Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Жұбайымен қосылу

мақала

Отбасының қосылуына арналған виза 

Негізгі ақпарат

  • Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.

  • Сондай-ақ «Ұлттық визаға өтініш беру туралы жалпы ақпарат» жаднамаға назар аударыңыз. Егер Сіз Германияға кәмелетке толмаған баламен бірге кіруді жоспарласаңыз, онда қосымша «Отбасының қосылуына арналған виза туралы балалар үшін ақпаратына» назар аударуыңызды сұраймыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады

  • Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек.   Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады.   

  • Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) тігілмеген түрде бір данада ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.

  • Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады. 

  • Қазақстан Республикасы құжаттарының және сот шешімдерінің түпнұсқаларына құзыретті органдар апостиль қоюға тиіс. Апостиль құжаттың түпнұсқасына қойылып, аударылуы керек. Басқа елдердің құжаттарын немесе сот шешімдерін ұсынған кезде ресми талаптарға қатысты шетелдегі құзыретті дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге хабарласыңыз.

  • Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы. 

  • Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін. 

  • Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.   

Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.

Виза өтініштерін бақылау тізімі

Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.

  • Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.  

  • «Тұрақты тұру туралы» заңының 54-шы § сәйкес қол қойылған түсініктеме. 

  • 2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)

  • Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек.

  • Неке туралы куәліктің түпнұсқасы мен бір көшірмесі   
  • Егер өтініш беруші бұрын басқа некеде тұрса және осы жағдайға қатысты болса:
  • Некені бұзу туралы куәліктің түпнұсқасы мен бір көшірмесі 

  • Бұрынғы некені бұзу туралы сот шешімі: некені бұзу туралы куәліктің түпнұсқасы мен екі көшірмесі. Некенің бұзылуы туралы куәлік және бұл туралы сот шешімі түпнұсқасы мен екі көшірмесі, егер неке 10.12.2019 жылға дейін бұзылған болса.  

  • Бұрынғы жұбайының қайтыс болғаны туралы куәлігінің түпнұсқасы мен екі көшірмесі және осы жұбайымен неке қию туралы куәлігінің түпнұсқасы мен екі көшірмесі.

  • Неміс тілінің бастапқы деңгейінде А1 білімі туралы растауының түпнұсқасы мен бір көшірмесі. Мұндай құжат, ен алдымен, ALTE (Association of Language Testers in Europe) стандарты бойынша сертификатталған емтихан алатын және филиалдарында Германиядан келген мамандар жұмыс істейтін мекемелер берген тіл сертификаты болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда емтихан алатын мекемелердің ішінде тек Гете-институты мен оған тіркелген тіл орталықтары аталған талаптарға сәйкес келеді. „Start Deutsch 1“- деңгейінде неміс тілі білімін растауға ұсынылатын емтихан туралы толық ақпаратты Қазақстандағы Гете-институттың веб-сайтынан  ала аласыз.

  • Жұбайдың төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі. Осы жағдайға қатысты болса: тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасының бір көшірмесі

  • Екі данада жарамды (өтініш берген кезде үш айдан аспайтын) жұбайының Германияда тіркелгені туралы куәлік.

  • Егер Сіз елден жұбайыңызбен кетіп бара жатсаңыз және өз үйіңізде орналасқанша дейін Германиядағы туыстарыңызбен немесе достарыңызбен уақытша тұрсаңыз:

  • Осы тұлғаның төлқұжатының немесе жеке куәлігінің бір көшірмесі. Осы жағдайға қатысты болса: сол тұлғаның тұруға рұқсатының бір көшірмесі.

  • Осы тұлғаның тіркеу туралы жарамды (өтініш берген кезде үш айдан аспайтын) куәлік, бір көшірмесі

  • Осы тұлғаның онымен уақытша тұруға болатындығы туралы еркін нысандағы келісімі, бір данада.

Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:

  • Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі.
жоғары