табысы, сондай-ақ толық байланыс деректері, жұмыс берушінің қолы мен мөрі көрсетілген жұмыс орнынан анықтаманың түпнұсқасы.
Бұрын берілген Шенген визаларын пайдалану тізімі және жүк көлігінің жүргізушісі визаны қалай пайдаланатын туралы нұсқаулық (нысан дипломатиялық өкілдіктің сайтында қолжетімді).
Дипломатиялық өкілдік өтінішті өңдеу үшін қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды сұрай алатынын ескеріңіз. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсырғаннан кейін виза автоматты түрде берілмейтінін ескеріңіз. Көп жылдық Шенген визасы жанадан сапарға шығып жүрген үміткерлерге әдетте берілмейді (алғашқы екі жыл ішінде).