Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Спорттық жарыстарға қатысуға баруға виза
Барлық ескертулер мен бланк қағаздарын виза бөлімдерінен, дипломатиялық өкілдіктердің веб-сайтынан, сонымен қатар „визалық орталықтардан“ тегін алуға болады.
Спорттық жарыстарға баруға виза ашу үшін берілетін өтініш туралы ақпарат
«Виза ашу үшін берілетін өтініштің жалпы мағлұматтары туралы» ескертпемен қосымша танысуыңызды сұраймыз.
Өтініш берушінің Шенген визасын алу үшін толық толтырылған қолы қойылған сауалнамасы. Мұнда шетелдіктердің келуі туралы Заңның 53 параграфы, осы параграфтың 1 абзацы мен 54 параграфтың 2 абзацының, №7, 8 пунктерінің өзара байланысы туралы түсініктемелері қоса ескеріледі; электрондық толтыруға және қайта басып шығаруға арналған сауалнаманың толық түрін Сіз мына жерден www.videx.diplo.de таба аласыз.
Соңғы 6 айдың ішінде түсірілген 3,5 х 4,5 см көлеміндегі (сауалнамаға жапсырылған)
2 биометриялы фотосурет.
Жарамды, өтініш берушінің қолтаңбасы қойылған (16 жастан бастап) халықаралық төлқұжат және төлқұжаттың жеке деректері орналасқан бетінің көшірмесі. Визаны рәсімдеу кезінде төлқұжат кемінде әрі қарай 3 айға жарамды және кем дегенде 2 бос беті болуы тиіс және соңғы 10 жылда берілуі міндет;
Бар болған жағдайда соңғы үш жылда берілген шенген визалардың кіру және шығу мөрлері бар көшірмелері;
Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілерге: Қазақстанда тұруға ықтияр хаттың / тіркеудің түпнұсқасы мен көшірмесі;
Азаматтық хал актілерін растайтын құжаттар (мысалы, туу/неке/қайтыс болу туралы куәліктер) АХАЖ мөрімен түпнұсқада ұсынылуы тиіс (eGov көшірмелері жарамсыз!)
Шенген аймағындағы барлық мемлекеттерге жарамды, ең төменгі сомасы 30 000 еуроны құрайтын, жарамдылық мерзімі көрсетілген сапарлық медициналық сақтандырудың көшірмесі. Сақтандыру үміткердің Шенген аймағында болған уақытында ауруға шалдығуы немесе қайтыс болуы жағдайындағы елге қайтару шығындарын, шұғыл медициналық көмек пен/немесе ауруханаға шұғыл жатқызу шығындарын жабуы тиіс. Бұл сақтандыру сондай-ақ COVID-19 ауруынан туындайтын шығындарды да кемінде 30 000 еуро көлемінде қамтуы қажет. Несие карталарын ұсынатын компаниялардың медициналық сақтандыруы қабылданбайды.
Виза үшін консулдық алым теңгемен төленеді (Алымдар туралы толық мәліметті Сіз веб-сайтта таба аласыз)
Сапар мақсатының дәлелдемелері: Германиядағы спорт федерациясының/спорт клубының шақыру хатының түпнұсқасы + көшірмесі.
- Шақырушы мекеменің атауы, толық мекенжайы мен байланыс деректері;
- Шақыру хатында қол қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты көрсетілуі қажет;
- Баратын тұлғаның тегі, аты, туған күні;
- Бару мақсаты мен болатын мерзімінің ұзақтығы;
Қажет болған жағдайда:
- Германияның «Қоныс аудару туралы» заңының §§ 66–68 баптарына сәйкес міндеттемелік өтініштің түпнұсқасы
- Неміс мемлекеттік органының немесе нотариусының қол қоюды куәландыруы
НЕМЕСЕ шақырушының төлқұжатының/жеке куәлігінің көшірмесі
- Егер шақырушы Германия азаматтығына ие болмаса: Германиядағы тұруға рұқсат құжатының көшірмесі
- Егер сапар шығындарын Қазақстан Республикасының ұлттық спорт федерациясы өз мойнына алса: Спортшының аты-жөні мен туған күні, сондай-ақ нақты сапар мерзімі көрсетілген шығындарды өтеу туралы өтініштің түпнұсқасы
- Еңбеккерлер үшін:
Жұмыс берушінің қолы мен мөрі қойылған, қызмет түрі мен ұзақтығы, айлық табыс, толық байланыс деректері көрсетілген жұмыс орнынан анықтаманың түпнұсқасы
- Жеке кәсіпкерлер үшін:
Жеке кәсіпкер куәлігі (eGov порталынан алынған электрондық үзінді) және соңғы есепті кезең бойынша салық құжаттары (патент немесе электрондық декларация) – табыс дәлелі ретінде
ЖӘНЕ салық берешегінің бар-жоғы туралы анықтама Студенттер үшін:
- Оқитын жерінен анықтаманың түпнұсқасы. Анықтамада оқудың түрі, мамандығы, курсы және оқудағы қалған уақыты көрсетіледі.
- Егер сапар ағымдағы семестр кезінде болса: Сапарға кетуіне байланысты сол кезеңде оқудан босатылғаны туралы анықтаманың түпнұсқасы;
Оқушылар үшін:
- Мектептен берілген анықтаманың түпнұсқасы.
- Егер сапар ағымдағы оқу жылы кезінде болса: Сапарға кетуіне байланысты сол кезеңге мектеп сабақтарынан босатылғаны туралы анықтаманың түпнұсқасы;
Кәмелетке толмағандар үшін қосымша деректер:
Тууы турлы куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі;
Егер тууы туралы куәліктегі мәліметтер шешесінің айтуымен жазылған болса:
АХАЖ (азаматтардың хал актілерін жазу) мекемесінің №4 формасы бойынша берген актуалды анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі (анықтаманың берілген уақыты виза ашу үшін жазылған берілген өтініштің күнінен төрт тәуліктен аспауы керек);
Ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың жеке тұлғаларын куәландыратын құжаттардыңкөшірмелері;
ЖӘНЕ
- Өтініш формулярында ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың қолдары;
- Егер ата-анасының біреуі қайтыс болса немесе ата-аналық құқығынан айырылған болса: Қайтыс болу туралы куәліктің немесе соттың шешімінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
ЖӘНЕ
Егер бала ата-аналарының біреуімен немесе үшінші тұлғаның жетекшілігімен, не болмаса жалғыз өзі шыққан болса: Шенгендік Келісімге кіретін елдің аймағына баратын балаға жетекшілік жасайтын тұлғаға немесе баратын баланың өзіне сапарға бірге шықпаған ата-аналарының нотариалдық түрде расталған рұқсатнамасының көшірмесі мен түпнұсқасы;
Егер бірге баратын ата-анасының немесе сапарға жетекшілік жасайтын тұлғаның жарамды шенген визасы болса: Осы визалардың көшірмесі.
Естеріңізде болсын: Сіздің өтінішіңізді қарау барысында қосымша құжат қажет болған
жағдай туындаса, онда дипломатиялық өкілдік қосымша құжаттарды жіберуді талап етеді. Бірақ бұл құжаттар Сізге визаны автоматты түрде ашуға негіз болып табылмайды.