Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Тіл үйрену курстарына қатысуға баруға виза
Барлық ескертпелер мен формулярларды виза бөлімдерінен, дипломатиялық өкілдіктердің веб-сайтынан, немесе „виза орталықтардан“ тегін алуға болады
Тілдік курстарына қатысуға арналған визаға өтініш беру туралы ескертпе
Сіздерден «Визаға өтініш беру жөніндегі жалпылама ақпарат» ескертпемен қосымша танысуыңызды сұраймыз
Тілдік курстарына қатысу мақсатымен ашылатын визаға өтініш беру үшін келесі құжаттарды қамтамасыз ету тиіс:
Әрбір өтінушінің Шенген визасын алу үшін толық толтырылған өзінің қолы қойылған сауалнамасы. Мұнда шетелдіктердің келуі туралы заңның 53 параграфына, осы параграфтың 1 абзацы мен 54 параграфының 2 абзацының, №7, 8 пункттеріне сәйкес түсініктемелері қоса ескеріледі; сауалнаманың электронды толтыруға және қайта басып шығаруға арналған толық түрін сіз мынадан www.videx.diplo.de таба аласыз.
Жақында түсірілген, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін, сауалнамаға жабыстырылған 2 биометрикалық фотосурет;
Иесінің қолы қойылған қолданыстағы шетелдік төлқұжаты + толық мәліметтері көрсетілген бірінші парағының көшірмесі; Егер құжаттарды тапсыру кезінде төлқұжат иесі 16 жастан асқан болса, төлқұжатта иесінің қолтаңбасы міндетті түрде болуы қажет. Егер төлқұжат иесіне 16 жасқа дейін қолтаңбасыз берілген болса, онда оны қолтаңбасы қойылған жаңа төлқұжатқа ауыстыру қажет. Шетелдік төлқұжаттың жарамдылығы сұралған визаның уақыт өткеннен кейін де кем дегенде 3 айлық күші болуы керек және соңғы 10 жылда берілуі, кем дегенде екі бос беті болуы міндет;
Бар болған жағдайда соңғы үш жылда берілген шенген визалардың кіру және шығу мөрлері бар көшірмелері;
Қазақстан азаматтығы жоқ өтінушілерге: Қазақстанда тұруға ықтияр хаттың / тіркеудің түпнұсқасы мен көшірмесі;
Азаматтық хал актілерін растайтын құжаттар (мысалы, туу/неке/қайтыс болу туралы куәліктер) АХАЖ мөрімен түпнұсқада ұсынылуы тиіс (eGov көшірмелері жарамсыз!)
Шенген аймағындағы барлық мемлекеттерге жарамды, ең төменгі сомасы 30 000 еуроны құрайтын, жарамдылық мерзімі көрсетілген сапарлық медициналық сақтандырудың көшірмесі. Сақтандыру үміткердің Шенген аймағында болған уақытында ауруға шалдығуы немесе қайтыс болуы жағдайындағы елге қайтару шығындарын, шұғыл медициналық көмек пен/немесе ауруханаға шұғыл жатқызу шығындарын жабуы тиіс. Бұл сақтандыру сондай-ақ COVID-19 ауруынан туындайтын шығындарды да кемінде 30 000 еуро көлемінде қамтуы қажет. Несие карталарын ұсынатын компаниялардың медициналық сақтандыруы қабылданбайды.
Виза үшін консулдық алым теңгемен төленеді (алымдар туралы толық мәліметті Сіз веб-сайтта таба аласыз)
Сапар мақсатын растайтын құжат
- Шақырушы мекеменің атауы, толық мекенжайы мен байланыс деректері;
- Шақыру хатында қол қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты көрсетілуі қажет;
- Келуші тұлғаның тегі, аты, туған күні;
- Келушінің келу мақсаты мен болатын мерзімінің ұзақтығы;
- Егер шақырушы жақ келушінің барған жерінде болу кезіндегі шығындарын өзі көтеретін болса: Онда ол шетелдіктердің келуі туралы Заңның § 66-68 параграфтарына сәйкес келушінің барған жерінде жүргенде болуы мүмкін қаржы шығындарын қаржыландыруды өз міндетіме аламын деген шақырушының нақты тұжырымды өтініші жазуы керек;
- Ресми Германия уәкілеттігінде нотариустың қолды куәландыратын жазбасы, НЕМЕСЕ, оның орнына шақырушы тұлғаның паспортының / жеке куәлігінің көшірмесін тіркесе жеткілікті;
- Егер шақырушы тұлғаның Германия азаматтығы жоқ болса, онда: Германияда тұруға ықтияр хаттың көшірмесі.
