Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Өз бетімен істеген жұмысқа арналған виза
Өз бетімен істеген жұмысқа арналған виза
Негізгі ақпарат
Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.
Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпарат» ескертпеге назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады
Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады.
Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) тігілмеген түрде бір данада ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.
Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады.
Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы.
Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін.
Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.
Жалпы ақпарат
Сіздің болашақ тұрғылықты жеріңізге жауапты шетелдіктердің істері жөніндегі мекемесі виза беруге өз келісімін беруі керек болғандықтан, құжаттардың нақты каталогын білу үшін өтінішті жібермес бұрын олармен байланысқаныңыз жөн. Талаптар әр мекемеге байланысты өзгеруі мүмкін.
Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.
Виза өтініштерін бақылау тізімі
Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.
Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.
«Тұрғылықты тұру туралы» заңының 54-шы § сәйкес қол қойылған түсініктеме.
2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)
Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек.
- Толық кесте түрінде жасалған білімі мен жұмыс тәжірибесі көрсетілген өмірбаян
- Егерде бар болса: бұрын неміс тілін меңгергеніңіз туралы құжаттың түпнұсқасы + бір көшірмесі
- Сіздің кәсіби біліктілігіңізді растайтын құжаттың түпнұсқасы + бір көшірмесі:
- Сіздің соңғы бітірген жоғарғы оқу орны: диплом және бағалар тізімі
- Соңғы алынған кәсіби біліктілік: бағалар тізімі көрсетілген диплом
- Тиісті кәсіби тәжірибе мен біліктілікті арттыру жайлы құжаттар
Өтініш берген кезде Сіздің жасыңыз 45-те болса және Сіздің жылдық жалпы жалақыңыз 53.130 еуродан аз болса: Зейнетақыны растайтын құжаттар төмендегі көрсетілген түрде ұсынылуы керек:
- Сіздің жұмыс істеген елдің міндетті зейнетақы сақтандыру бағдарламасы бойынша талабыңыз НЕМЕСЕ
- Жеке зейнетақы немесе өмірді сақтандыру НЕМЕСЕ
- Жылжымайтын немесе басқа мүлік
Жоспарланған іс-шараларды бекіту:
Кәсіпорын профилінен, бизнес-жоспардан, бизнес тұжырымдамасынан, капиталға қойылатын талаптар жоспарынан, маркетингтік стратегиядан, кіріс болжамынан, кірістер туралы есеп, өтімділік болжамынан тұратын екі данада бизнес-идеяның сипаттамасы. Құрылатын жұмыс орындары мен оқу орындарының саны туралы ақпарат. Ұсынылған бизнес инновациялар мен зерттеулерге қалай оң әсер ететінін түсіндіру.
Қаржыландыру жоспары немесе меншікті капиталды немесе қарызды қаржыландыруды растау.
- Егерде бар болса:
- Коммерциялық тізілімнен ағымдағы үзінді көшірме ЖӘНЕ
- Тіркеу туралы нотариаттық актісі түпнұсқасы мен бір көшірмесі
НЕМЕСЕ
- Нотариалды куәландырылған серіктестік шарт түпнұсқасы мен бір көшірмесі ЖӘНЕ
- Акционерлер тізімі түпнұсқасы мен бір көшірмесі ЖӘНЕ
- Басқарушысымен жасалған еңбек шарт түпнұсқасы мен бір көшірмесі
Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:
- Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі.