Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Көрмеге қатысуға виза

мақала

Барлық ескертулер мен бланктерді виза бөлімдерінен, дипломатиялық өкілдіктердің веб-сайтынан, сонымен қатар визалық  орталықтардан тегін алуға болады.

Көрмеге бару үшін виза ашуға берілетін өтініш туралы ақпарат

«Виза ашу үшін берілетін өтініштің жалпы мағлұматтары туралы» ескертпемен қосымша танысуыңызды сұраймыз.

  • Өтініш берушінің шенген визасын алу үшін толық толтырылған өзінің қолы қойылған сауалнама. Мұнда шетелдіктердің келуі туралы заңның 53 параграфы, осы параграфтың 1 абзацы мен 54 параграфтың 2 абзацының, №7, 8 пунктерінің өзара байланысы туралы түсініктемелері қоса ескеріледі; электрондық толтыруға және қайта басып шығаруға арналған сауалнаманың толық түрін Сіз мына жерден www.videx.diplo.de таба аласыз.

  • 2 актуалды биометрикалық (сауалнамаға жапсырылған) фотосурет, өлшемі 3,5х4,5 см. 

Түсірілген уақыты 6 айдан аспауы керек;

  • Жарамды  (16 жастан бастап төлқұжат иесінің қолы қойылған)  халықаралық төлқұжат + төлқұжаттың бірінші бетінің дербес мәліметтерінің көшірмесі; халықаралық төлқұжаттың берілген визаның уақыты өткеннен кейін де ең кем дегенде 3 айлық күші болуы керек және ол кейінгі 10 жылдың ішінде берілген болуы қажет және кем дегенде екі бос беті болуы керек;

  • Бар болған жағдайда соңғы үш жылда берілген шенген визалардың кіру және шығу мөрлері бар көшірмелері; 

  • Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілерге: Тұруға ықтияр хаттың Қазақстанда тіркелудің түпнұсқасы мен көшірмесі;

  • Азаматтық хал актілерін растайтын құжаттар (мысалы, туу/неке/қайтыс болу туралы куәліктер) АХАЖ мөрімен түпнұсқада ұсынылуы тиіс (eGov көшірмелері жарамсыз!)

  • Шенген аймағындағы барлық мемлекеттерге жарамды, ең төменгі сомасы 30 000 еуроны құрайтын, жарамдылық мерзімі көрсетілген сапарлық медициналық сақтандырудың көшірмесі. Сақтандыру үміткердің Шенген аймағында болған уақытында ауруға шалдығуы немесе қайтыс болуы жағдайындағы елге қайтару шығындарын, шұғыл медициналық көмек пен/немесе ауруханаға шұғыл жатқызу шығындарын жабуы тиіс. Бұл сақтандыру сондай-ақ COVID-19 ауруынан туындайтын шығындарды да кемінде 30 000 еуро көлемінде қамтуы қажет. Несие карталарын ұсынатын компаниялардың медициналық сақтандыруы қабылданбайды

  • Виза үшін консулдық алым теңгеде алынады (консулдық алымдар тұралы толық мәліметті веб-сайттан таба аласыз)

  • Сапар мақсатының дәлелдемелері: Көрмеге алған билеттің көшірмесі, немесе өтініш берушінің көрмеге экспонент ретінде болатындығы жөнінде дәлелдемесі.

  • Егер өтініш берушінің ол жерде болғандағы шығынын өзі өтейтін болса:

    - Өтініш берушінің атына берілген, ондағы есепшотының ағымдағы жайы көрсетіліп, банктің мөрі мен лауазымды тұлғаның қолы қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы және кейінгі 3 айдағы банк есепшотының ағымдағы шығарылымдары. Банк анықтамасы виза ашуға берілген арыздың ең көп дегенде екі аптадан аспай жазылуы керек;

    - Қонақ үйінен бүкіл уақытқа орын брондау.

  • Егер шақырушы жақ келушінің ол жерде болуы кезіндегі шығындарың өзі көтеретін болса: Германияның іс сапарға шақыру хатының түпнұсқасы мен көшірмесі, мұнда мыналар көрсетілуі керек:

    - Шақырушы кәсіпорынның атауы, толық мекен-жайы мен байланыс деректері;

    - Шақыру хатына қол қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, туған күні;

    - Шақырылып отырған тұлғаның тегі, аты, туған күні;

    - Шақырылып отырған тұлғаның бару мақсаты мен болатын мерзімінің ұзақтығы;

    - Шақырушының шетелдіктердің келуі туралы Заңның 66-68 §§ сәйкес келушінің сонда жүргенде болуы мүмкін шығындарын қаржыландыруды өз міндетіне аламын деген нақты тұжырымды өтініші;

    - Ресми Германия уәкілеттігінде нотариустың қолды куәландыратын жазбасы, НЕМЕСЕ, оның орнына шақырушы тұлғаның паспортының/жеке куәлігінің көшірмесін тіркесе жеткілікті;

    - Егер шақырушы тұлғаның Германия азаматтығы жоқ болса, онда: Германияда тұруға ықтияр хаттың көшірмесі.

  • Егер жұмыс беруші өтініш берушінің ол жерде болғандағы шығындарын өзі өтейтін болса: Өтініш білдірушінің шығындарын төлейтіндігі жайлы іс-сапарға жіберілуі туралы а бұйрықтың түпнұсқасы

  • Жұмыс істейтіндер үшін: Жұмыс істейтін жерден берілген анықтаманың түпнұсқасы. Онда оның жұмыстағы лауазымы, еңбек қызметінің ұзақтығы, орта айлық жалақысы, көрсетіледі. Сонымен қатар, оның толық мекен-жайы, байланыс деректері, жұмыс берушінің анықтамадағы мөрімен қолы;

  • Жеке кәсіпкерлер мен ЖШС құрылтайшылары үшін: E-gov тан берілетін мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлға екендігі туралы анықтама, кейінгі есепті уақытқа берілген табыстың дәлелі ретінде салық құжаттары (патент немесе электрондық түрдегі декларация). Және салық берешегі бар ма немесе жоқ па турасындағы анықтама; 

Естеріңізде болсын: Сіздің өтінішіңізді қарау барысында қосымша құжат қажет болған   жағдай туындаса, онда дипломатиялық өкілдік қосымша құжаттарды жіберуді талап етеді. Бірақ бұл құжаттар Сізге виза автоматты түрде ашуға негіз болып табылмайды.

жоғары