Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Кәсіби жүргізуші ретінде еңбек әрекеті

мақала

Кәсіби жүк көлігі және автобус жүргізушісі ретінде жұмыс істеуге виза

Негізгі ақпарат

  • Сіз барлық ақпараттық парақтар мен бланкілерді визалық кеңселерден немесе шетелдік дипломатиялық миссияларының сайттарынан тегін ала аласыз.

  • Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпарат» ескертпеге назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады

  • Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Шетелдік төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады. 

  • Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) бір данада тігілмеген түрде ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.

  • Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады.

  • Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы.

  • Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін.

  • Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.

Жалпы ақпарат

Білікті жұмысшылардың көші-қоны туралы жалпы ақпаратты білікті жұмысшылар порталында  жұмысшылар порталында   табуға болады. 

Сіз өзіңіздің біліктілігіңізге байланысты нақты жұмысты орындауға қабілетті болуыңыз керек екенін ескеріңіз.

Егер Сіз білікті кәсіптік қызметкер ретінде біліктілікке ие болсаңыз, жұмыспен қамтудың жалпы нұсқаулығын оқып шығыңыз. Бұл жағдайда IHK Foreign Skills Approval (IHK Fosa) ұйымының хабарламасы түрінде шетелдік біліктіліктің баламалылығын растау қажет.

Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.

Виза өтініштерін бақылау тізімі

Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.

  • Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш. 

  • 2 дана «Тұрақты тұру туралы» заңының 54-ші § сәйкес түсініктеме.
  • 2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланкілерінің екеуіне де фото жапсырыңыз және үшінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)

  • Төлқұжат иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері парағының бір көшірмесі. Төлқұжатқа қол қойылуы және онда кемінде үш бос бет болуы керек.

  • Сіздің жұмыс берушіңізбен толтырылған және қол қойылған жүргізуші болып жұмыс істеу үшін бланкісі: „Еңбек қатынастары туралы мәлімдеме“, сондай-ақ осы өтінішпен бірге ұсынылған С қосымшасы

  • Тұру туралы заңның 18 § 2 абзац 4а № сәйкес қол қойылған нұсқама 
  • Сіздің жоғарғы білім алғаны туралы растайтын құжат: куәлік пен бағалар тізімі түпнұсқасы мен екі көшірмесі.

  • Сіздің академиялық және кәсіби мансабыңызды сипаттайтын кесте түрінде толық өмірбаяңыз, соның ішінде кәсіби жүргізуші ретінде бұрынғы жұмысыңызды растайтын құжат 
  • Қазақстандық жүргізуші куәлігі көшірмесімен бірге
  • C1, C1E, C, CE, D1, D1E, D немесе DE санаттары үшін ЕО/ЕЭА жүргізуші куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі және 2003/59/EC, 2006/126/EC директиваларына сәйкес негізгі біліктілік немесе жеделдетілген негізгі біліктілік (кілт № 95),егер Сізде жарамды ЕО/ЕЭА жүргізуші куәлігі және (жеделдетілген) негізгі біліктілігі болмаса: 
  • Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті біліктілікті алу жөніндегі қызметке қатысу міндетін қамтитын еңбек шарты ЖӘНЕ
  • Еңбек жағдайлары қажетті жүргізуші куәлігі мен біліктілікті, соның ішінде құжаттарды беруді 15 ай ішінде алуға болатындай етіп жасалған ЖӘНЕ 
  • Жұмыс беруші толтырған және қол қойған қосымша нысан: Жүргізуші куәлігін алғанға дейін басқа жұмыстар үшін «Жұмыс туралы декларация» 

Өтініш берген кезде Сіздің жасыңыз 45-тен асқан болса және Сіздің жылдық жалпы жалақыңыз 53.130 еуродан аз болса: зейнетақы төлемдерін растайтын құжат төменде көрсетілген формада ұсынылуы керек

  • Сіз жұмыс істеген мемлекеттің міндетті зейнетақы сақтандыру бағдарламасы бойынша зейнетақы алу құқығы НЕМЕСЕ 
  • жеке зейнетақы немесе өмірді сақтандыру НЕМЕСЕ
  • Жылжымайтын мүлік немесе мүліктің басқа дәлелдері. 

Бар болса: Жұмыспен қамтудың Федералдық агенттігі берген жұмысқа рұқсат

Неміс жұмыс берушілерінің виза алу үшін қажетті рұқсатты алу үшін Федералдық Жұмыспен қамту агенттігіне немесе Орталық Жұмыспен қамту қызметіне (ZAV) тікелей өтініш беру мүмкіндігі бар. Егер ол виза қарастыру рәсімі кезінде тапсырылған болса, виза орталығында өңдеу уақыты қысқаруы мүмкін.

  • Бар болса: Неміс тілін білуді растайтын құжат түпнұсқада + бір көшірме.

Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілер:

Қазақстанда тұруға ықтиярхат/тіркеу түпнұсқасы + бір көшірме

жоғары