Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Ұлттық визаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
Мүмкін Сіз өз сұрақтарыңызға жауапты осы жерден таба аларсыз:
FAQ
Сіз білікті жұмысшылардың Германияға қоныс аударуына қатысты сұрақтарыңызға жауапты осы жерден табасыз.
Сіз өтінішіңізді ГФР – на қатысты елді мекендегі дипломатиялық өкімдікке тапсырасыз, онда Сіздің тұрғылықты тұратын жеріңіз орналасқан және / немесе өмірлік мүдделеріңіздің аясы орын алған. Тұрақты тұратын жер және / немесе өмірлік мүдделері тұрған жер дегеніміз 6 ай және одан да көп мерзім ішінде өтініш беруші тұрып жатқан қала немесе өзге елді мекен болып табылады. Сонымен бірге, өтініш иесінің азаматтығының маңызы жоқ. Егер Сіз Қазақстанның азаматы бола тұра ұзақ уақыт бойы шетелде тұрып жатқан болсаңыз, онда Сіз Қазақстандағы ГФР –ның дипломатиялық өкілдіктеріне виза ашуға өтініш бере алмайсыз.
Егер Сіздің тұрақты тұратын жеріңіз Елшілікке қатысты аймақ болса, онда Сіз виза ашуға өтінішті Астана қаласындағы Елшілікке тапсыра аласыз.
Бас консулдыққа кіретін облыстардың тізімін Сіз осы жерден таба аласыз.
Жоқ. Егер Сіздің өмірлік мүдделеріңіздің аясы және осыған байланысты ұзақ уақыт тұрып жатқан жеріңіз шетелде болған болса, онда Сіз мекендеген елдегі ГФР - ның дипломатиялық өкілдігі Сіздің өтінішіңізді қарастыруға жауапты жалғыз мекеме болып табылады.
Жоқ . Елшілік ағылшын тілінде жазылған құжаттарды неміс тіліне аудармай – ақ қабылдай береді.
Жалпы алғанда, неміс тілін А1 деңгейінде меңгергені туралы тілдік сертификаттың ескіру мерзімі жоқ. Алайда, дипломатиялық өкілдік виза ашуға тапсырылған өтінішті қарастыру кезінде өтініш берушінің неміс тілін дәл осылай меңгергені туралы білімінің нақты бар екендігін тексеру қажет. Әсіресе, егер сертификат берген күннен бір жыл немесе одан да астам уақыт өткен болса, ал Сіздің емтиханда алған бағаларыңыз жоғары болмаса, онда өкілдік Сіздің неміс тілін меңгерудегі біліміңізді қарапайым деңгейде қайта тексеретін болады, мысалы Сізбен жеке әңгіме өткізу түрінде.
Бұғатталған шотты ашу туралы ақпараты Сіз осы жерден 4- ші тараудан таба аласыз.
Оқуға немесе тілдік курстарға бару үшін ұлттық виза ашуға тапсырылатын өтініштерді қарау кезінде Елшілік / Бас консулдық визаны әдеттегідей, шетелдіктер істері жөніндегі құзыретті Германия мекемесінің мақұлдауынан кейін ғана бере алады.
Егерде, Сіз қаржылық қаражаттарыңыздың бар екендігін растау үшін бұғаттаған шоттың көшірмесін ұсынатын болсаңыз, онда Сіздің өтінішіңізді қарастыру «әдепкі уақыт бойынша» деп аталатынды пайдалану арқылы жүзеге асуы мүмкін. Бұл дегеніміз, осындай жағдайда шетелдіктер істері жөніндегі мекеменің мақұлдауы Елшілікке / Бас консулдыққа, әдеттегідей, 23 күн өткеннен кейін түседі дегенді білдіреді. Жекелеген айрықша жағдайларда бұғатталған шоттың көшірмесінің бар екендігіне қарамастан қарастыру созылып кетуі ықтимал. «Әдепкі уақыт бойынша» дегеніміз, сондай – ақ қабылдау туралы Заңның 66-68 параграфтарына сәйкес міндеттемелер алу туралы өтінішті тапсыру кезінде қолданылуы мүмкін.
Қабылдау туралы заңның 66-68 параграфтарына сәйкес міндеттемелер алу туралы өтініш Германиядағы шетелдіктер істері жөніндегі мекемеде жасалуы қажет. Бұл өтініште өтініш берушінің Германияда болу мақсаты көрсетілуі қажет: «оқу» немесе «тілдік курс» және оның мерзімі, ол тілдік курстың / немесе оқудың толық ұзақтығына тең болуы керек. Жекелеген айрықша жағдайларда қабылдау туралы Заңның 66-68 параграфтарына сәйкес міндеттемелер алғаны туралы өтініштің бар екені болса да өңдеу созылып кетуі мүмкін.
- «Болуға рұқсат немесе маңыздығы тең құжат, № және «дейін жарамды» бағанының 1-ші беті, 1-ші тармағы.
Бұл бағандарға мәліметтерді мына жағдайда ғана енгізу қажет болады: егер Сіз Қазақстанда шетел азаматы ретінде тұрған болсаңыз және Қазақстанда тұруға ықтияр хатыңыз болса.
- «Өтініш берушінің ата-анасының мәліметтері бағанының 2-ші беті, 4-ші тармағы.
Бұл бағанға кәмелетке толмаған өтініш берушілердің ата-анасы жөнінде және / немесе ата-ананың құқықтары жүктелген тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу қажет.
- «Сізде Германия Федеративтік Республикасында қолданылатын медициналық сақтандыру бар ма? Бағанының 4-ші беті, 13-ші тармағы.
