Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Қазақстандағы "неміс" жерінде өткен рождестволық жәрмеңке!
6-шы желтоқсанда қазақстандықтар Германияға 3 сағатқа "барып", нағыз рождестволық жәрмеңкені қандай болатындығын тамашалап қайтты. Бұл мүмкін емес деп ойласаңыз, қателесесіз. Себебі мұндай мүмкіндікті жасап отырған Германия Бас консулдығы. Иә, Бас консулдық өз территориясында бұрын-соңды болмаған рождестволық жәрмекені серіктестерімен бірлесе отырып, ұйымдастырды. Жәрмеңкеге бар-жоғы 1000 тг төлей алатын еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін кіре алды. Айтпақшы,18 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін болды. Ұзын-сонар кезекте тұрып, ішке қарай беттеген келушілер - консулдықтың артқы ауласында орналасқан сегіз шатырға қарай беттеді. Ғажайып сиқыр осы жерден басталады. Алматыдағы атақты неміс Пауланер рестораны хош иісті глинтвейн, брецель тоқаштары мен нағыс неміс сыраларын ұсынса, Қазақ-неміс университеті мен Гёте-Институт неміс рецепті бойынша тәтті тоқаштар бірлесіп жасап жатты. Келген қонақтар аң-таң. Халықаралық әйелдер клубы қолдан жасалған тәттілер мен көзтартар ойыншықтарды ұсынса, Орта Азиядағы неміс экономикасының өкілдігі (AHK) мен бірлестігі (VDW) қолдан балауыз жасаудан мастер-класс көрсетті. Біраз жүріп, тоңып қалған келішулерге Венгрия бас консулдығы ыстық кофе, шоколад, бәліштерді бөлістерді. Сонымен қоса, мажарстандық стильдегі түрлі ыдыстар, кеудеге тағатын ілгектер мен ыдыстарды сатып жатты. Алдына келген адамдардың саны біртіндеп ұлғая бастады. Украиналық "Галайда" мектебінің оқушылары сахнада өнер көрсеткенімен қоймай, украина ұлттық нақышта жасалған кәдесыйларды ұсынды. Бас консул Кислер салтанатты ашу кезінде барлық түскен қаржы — қайырымдылық қорына түсетіндігін айтты. Неміс театрының әртістері қыстық ертегілерінің кейіпкеріне еніп, атмосфераға жеңіл мистика бергендей. Германия Бас консулдығының өзі, немісше тәсілмен шұжықтарды қуырып, глинтвейн мен атақты штоллен (рождестволық бәлішті) ұсынды. Бас консул Кислер мырзаның балалармен бірге ән айтып, би билеуі — дипломаттың басқа қырынан көрсетті.
Алматыда күн ерте батып, қараңғылық түседі. Осы кезде жарық шамдар қосылып, айналаны әсем сәулеге бөледі. Сөз сөйлеу кезінде Кислер мырза, консульство қызметкерлеріне алғыс айтып, бұл шара - қызметкерлердің еңбегінсіз өтуі мүмкін еместігін жеткізді. Қазақта "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген сөз бар. Расында ұжымның татулығы мен басшылықтың ұйымдастыру қабілетінің арқасында күтілген 300 қонақтың орнына 868 келуі, оларды жоспарлаған бағдарламадан тайдыра қоймады. Жәрмеңкеге деген сұраныстың көп болуы — келесі жылға дегенді ниетті одан сайын күшейткені рас. Олай болса, 2026 ж. рождестволық жәрмеңкеге дейін кездескенше!