Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Құжаттар мен мұрағаттық анықтамаларды сұрау туралы жаднама
Құжаттар мен мұрағаттық анықтамаларды сұрау туралы жаднама
Негізгі ақпарат
• Барлық жадынамаларды консулдық және заң бөлімдерінен тегін алуға немесе дипломатиялық өкілдіктердің веб-сайтынан жүктеп алуға болады.
• Толық ақпаратты Германияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктерінің сайтынан алуға болады.
Куәлік пен мұрағаттық анықтамалар
Неміс дипломатиялық өкілдіктерінің қолында бар ақпаратқа сәйкес, Германияда тұратын қазақстандық азаматтық хал туралы түрлі құжаттарды (куәліктер және т.б.) алу үшін Қазақстандағы сенімді өкіл немесе адвокат арқылы Қазақстанның құзырлы органдарына жүгіне алады. Астанадағы Германия елшілігі немесе Алматыдағы Бас консулдық арқылы қазақстандық құжаттар мен мұрағаттық мәліметтерді сұрау мүмкін емес.
Бұл мәселе бойынша нақтырақ ақпаратты ҚР СІМ мен ҚР Үкіметінің сайтынан алуға болады.
Төмендегі қазақстандық құжаттарды талап етуге болмайды:
• қайталама куәліктер немесе акт жазбаларының көшірмелері, егер бұл куәліктерді үшінші тұлғалар сұраса (тиісті келісімсіз/рұқсатсыз)
- төменде қараңыз); тұлғаның атына (немесе кімге) жасатылатын құжат, әдетте, бұған жазбаша келісімін беруге тиіс.;
• неке туралы куәлік, егер ажырасу туралы куәлік болса;
• қайтыс болған адамдардың туу туралы куәліктері.
Қайтыс болу туралы куәлікті қайтыс болған адамның туыстары немесе ресми өтініш бойынша заңды тұлғалар сұратуы мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың туу туралы куәліктерін олардың ата-аналары/асырап алушылар немесе өзге де заңды өкілдері талап ете алады.
Әскери билеттер мен қызметтік куәліктердің телнұсқасын түпнұсқада беру мүмкін емес. Әскери билеттер мен қызметтік куәліктердің көшірмелері де ұсынылмайды. Егер неміс мекемесі әскерде қызмет еткенін растауды талап етсе, сіз Қазақстанның құзыретті органынан тиісті мұрағаттық анықтаманы сұрай аласыз.
Апостиль
Құжаттарға апостиль қою Германияның дипломатиялық өкілдіктерінің құзыретіне кірмейді. Бұл процедура туралы толық ақпаратты біздің сайтынан алуға болады.