Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Германия Елшілігінде вакансия

Arbeitsplatzangebot © Colourbox.de
Германия Федеративтік Республикасының Астанадағы Елшілігі 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап немесе мүмкіндігінше тезірек тұрақты жұмысқа (толық жұмыс күні, жылжымалы кесте бойынша) қауіпсіздік бөліміне қызметкер (ә/е/б) қабылдайды
Қызмет негізінен келесі басты міндеттерді қамтиды :
- Қорғау, қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету міндеттері
- Жеке құжаттар мен заттарды тексеру
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде келушілер ағынын реттеу
- Телефон қоңырауларын қабылдау және тиісті бөлімдерге бағыттау
Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- Нысандарды қорғау және күзет қызметі саласында негізгі білімнің болуы;
- Жақсы мінез-құлық және ұқыпты сыртқы келбеті
- Денсаулық жағдайы бойынша күзетші қызметіне жарамдылық және жақсы дене даярлығы;
- Төзімділік пен бейімделгіштік
- Жоғары жауапкершілік сезімі
- Командада жұмыс істей білу
- Орыс тілін өте жақсы білу
- Неміс және/немесе ағылшын тілдерін жақсы білу
- Қазақ тілін білу артықшылық ретінде бағаланады
Егер үміткер
- қауіпсіздік саласындағы көп жылдық тәжірибеге ие болса
- біліктілікті арттыруға арналған жеке курста оқуға немесе қажет болған жағдайда неміс тілі бойынша білімін тереңдетуге деген ниет білдірсе,
қуанар едік.
Лауазымның толық жұмыс күні (аптасына 40 сағат) болуы жоспарлануда. Жұмыс икемді жұмыс кестесі аясында жүзеге асырылады . Бұл лауазым бастапқыда бір жыл мерзіммен шектеледі.
Шарттың талаптары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Жалақы ұлттық валютада төленеді.
Қызмет толық жұмыс күні режимінде (аптасына 40 сағат) жоспарланған. Қызмет күндіз жылжымалы жұмыс кестесіне сәйкес атқарылады. Бұл лауазым бастапқы кезеңде бір жыл мерзімге шектелген.
Еңбек шарты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі. Жалақы ұлттық валютада төленеді.
Конкурстық іріктеуден сәтті өткен соң, жұмысқа қабылданар алдында, денсаулық бойынша жарамдылықты растайтын медициналық тексеруден өту қажет. Белгілі ақпараттарға қол жеткізу құқығына байланысты тексеру шаралары да жүргізіледі. Сіздің осыған атсалысуға дайын екендігіңіз болжанады.
Қазақстан азаматтығы жоқ үміткерлердің жұмысқа қабылданған кезден кешіктірмей Қазақстан Республикасында тұруға жарамды ықтиярхаты және жұмыс істеуге жарамды рұқсаты болуы керек.
Бос орынға конкурсқа қатысуға өтінімді келесі құжаттармен бірге
- Неміс немесе ағылшын тіліндегі ілеспе хат/мотивациялық хат
- Неміс немесе ағылшын тіліндегі кесте түрінде жасалған өмірбаян (фотосурет қалауынша)
- Мінездемелер мен ұсыныс хаттардың көшірмелері
- Аяқталған оқу/қосымша білім туралы құжаттар
- Талаптар профилінде көрсетілген барлық білім/дағдыларды растайтын құжаттар (не болмаса негізделген түсіндірмелер)
- Паспорттың көшірмесі және қажет болған жағдайда тұруға ықтиярхаттың көшірмесі
2025 жылғы 1 тамызға, жұма күніне дейін, тек info@astana.diplo.de электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Құжаттарды жібергенде, келесі талаптарды орындауыңыз керек:
• электрондық хабарламаныздың тақырып жолында «Bewerbung Sicherheit 2025» сөздері жазылып тұруы керек.
• Бос орынға конкурсқа қатысуға өтінімге жататын барлық қосымшалар электрондық хабарламаға PDF форматындағы бір құжат ретінде қосылуы керек.
• Бос орынға конкурсқа қатысу туралы өтінімді қамтитын электрондық хабарламаның деректер көлемі (қосымшалармен бірге) 3 МБ аспауы керек.
Тек толық және уақтылы жіберілген өтінімдер қарастырылатынын ескеруіңізді сұраймыз. Өтінімдердің қабылданғаны туралы растаулар жіберілмейді. Жеке сұхбаттасуға (ауызша іріктеу процедурасына) шақырылған үміткерлерге ғана хабарласамыз. Алғашқы іріктеуден өткен үміткерлер 2025 жылдың 33 күнтізбелік аптасында сұхбаттасу үшін қол жетімді болуы керек.
Сұхбаттасу өтетін жерге жол жүру шығындары өтелмейді.
ЕО-ның деректерді қорғау туралы жалпы ережесінің (DSGVO) 13-бабына сәйкес деректерді қорғау туралы ақпаратты осы сілтеме арқылы табуға болады: https://kasachstan.diplo.de/kz-de/datenschutz.