- Егер сапар шығындарын университет, мектеп немесе басқа да мемлекеттік мекеме өтейтін болса: саяхаттаушы адамның аты-жөні, туған күні, нақты сапар мерзімі және шығындарды өтеу көлемі көрсетілген шығындарды өтеу туралы мәлімдеменің түпнұсқасы ұсынылуы тиіс.
Өтінуші болу шығындарын өтеген жағдайда: Өтінушінің атына ашылған есепшотының ағымдағы жайы көрсетілген, банктің мөрі басылған, қолы қойылған банк анықтамасының түпнұсқасы және соңғы үш айдағы есеп шотының шығарылымдары; Банк анықтамасы виза ашуға берілген өтініштен ең көп дегенде екі аптадан аспай жазылуы керек;
Үйленген өтінушілер жұбайының банктегі есеп шотының түпнұсқасы мен көшірмесін бере алады, оған қоса некеге отырғаны туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесін тапсырады;
Кәмелетке толмаған өтінушілер ата-анасының біреуінің есеп шотының көшірмесін алуына болады + өзінің тууы туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
Студенттер үшін:
- Оқу орнынан анықтамасының түпнұсқасы. Анықтамада оқудың түрі, мамандығы, курсы және оқудағы қалған уақыты көрсетіледі;
- Егер сапар ағымдағы семестрде болса: Сапарға кетуіне байланысты сол кезеңде оқудан босатылғаны туралы анықтамасының түпнұсқасы.
Оқушылар үшін:
- Мектептен берілген анықтамасының түпнұсқасы ЖӘНЕ
- Егер сапар ағымдағы оқу жылы кезінде болса: Сапарға кетуіне байланысты сол кезеңге мектеп сабақтарынан босатылғаны туралы анықтамасының түпнұсқасы.
Кәмелетке толмағандарға қосымша:
Туу турлы куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі;
Егер туу туралы куәліктегі мәліметтер шешесінің айтуымен жазылған болса: АХАЖ бөлімінің №4 формасы бойынша жақында алған анықтамасының түпнұсқасы мен көшірмесі (анықтаманың берілген уақыты виза ашу үшін жазылған берілген өтініштің күнінен төрт аптадан аспауы керек);
Ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың жеке тұлғаларын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
ЖӘНЕ
Өтініш формулярында ата-аналық құқықтарына ие ата-аналардың қолдары;
Егер ата-анасының біреуі өлген болса немесе ата-аналық құқығынан айырылған болса: өлгендік туралы куәліктің немесе соттың шешімінің түпнұсқасы мен көшірмесі;
ЖӘНЕ
Егер бала ата-аналарының біреуімен немесе үшінші тұлғаның жетекшілігімен, не болмаса жалғыз өзі шыққан болса: Шенген Келісімге кіретін елдің аймағына баратын балаға жетекшілік жасайтын тұлғаға немесе белгілі бір уақытқа баратын баланың өзіне сапарға бірге шықпаған ата-аналарының нотариалдық түрде расталған рұқсатнамасының көшірмесі мен түпнұсқасы;
Егер ата-анасының немесе сапарға жетекшілік жасайтын тұлғаның күші бар Шенген визасы болса: Осы визалардың көшірмесі.
Назар аудырыңыз: дипломатиялық өкілдік өтінішіңіздің өңдеу барысында қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін, алайда, бұл құжаттардың қамтамасыз етуі визаны автоматты түрде ашуды білдірмейді.