Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

ЕО 2016/679 Регламентінің (Жалпы деректерді қорғау регламенті – DSGVO) 13 және 14-баптарына сәйкес ақпарат

мақала

Сіздің өтінішіңізді өңдеу барысында Германия Сыртқы істер министрлігі дербес деректеріңізді пайдаланады. Дербес деректер – бұл нақты бір немесе анықталатын тұлғаға қатысты кез келген ақпарат. Біз жүзеге асыратын деректерді өңдеу процесін түсіндіру және Деректерді қорғаудың жалпы регламентінің (GDPR) 13-бабына сәйкес ақпарат ұсыну міндеттемесін орындау мақсатында Сізге келесіні хабарлаймыз:

Менің деректерімді өңдеуге кім жауапты және деректерді қорғау жөніндегі уәкіл кім?

DSGVO-дың 4-бабының 7-тармағына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Германияның шетелдегі өкілдіктері жауапты болып табылады. Олар біртұтас федералдық мемлекеттік орган ретінде әрекет етеді.

Германия Федеративтік Республикасының Астанадағы Елшілігі

Космонавт көшесі, 62

010000 Астана

info@astana.diplo.de

+7 71 72 79 12 00

Германия Федеративтік Республикасының Бас консулдығы

Иванилов көшесі, 2

050059 Алматы

info@astana.diplo.de

+7 727 262 83 41, +7 727 262 83 49

Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Werderscher Markt 1

D-10117 Берлин

(Пошталық мекенжайы: Auswärtiges Amt, D-11013 Берлин)

Тел.: +49 30 18-17-0

Факс: +49 30-18-17-3402

Сайт: https://www.auswaertiges-amt.de/

Байланыс формасы

Сыртқы істер министрлігінің деректерді қорғау жөніндегі уәкілімен төмендегі байланыс деректері арқылы хабарласуға болады:

Сыртқы істер министрлігінің деректерді қорғау жөніндегі уәкілі

Werderscher Markt 1

D-10117 Берлин

Тел.: +49 30 18-17 0

Байланыс формасы

Визаға өтініш берген кезде шетелдегі өкілдік қандай деректерді өңдейді және олар қайдан алынады?

Өңделетін дербес деректер санаттарына визалық өтініш нысанында талап етілетін деректер жатады. Әдетте олар мыналарды қамтиды: тегі; туған кездегі тегі; аты; туған күні мен туған жері (мемлекетті көрсете отырып); жынысы; азаматтығы (азаматтықтары); отбасылық жағдайы; қазіргі мекенжайы; телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; кәсіби қызметі жол жүру құжаты туралы мәліметтер (құжат түрі, сериясы мен нөмірі, берген мемлекет пен орган, берілген күні, жарамдылық мерзімі) фотосурет;  саусақ іздері.

Ұлттық визаға өтініш берген жағдайда қосымша мәліметтер де талап етіледі, мысалы:  жұбайы немесе серіктесі туралы мәліметтер; балалары туралы мәліметтер; ата-аналары туралы мәліметтер; бұрынғы сапарлар мен болу кезеңдері туралы ақпарат;  жоспарланған болу мақсаты; сотталғандығы туралы мәліметтер; елден шығару немесе депортациялау фактілері; денсаулық жағдайына қатысты мәліметтер. Аталған деректер санаттары визалық рәсім барысында Сіз ұсынған мәліметтерден алынады.

Виза алуға өтініш беретін адамға шақыру хатын рәсімдеген кезде шетелдегі өкілдік қандай деректерді өңдейді және олар қайдан алынады?

Өңделетін деректер санаттарына визалық өтініш нысанында шақырушы тұлға туралы талап етілетін мәліметтер жатады. Атап айтқанда: аты-жөні; мекенжайы; электрондық пошта мекенжайы. Жоғарыда аталған деректер санаттары Сіз шақыру хатында және өтініш беруші визалық рәсім барысында ұсынған мәліметтерден алынады.

Менің деректерім не үшін жиналады және олар ұсынылмаған жағдайда не болады?

Сіздің деректеріңіз визалық рәсімді тиісті түрде жүргізу үшін жиналады және бұл заңнамамен міндеттелген.Германияның Тұру туралы заңының (AufenthG) 82-параграфына сәйкес, визалық өтініш берген кезде өтінішті қарау үшін қажетті барлық деректерді ұсыну және тиісті мәліметтерді беру Сіздің міндетіңіз болып табылады. Егер деректер ұсынылмаса, өтініш өңдеу алымы қайтарылмай отырып, қабылданбауы мүмкін.

Менің деректерім қандай мақсаттарда және қандай құқықтық негізде өңделеді?

Сіздің дербес деректеріңіз тек визалық рәсімді заң талаптарына сәйкес жүргізу мақсатында өңделеді. Құқықтық негіздері: ЕО 2016/679 Регламентінің (DSGVO) 6-бабының 1-тармағының c) және e) тармақшалары мен 2-тармағы; ЕО №767/2008 Регламенті (VIS регламенті).ЕО №810/2009 Регламенті (Визалық кодекс) және оның қосымшалары; Германияның Тұру туралы заңының (AufenthG) 72a және кейінгі параграфтары; Тұру туралы ереженің (AufenthV) 69-параграфы; Шетелдіктердің орталық тізілімі туралы заңды іске асыру жөніндегі ереже (AZRG-DV); Визалық ескерту дерекқоры туралы заң (VWDG); арнайы құқықтық нормалар; қажет болған жағдайда Германияның Федералдық деректерді қорғау туралы заңының (BDSG 2018) 3-параграфы.

