Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Емделуге баруға виза

мақала

Барлық ескертулер мен бланк қағаздарын виза бөлімдерінен, дипломатиялық өкілдіктердің веб-сайтынан, сонымен қатар визалық орталықтардан тегін алуға болады.

Медициналық емдеу алу мақсатында виза ашуға берілетін өтініш туралы ақпарат

 

Сіздерден «Виза ашу үшін берілетін өтініштің жалпы мағлұматтары туралы» ескертпемен қосымша танысуыңызды сұраймыз.

  • Әрбір өтініш берушінің Шенген визасын алу үшін толық толтырылған өзінің қолы қойылған сауалнамасы. Мұнда шетелдіктердің келуі туралы заңның 53 параграфы, осы параграфтың 1 абзацы мен 54 параграфтың 2 абзацының, №7, 8 пунктерінің өзара байланысы туралы түсініктемелері қоса ескеріледі; электрондық толтыруға және қайта басып шығаруға арналған сауалнаманың толық түрін Сіз мынадан www.videx.diplo.de таба аласыз.

  • Соңғы 6 айдың ішінде түсірілген 3,5 х 4,5 см көлеміндегі 2 биометриялы фотосурет (фотосуретті сауалнамаға жапсырып).

  • Жарамды, өтініш берушінің қолтаңбасы (16 жастан бастап) бар шетелдік төлқұжат және оның жеке деректері орналасқан бетінің көшірмесі. Визаны рәсімдеу кезінде төлқұжат кемінде әрі қарай 3 айға жарамды, соңғы 10 жыл аралығында берілген және кем дегенде 2 бос беті болуы тиіс.

  • Бар болған жағдайда соңғы үш жылда берілген шенген визалардың кіру және шығу мөрлері бар көшірмелері; 

  • Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілерге: Қазақстанда тұруға ықтияр хаттың/тіркеудің түпнұсқасы мен көшірмесі;

  • Азаматтық хал актілерін растайтын құжаттар (мысалы, туу/неке/қайтыс болу туралы куәліктер) АХАЖ мөрімен түпнұсқада ұсынылуы тиіс (eGov көшірмелері жарамсыз!)

  • Шенген аймағындағы барлық мемлекеттерге жарамды, ең төменгі сомасы 30 000 еуроны құрайтын, жарамдылық мерзімі көрсетілген сапарлық медициналық сақтандырудың көшірмесі. Сақтандыру үміткердің Шенген аймағында болған уақытында ауруға шалдығуы немесе қайтыс болуы жағдайындағы елге қайтару шығындарын, шұғыл медициналық көмек пен/немесе ауруханаға шұғыл жатқызу шығындарын жабуы тиіс. Бұл сақтандыру сондай-ақ COVID-19 ауруынан туындайтын шығындарды да кемінде 30 000 еуро көлемінде қамтуы қажет. Несие карталарын ұсынатын компаниялардың медициналық сақтандыруы қабылданбайды.

  • Виза үшін консулдық алым теңгемен төленеді

  • Сапар мақсатының дәлелдемелері: 

Германиядағы емдеуші дәрігердің шақыру хатының түпнұсқасы мен көшірмесі  ЖӘНЕ

- Германиядағы емдеуші дәрігер толтырған "Медициналық емдеу"  қосымша формуляр, оны дипломатиялық өкілдіктерден, виза ашу үшін берілетін өтініштерді қабылдайтын орталықтардан және дипломатиялық өкілдіктің веб-сайтынан тегін алуға болады;

- Германиядағы емдеуші дәрігер толтырған «Шұғыл медициналық себептер бойынша Германияға келуге рұқсат» қосымша нысанын шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерден, визаларды қабылдау орталықтарынан және дипломатиялық өкілдіктің веб-сайтынан тегін алуға болады. 

