Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Шағын жобалар
Шағын жобаға қатысты идеяңыз бар және қаржылық қолдау іздеп жүрсіз бе?
Егер жобаңыз келесі талаптарға сай келсе, Сіз Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігіне қаржылық қолдау алуға өтінім бере аласыз:
Жобада пайдалану шығындарын азайту немесе әлеуметтік осал топтардың кәсіби дамуын ілгерілету сияқты экономикалық фактор бар. Жобаңыз өзін-өзі тұрақты қаржыландыруы керек.
Жобаңыз жергілікті халықтың ұзақ мерзімді өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Жобаңызды толығымен өз қаражатыңызбен қаржыландыра алмайсыз. (Дегенмен, өзіңіз қосатын үлесіңіз кемінде 10% болуы керек).
Қаржылық қолдау біррет көрсетіледі жәнеГермания Федеративтік Республикасытарапынан қайталанатын міндеттемелерге әкелмейді.
Жобаны жүзеге асыратынкәсіпорын қоғамдық мүддесібар ұйым болыптабылады (мысалы, үкіметтік емес ұйым, қоғамдық қор жәнет.б.). Тек жергілікті коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар ғана жобаның бенефициарлары бола алады
! Ағымдағы шығындарға (жалақы, тұтыну тауарлары және т.б.) немесе несие беру үшін гранттар арқылы қолдау берілмейді.
Жобаға өтінімдер күнтізбелік жыл бойы 1 желтоқсанға дейін қабылданады. Келесі жылға жобалар таңдалады, ал үміткерлер өтініштері бойынша келесі жылдың 1 сәуіріне дейін жауап алады. ҮЕҰ қызметі және жоба идеяларыңыз туралы шамамен 1-2 бет көлемінде негізгі ақпарат беріңіз. Мысалы, мақсатты топ арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қажетті мерзім, жобаның жалпы құны және ұйымыңыздың үлесін көрсете отырып, семинарлар/тренингтер өткізу немесе ерекше қажеттіліктері бар адамдар/ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары/басқа әлеуметтік осал мақсатты топтар үшін аяқ киім жөндеу шеберханасын, наубайхананы, тігін салонын, спорт алаңын және т.б. жабдықтау.
Келесі жылдан бастап Германия елшілігі Қазақстанның барлық аймақтарында тіркелген ҮЕҰ-мен шағын жобаларды жүзеге асырады.
ҮЕҰ өтінімдерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына немесе Астанадағы Германия елшілігінің байланыс формулярын толтырып, «2026 жылға арналған шағын жоба идеялары» деген белгімен жолдауы керек.
1-нұсқа: Астанадағы Германия елшілігінің байланыс формулярын толтырыңыз Елшілікпен байланысу.
2-нұсқа: Өтінімдеріңізді Астанадағы Германия елшілігіне электрондық пошта арқылы жіберіңіздер: wi-100@asta.diplo.de