Менің деректерім қанша уақыт қолданылады?

Сіздің деректеріңіз визалық рәсімді жүргізу үшін қажет болмай қалған кезде жойылады.Әдетте деректер визалық рәсім аяқталғаннан кейін екі жылдан соң жойылады, алайда кез келген жағдайда виза бойынша заңды күшіне енген шешім қабылданған күннен бастап бес жылдан кешіктірілмей жойылады.

Менің деректерім кімге түседі?

Сіздің деректеріңіз тек визалық рәсімді тиісті түрде жүргізу үшін қажет болған жағдайда ғана үшінші тұлғаларға беріледі. Осыған байланысты дербес деректеріңіз: Германияның құзыретті ішкі істер органдарына; басқа Шенген мемлекеттерінің визалық бөлімшелері мен орталық органдарына; Сіздің тұрақты тұратын жеріңіздегі құзыретті органдарға берілуі мүмкін. Еуропалық Одақтан тыс елдерге деректер беру тек DSGVO-дың V тарауына сәйкес рұқсат етілген жағдайларда жүзеге асырылады. Егер визалық рәсімнің жекелеген кезеңдерін орындау үшін сыртқы қызмет көрсетуші тартылса, қажетті көлемде деректер оған берілуі немесе ол арқылы жиналуы мүмкін.

Сыртқы визалық қызмет көрсетуші виза беру туралы өтініштерді қабылдап, оларды Елшілікке немесе Бас консулдыққа жолдайды. Ол DSGVO -дың 28-бабына сәйкес Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасы бойынша деректерді өңдеуші ретінде әрекет етеді. Дегенмен, деректерді өңдеуге жауапты орган болып Сыртқы істер министрлігі қала береді. Өңдеуші ұйым деректердің DSGVO мен BDSG талаптарына сәйкес өңделуін және Сіздің құқықтарыңыздың қорғалуын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта Сыртқы істер министрлігі өңдеушімен  DSGVO DPR-дың 28-бабының 3-тармағы талаптарына сәйкес келісімшарт жасасқан. Шенген визасына (С санатындағы виза) қатысты деректердің VIS жүйесінде өңделуі Шенген визасына өтініш беру кезінде өтініш нысанында көрсетілген деректер, фотосурет, саусақ іздері, сондай-ақ өтініш бойынша қабылданған шешімдер немесе визаны жою, күшін жою не ұзарту туралы мәліметтер - визалық ақпараттық жүйеге (VIS) енгізіледі және онда бес жылдан аспайтын мерзім сақталады. Осы кезең ішінде деректерге мыналар қол жеткізе алады: мүше мемлекеттердің визалық органдары, сыртқы шекаралардағы визалық бақылау органдары; көші-қон және баспана мәселелері жөніндегі органдар. Бұл деректер заңды кіру және болу талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ баспана беру туралы өтініштерді қарау мақсатында пайдаланылады. Белгілі бір жағдайларда терроризм мен өзге де ауыр қылмыстардың алдын алу, анықтау және тергеу мақсатында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Europol да бұл деректерге қол жеткізе алады. VIS жүйесіндегі деректерді өңдеуге жауапты орган: Bundesverwaltungsamt, D-50728 Köln, eu-zentrale-services@bva.bund.de. VIS жүйесіндегі деректерді өңдеу туралы толық ақпарат осы жерден таба аласыз.

Bundesverwaltungsamt пен Германияның Сыртқы істер министрлігі DSGVO-дың 26-бабына сәйкес деректерді бірлесіп өңдеу туралы келісім жасаған. Толық ақпарат осы жерден таба аласыз.

VIS жүйесінде сақталған өзіңізге қатысты деректер туралы ақпарат алу және оларды қай мемлекет енгізгенін білу жөніндегі өтінішті осы жерде Bundesverwaltungsamt мекемесіне жолдауға болады.

Мен деректер субъектісі ретінде қандай құқықтарға иемін?

Заңда көзделген жағдайларда сіз:

  • ақпарат алу құқығына (DSGVO 15-бап);

  • деректерді түзету құқығына (DSGVO 16-бап);

  • деректерді жою құқығына (DSGVO 17-бап);

  • өңдеуді шектеу құқығына (DSGVO 18-бап);

  • деректерді тасымалдау құқығына (DSGVO 20-бап); 

  • деректерді өңдеуге қарсылық білдіру құқығына (DSGVO 21-бап) иесіз.

Шағымды қайда жібере бере аламын?

Сіз дербес деректеріңіздің өңделуіне байланысты деректерді қорғау жөніндегі қадағалау органына шағым жасауға құқылысыз. Германияның Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі өкілдіктеріне қатысты құзыретті қадағалау органы:

Деректерді қорғау және ақпарат бостандығы жөніндегі Федералдық уәкіл: Graurheindorfer Str. 153, 53117 Bonn, Тел.: +49 228 997799-0, poststelle@bfdi.bund.de, www.bfdi.bund.de

жоғары