Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Визалар және Германияға кіру шарттары
Германияға қош келдіңіз!
2025 жылдың 12 қазанынан бастап ЕО-тың барлық мүше мемлекеттері (Кипр мен Ирландиядан басқа), сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария Шенген аймағына кіру мен шығуды цифрлық тіркеуге арналған жаңа ІТ-жүйені енгізеді (EES — кіру/шығу жүйесі).
Германияда EES жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі: алдымен Дюссельдорф әуежайында, содан кейін Франкфурт-на-Майн әуежайында, әрі қарай басқа әуежайлар мен теңіз порттарында қолданылады.
Жүйе Шенген аймағына қысқа мерзімге (180 күннің ішінде 90 күнге дейін) кірушілерге қолданылады. ЕО, ЕЭА және Швейцария азаматтарына бұл талап жүрмейді. Саяхатшылардан ешқандай қосымша әрекет талап етілмейді — тек шекаралық бақылау бекеттеріндегі рәсім өзгереді.
Кіру кезінде адамның бет бейнесі мен саусақ іздері салыстырылады.
Паспорттарға енді физикалық мөр қойылмайды. Кіру және шығу деректері еуропалық деректерді қорғау заңнамасына сәйкес цифрлық түрде сақталады.
Кейбір әуежайларда тіркеу процесін жылдамдату үшін саяхатшылар өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын пайдалана алады.
Қосымша ақпарат Еуропалық Одақ пен Федералдық полицияның веб-сайттарында қолжетімді.
Жарамды визалары бар Ресей Федерациясының азаматтарына Германияға кіру әрі қарай да мүмкін. Визаларды беруге қатысты қолданыстағы талаптар туралы ақпаратты мына жерден табуға болады.
Германияның Қазақстандағы өкілдіктері жалпы Қазақстанда тұрақты/заңды тұратын тұлғаларға ғана виза мәселелері бойынша құзыретті екенін ескеріңіз. Біздің веб-сайтта Астанадағы Германия елшілігінің және Алматыдағы Бас консулдықтың тиісті әкімшілік аудандарына назар аударыңыз.
Осы себепті Астанадағы Германия елшілігі негізінен басқа тұлғалардың визалық өтініштерін қарай алмайды. Бұл ереже соғыстың басында Беларусь, Ресей немесе Украина аумағында тұрақты/заңды тұрғылықты жері бар немесе болған адамдарға да қолданылады.
Ресей Федерациясынан Қазақстанға тікелей келген және ұзақ мерзімді ұлттық визаға, мысалы, жұмыс істеуге немесе оқуға өтініш берген Ресей азаматтары бұл ережеге жатпайды, өйткені өздерінің жеке бастарына қауіп төнгендіктен, олардың Ресейдегі Германияның дипломатиялық өкілдігіне құжаттарын тапсыру үшін Ресейге қайтып оралуы мүмкін емес. Бұл санаттағы тұлғаларға әсіресе құқық қорғаушылар, журналистер, диссиденттер және соғыс қимылдарына қатысудан жалтарғандар жатады.
Аумақтық принципке сәйкес баспана беру туралы өтінішті шетелде беруге болмайды; бұл Германияда ғана мүмкін. Баспана алуға кіру визаларын Елшілік бермейді.
Ұлттық визалар туралы ақпаратты біздің веб-сайтымызда келесі сілтеме бойынша таба аласыз.
Визаға өтініш беру үшін кез келген жағдайда жарамды төлқұжат қажет.
Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі білікті маман ретінде ұлттық визаға өтініш берген кезде қойылатын талаптар мен өтінішті дайындау бойынша кеңес береді. Қосымша ақпаратты келесі сілтемелерден табуға болады:
Германия еліне кіру үшін Қазақстан азаматына виза алу қажет.
Виза түрі елде қанша уақыт аялдауды жоспарлауыңызға байланысты.
Бұл жерде, ең көбі 90 күнге дейін берілетін қысқа мерзімді виза (қонаққа бару, туризм, іс-сапар) және 90 күннен артық уақытқа берілетін ұзақ мерзімді виза (оқу, жұмысқа тұру, отбасымен қосылу) болып бөлінеді.
Өтініш, алдымен өзіңіздің жоспарлап отырған сапарыңыздың қанша уақытқа созылатынын анықтап алыңыз.
Жеке сұрақтарыңыз бойынша Елшілікке немесе Бас Консулдыққа кері байланыс қызметі арқылы хабарласыңыз.
Деректеріңізді қорғау туралы ақпаратқа назар аударыңыз.