  • Егер өтініш беруші бұдан бұрын емделген болса: Бұрын елде немесе шетелде емделгенін растайтын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ диагнозды растайтын анықтама;

  • Өтініш иесінің банктегі ағымдағы есепшотының жайы көрсетілген банк анықтамасының түпнұсқасы, онда банктің мөрі, қолы болуы қажет және кейінгі 3 ай ішіндегі банктегі есеп- шотынан шыққан ағымдағы шығарымдар. Банк анықтамасы виза ашуға жазылатын өтінішке дейін көп дегенде екі аптадан аспай берілуі керек;

- Некеде тұратын арыз берушілер күйеуінің/әйелінің банктегі есепшотының түпнұсқасы мен көшірмесін және табысты растайтын құжатпен бере алады, оған қоса некеге отырғаны туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін тапсырады;

- Кәмелетке толмаған өтініш берушілер өзін бірге алып жүрген ата-анасының біреуінің есепшотының көшірмесін алуына болады + өзінің тууы туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

  • Отбасы жағдайына байланысты: некеге отырғаны туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі; Неке бұзу туралы куәліктері немесе ата-анасының (күйеуінің/әйелінің) қайтыс болу туралы куәліктер; түпнұсқасы мен көшірмесі;

  • Балалары болса: тууы туралы куәліктерінің түпнұсқасы мен көшірмелері;

  • Жылжымайтын мүлік (зат, меншік) болса: Мүлкі туралы анықтама (виза ашуға өтініш жазған күннен төрт аптадан аспайтын уақытқа дейін берілген болуы керек);

  • Жұмыс істейтіндер үшін: Жұмыс жасайтын жерден берілген анықтаманың түпнұсқасы. Анықтамада оның лауазымы, еңбек қызметінің ұзақтығы, орта айлық жалақысы, берілетін демалыс және оның мерзімі мен сипаты (төленетін/төленбейтін демалыс) көрсетіледі. Сонымен қатар жұмыс орынының толық мекен-жайы, байланыс деректері, жұмыс берушінің анықтамадағы мөрі мен қолы;

  • Жеке кәсіпкерлер мен ЖШС құрылтайлары үшін: Е-gov-тан берілетін мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлға екендігі туралы анықтама, кейінгі есепті уақытқа берілген табыстың дәлелі ретінде салық құжаттары (патент немесе электрондық түрдегі декларация). Және салық берешегі бар ма немесе жоқ па турасындағы анықтама;

  • Зейнеткерлер үшін: Зейнеткерлік есеп шотынан шығарылым: 

  • Студенттер үшін:

    - Оқитын жерінен анықтаманың түпнұсқасы. Анықтамада оқудың түрі, мамандығы, курсы және оқудағы қалған уақыты көрсетіледі;

  • Оқушылар үшін: 

    - Мектептен берілген анықтаманың түпнұсқасы.

  • Егер өтініш беруші науқасты апаратын адам ретінде баратын болса: Жұмыс берушінің, университеттің немесе мектептің (сол кезеңге сабақтан босатылғаны туралы) растау құжаттары; 

Кәмелетке толмағандар үшін қосымша деректер:

  • Тууы турлы куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі;

  • Егер тууы туралы куәліктегі мәліметтер шешесінің айтуымен жазылған болса: АХАЖ (азаматтардың хал актілерін жазу) мекемесінің №4 формасы бойынша берген актуалды анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі (анықтаманың берілген уақыты виза ашу үшін жазылған берілген өтініштің күнінен төрт тәуліктен аспауы керек);

  • Ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың жеке тұлғаларын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

ЖӘНЕ

  • Өтініш формулярында ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың қолдары;

  • Егер ата-анасының біреуі қайтыс болған болса немесе ата-аналық құқығынан айырылған болса: өлгені туралы куәліктің немесе соттың шешімінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

ЖӘНЕ

  • Егер бала ата-аналарының біреуімен немесе үшінші тұлғаның жетекшілігімен, не болмаса жалғыз өзі баратын болса: Шенгендік Келісімге кіретін елдің аймағына баратын балаға жетекшілік жасайтын тұлғаға немесе белгілі бір уақытқа баратын баланың өзіне сапарға бірге шықпаған ата-аналарының нотариалдық түрде расталған рұқсатнамасының көшірмесі мен түпнұсқасы;

  • Егер ата-анасының немесе сапарға бірге баратын тұлғаның жарамды шенген визасы болса: Осы визалардың көшірмесі. 

                Естеріңізде болсын: Сіздің өтінішіңізді қарау барысында қосымша құжат қажет  болған                 жағдай туындаса, онда дипломатиялық  өкілдік қосымша құжаттарды жіберуді талап   етеді. Бірақ бұл құжаттар  Сізге визаны автоматты түрде ашуға негіз болып табылмайды.

жоғары