Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі

Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Тило Клиннер

Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Тило Клиннер, © Германия Елшілігі

05.03.2020 - мақала

2018 жылдың тамыз айынан бастап д-р Тило Клиннер Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап д-р Тило Клиннер Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі ретінде Германияны қабылдаушы елдегі мүдделерін білдіретін және Қазақстан-Германия қатынастарын барлық салада қолдайтын Елшілікті басқарады.

Өмірбаяны

Вюрцбургтегі Вирсберг орта мектебін бітірген соң, д-р Тило Клиннер 1977-1983 жылдар аралығында Вюрцбургтегі Юлий-Максимилиан атындағы университетте және Лозанна университетінде құқық саласында білім алған. 1983 жылы ол құқық саласындағы алғашқы мемлекеттік емтиханды тапсырды. Пассау қаласындағы жер сотында заңгерлік практикадан өткеннен кейін, 1984-1985 жж. Монреальдағы МакГилл университетінің аспирантурасында оқыды. Осыдан кейін ол Мюнхенде тағылымдаманы жалғастырып, 1987 жылы заң бойынша екінші мемлекеттік емтиханын тапсырды.

Сол жылы Мюнхеннің Жоғарғы жер сотында адвокат болып жұмыс істеді. 1988 жылы Вюрцбургтегі Юлий-Максимилиан университетінде «Халықаралық құқықтағы спутниктік қашықтық зондтау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап,  азаматтық және шіркеу құқығы саласындағы жоғары ғылым докторы дәрежесіне ие болды. 

Сол жылы д-р Клиннер Сыртқы істер министрлігіне қызметке тұрды және 1989 жылы жоғары қызметке кәсіби жарамдылық тестінен өтті. 1990 жылға дейін ол Бонндағы Сыртқы істер министрлігінің қорғаныс және қауіпсіздік бөлімінде, ал 1990 жылдан 1993 жылға дейін Мәскеудегі елшіліктің саяси бөлімінде референт болып жұмыс істеді. 1993-1996 жылдары д-р Клиннер Бонндағы Сыртқы істер министрлігінің  мәдени бөлімінде жұмыс істеді.

1996 жылы оның келесі шетелдік қызметі, бұл жолы Тринидад пен Тобагодағы Германияның елшілігінде елшінің орынбасары лауазымында болды. 1999-2000 жж. аралығында д-р Клиннер Пекиндегі Германия елшілігінде саясат және баспасөз хатшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.

2002 жылы д-р Клиннер Сыртқы істер министрлігінің бас кеңсесіне оралып, қоғаммен байланыс жөніндегі басшысының орынбасары болып істеді.

2005-2008 жж. Екатеринбургте бас консул болды. 2008-2011 жж. д-р Клиннер Сыртқы істер министрлігінде Германияның дипломатиялық өкілдіктерін ұйымдастыру жөніндегі кеңесші инспектор болып жұмыс істеген. Осыдан кейін, 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін ол Пәкістандағы Карачи қаласындағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы болды.

Берлинге қайта оралғаннан кейін, Сыртқы істер министрлігінде сыртқы сауда және технологиялар жөніндегі, сонымен қатар экономика және адам құқықтары жөніндегі уәкілі қызметін атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап д-р Клиннер Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы, Астанадағы Елшісі болды.

жоғары