Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Германияның Қазақстандағы өкілдіктеріЕлшілік және консулдық
Жазғы уақытқа арналған баспасөз хабарламасы
Визаға өтініш беру алымы мен «Visametric» қызмет провайдеріміздің қызмет ақысынан басқа ешқандай төлем талаптары қойылмайтынын мәлімдейміз.
Егер Сізден Интернеттен дос қызыңызға немесе жігітіңізге виза үшін ақша төлеуді сұраған болса, онда бұл «махаббат алаяқтығы» деп те аталатын алаяқтық болуы мүмкін.
Өкінішке орай, дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме ықтимал қылмыстық істер бойынша Сізге қолдау көрсете алмайды.
Қаржылық қолдау туралы сұраулар әдетте жасалған фактілердің әртүрлі нұсқаларымен алдын ала болады.
Жазғы демалыс және саяхат уақыты жақындап келе жатыр. Германияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері 2024 жылдың жазында Германияны сапар орны ретінде таңдаған Қазақстан азаматтарын қолдайды.
Осы жазда дайындығыңызды және сапарыңызды қызықты ету үшін біз Сізге келесі ақпаратты дайындадық:
- Туристік бағыт ретінде Германия туралы ақпаратты алу үшін www.germany.travel порталын пайдалануды сұраймыз.
- Германияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері тек Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінен рұқсат алған www.visametric.com визалық орталығымен жұмыс істейді.
- Виза рәсімдеу процесіне туристік немесе визалық агенттіктерді көмекке тартудың қажеті жоқ. Бұрын Германияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктеріне туристік немесе визалық агенттіктердің қызмет көрсетуі үшін бағасының көтерілуі немесе олардың виза мәліметтерін қате беруі жайлы шағымдар жиі келіп түсетін. Сізге виза алу процесін дұрыс түсіндіретін шетелдегі неміс дипломатиялық өкілдіктерінің ақпаратына ғана сеніңіз.
· Виза ашу жөніндегі өтінішті уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету және клиенттерге тиімді қызмет көрсету үшін www.visametric.com сайтында құжаттарды тапсыруға уақытты алдын ала брондау қажет. Қазіргі уақытта бронды бірнеше күн ішінде алуға болады, бірақ жаз айларында күту уақыты созылып кетуі мүмкін.
· Өтінішті жоспарланған сапар басталғанға дейін 6 ай бұрын алдын ала тапсыруға болады. Өтініш дипломатиялық өкілдікке міндетті түрде сапарға шыққанға дейін 15 күннен кешіктірмей тапсырылуы керек.
· Өтініште тек нақты ақпарат көрсетулі керек. Бұл саяхат маршруты мен тұруды жоспарлаған қонақүйлер туралы ақпаратқа да қатысты. Назар аударыңыз: туристік визаны алғаннан кейін қонақүйді брондаудан бас тарту визаның күшін жоюға әкелуі мүмкін.
· Біз www.kasachstan.diplo.de веб-сайтында неміс, қазақ және орыс тілдерінде виза ашу жөніндегі тәртіпті және дипломатиялық өкілдікке қандай құжаттардың тапсырулы керектігін туралы ақпаратты ұсынамыз.
Германияда жыл сайынғы демалыс үшін Шенген визасын ашу жөніндегі өтінішті тек сапарға бірнеше күн қалғанда емес, қазіргі күннен бастап, яғни ертерек тапсыруға шақырамыз. Осылайша, Сіз виза ашу жөніндегі өтінішті уақтылы бере алмағаныңыз немесе өтінішіңіз ұзақ уақыт тексерілген себепті көңіл-күйіңізді бұзбайсыз.
2024 жылдың 11 маусымынан бастап Шенген визасын алу үшін алым 90 еуроны, алты және 12 жасқа дейінгі балалар үшін 45 еуроны құрайды (Виза кодексінің 16-бабының 1 және 2-тармақтары).
Өзгерістер Виза кодексінің 16-бабының 9-тармағына сәйкес үш жыл сайын жүзеге асырылатын Еуропалық комиссияның визалық алымдарды қарауы негізінде қабылданды.