«Ия» деген жауапты мынадай жағдайда ғана көрсетіңіз: егер визалық өтінішті тапсырар кезде Сізде Германия аумағына жарамды сақтандыру құжатыңыз бұрыннан болған болса, бұның өзі тек сирек кездесетін жағдай. Германияға кірер алдында Сіз дайындаған сақтандыру полюсі Германияға баратын саяхатшылар үшін ғана жарамды болады, ал Германияның өзінде тұратын адамдарға қолдануға келмейді және бұл жағдайда ол жарамсыз.
- «Байланыс ақпараты» бөлімі, сұрақ: «Сіз тұрып жатқан елдің азаматы емессіз бе?» Жауап: «Ия»
Бұл бағандарға мәліметтерді тек мына жағдайда ғана енгізу қажет болады: егер Сіз Қазақстанда шетел азаматы ретінде тұрып жатсаңыз және Қазақстанда тұруға ықтияр хатыңыз немесе қазақстандық визаңыз болған жағдайда. Ал егер Сіз Қазақстанның азаматы болсаңыз, онда бұл бағандарды толтыру қажет емес.
- «Жеке мәліметтер бөлімі», «Өтініш иесінің ата-анасы» бағаны.
Бұл бағанға тек кәмелетке толмаған өтініш берушілердің ата-анасы жөнінде және / немесе ата-ананың құқықтары жүктелген тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу қажет.
- «Ең төменгі күнкөріс үшін қажетті қаражат мөлшері» бөлімі, «Төменгі күнкөріс мөлшері және елде болуы туралы мәліметтер», Сізде Германия Федеративтік Республикасында жарамды медициналық сақтандыру бар ма? бағаны.
«Иә» деген жауапты мына жағдайда ғана көрсетіңіз: егер виза ашуға өтініш тапсырар кезде Сізде Германия аумағына жарамды сақтандыру құжатыңыз бұрыннан болған болса, бұның өзі тек сирек кездесетін жағдай. Германияға кірер алдында Сіз дайындаған сақтандыру полюсі Германияға баратын саяхатшылар үшін ғана жарамды болады, ал Германияның өзінде тұратын адамдарға қолдануға келмейді және бұл жағдайда ол жарамсыз.
Қарастыру мерзімі өтінішке байланысты өзгеріп отырады. Әдеттегідей Елшілік пен Бас консулдық өтініштерді қарастыруға Германиядағы шетелдіктер істері жөніндегі мекемені тартады. Бұл жағдайда түпкілікті қабылдаудың мерзімі Германиядағы мекеменің Сіздің өтінішіңіз бойынша өзінің көзқарасын қаншалықты жылдам білдіретіндігіне байланысты болады. Әсіресе, отбасының қайта қосылуы үшін берілетін визалардың қарау мерзімі күйеуінің немесе әйелінің шетелдіктер істері жөніндегі Мекеменің сұрауларына қаншалықты жылдам жауап беретіндігіне байланысты болады.
Студенттік визаларды алуға берілетін өтініштердің өңдеу мерзімі, әдеттегідей кем дегенде 23 күнге созылады. Жекелеген жағдайларда – кем дегенде 4 апта. Алайда қарастырудың стандарттық мерзімі 3 айды құрайды. DAAD стипендиаттарына виза алуға және «ЕО –тың Көк картасын» алуға талпынған үміткерлерге берілетін өтініштердің өңдеу мерзімі қысқартылады. Егерде, Сіз DAAD стипендиаты немесе «ЕО –тың Көк картасын» алуға үміткер болсаңыз, онда Елшілік / Бас консулдық Сізге өтініш берер кезде виза алуға тапсырған өтінішіңіздің өңдеу мерзімінің ұзақтығын хабарлайды.
Ұлттық визаның барлық түрін алуға берілетін өтініштердің өңдеу мерзімі, ең алдымен, тиісті құжаттардың жаднамаларға сәйкес жинақталғанына байланысты болады. Сіз құжаттарыңызды неғұрлым жақсы дайындайтын болсаңыз, Германиядағы Мекемелер де Сіздің өтінішіңіз бойынша соғұрлым жылдамырақ шешім қабылдай алады.
Ұлттық виза, әдеттегідей, Сіздің Германияда болуыңыздың алғашқы 90 күніне беріледі. Осы мерзім ішінде тұруға ықтияр хат алу мәселесі бойынша Сіз Германия аумағындағы неміс мекемесіне жүгінуіңіз қажет.
Ия. Ұлттық виза басқа Шенген мемлекеттерде 90 күннен аспайтын мерзім ішінде болуыңызға құқық береді.
Ұлттық визаны басқа Шенген мемлекет арқылы Германияға бірінші кіруге пайдалана алуыңыз мүмкін.
Ұлттық виза басқа кез келген мемлекет арқылы Германияға бірінші кіруге пайдалана алуыңыз мүмкін.
Сіздің Шенгендік виза алу үшін өтініш тапсыруға құқыңыз бар. Алайда, назарыңызды мынадай жайға аударуыңыз керек. Шенгендік визаға тапсырған өтінішті қарастыру кезінде өтініш иесінің виза мерзімінің жарамдылығы біткенше Қазақстанға оралуға дайын екендігі тексеріледі. Сіздің ұлттық виза алуға әлдеқашан өтініш тапсырып қойғаныңызға және осы арқылы Германияға ұзақ мерзімге (тұрақты мекен-жайға) бармақшы ниетіңізді білдіргеніңізге байланысты жағдай өте мұқият тексерілетін болады. Бұл жағдайда Шенгендік визаға тапсыратын өтінішіңізге қосымша құжаттарды қоса тіркеуге кеңес береміз, өйткені бұл құжаттар, біздің ойымызша, Сіздің сұраған Шенгендік визада қарастырған күндердің мерзімінде Германиядан кетуге дайын екеніңізді растайтын болады.