Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Ерлі-зайыптылардың қосылуына немесе некеге тұру мақсатында неміс тілін бастапқы дәрежеде меңгергені туралы ақпарат

мақала

Ерлі-зайыптыларды қосу немесе некеге тұру кезінде неміс тілін білу деңгейі 

Негізгі ақпарат

  • Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.

  • Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың қайта қосылуы немесе неке туралы ақпаратты қарап шығыныз. § 21 Германияда тұру заңға сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар немесе фрилансерлер. Егер Сіз жұбайыңыз/күйеуіңізге қосылу үшін немесе Германияда некеге тұру үшін виза алуға өтініш білдіріп жатсаңыз, онда Сіз Германияға келмес бұрын неміс тілін білетіндігіңізді дәлелдеуіңіз керек. Неміс тілінің базалық білімі - бұл «Тілдер бойынша жалпы еуропалық анықтамалық жүйенің A1 меңгеру деңгейі» бойынша неміс тілін білу керек (Толығырақ ақпарат: http://www.europaeischer-referenzrahmen.de/)

Сіз неміс тілін бастапқы деңгейде білетініңізді қалай дәлелдей аласыз?

Мұндай құжат, ең алдымен, ALTE (Association of Language Testers in Europe) стандарты бойынша сертификатталған емтихан алатын және филиалдарында Германиядан келген мамандар жұмыс істейтін мекемелер берген тіл сертификаты болып табылады.

Қазіргі уақытта бұл келесі тіл сертификаттарына қатысты:

  • „Start Deutsch 1“ des Goethe-Instituts e.V.;

  • „Start Deutsch 1“ der Telc GmbH (The European Language Certificate);

  • „Grundstufe Deutsch 1“ des Österreichischen Sprachdiploms (ÖSD);

  • „TestDaF“ des TestDaF-Instituts e.V.; 

Қазақстанда қазіргі кезде Гете Институты және филиалдың тілдерді оқыту орталықтары ғана аталған талаптарға сай келеді. Қазақстандағы «Start Deutsch 1» емтиханы туралы қосымша ақпаратты  Қазақстандағы Гете-институтының веб-сайтынан  таба аласыз 

Ерекшеліктер бар ма?

Жоғарыда көрсетілгендей, тіл сертификатын ұсыну арқылы тілді білетіндігін растайтын қажеттіліктен бас тартуға болады:

  • Сіздің неміс тілін білуіңіз айқын болған жағдайда. Сіздің неміс тілін білетіндігіңіз өтініш беру кезінде бірінші барғаныңызда бірден және айқын көрінеді. Бұл, мысалы, Германияда бірнеше жыл тұрып, неміс тілінде еш қиындықсыз сөйлесе алатын болсаңыз. Егер күмән болған жағдайда елшілік /консулдық тілді меңгеру сертификатын талап етуі мүмкін.

  • Сіз сондай-ақ Германияға кәмелетке толмаған неміс баласының қамқорлығындағы ата-ана ретінде көшетін болсаңыз немесе туған кезде Германия азаматтығын алатын балаға жүкті болсаңыз.

    • § 18g Германияда тұру туралы заңға сәйкес ЕО көк картасы, 

    • Германияда тұру туралы заңның §§18a немесе 18b (1) сәйкес кәсіби немесе академиялық біліктілігі бар білікті жұмысшылар

    • Германияда тұру туралы заңның 18d § сәйкес зерттеушілер,  

    • Басшы қызметшілер, компания мамандары, ғалымдар, шақырылған мұғалімдер немесе 19c §-тың 1 абзацына сәйкес мұғалімдер және Германияда тұру туралы заңына сәйкес 19c §-тың (2) тармағына сәйкес практикалық кәсіптік білімі бар IT мамандары және 

  • Сіз және Сіздің жұбайыңыз/жолдасыңыз Германияда тұрақты тұрмайсыздар, бірақ уақытша боласыздар. Бұл, мысалы, белгілі бір уақыт аралығында Германияда болатын халықаралық бизнес кәсіпорындары қызметкерлерінің жұбайларына немесе шетелдік студенттерге қатысты болуы мүмкін.

  • Сізде интеграцияға қажеттілік айтарлықтай төмен: интеграцияға айтарлықтай төмен қажеттілік, егер Cізде кәсіби біліктілік болса және жұмыспен қамтудың оң болжамы мен оң интеграциялық болжам анық болса, қабылдануы мүмкін. Бұл Cіздің тіл біліміңізге сүйене отырып, Cіздің біліктілігіңізге сәйкес келетін уақыт аралығында Германияда жұмысқа орналасуыңызға және Германиядағы әлеуметтік өмірге еш қиындықсыз енуге болатындығыңызды болжайды. Егер Сіз басқа еуропалық тілді жеткілікті білсеңіз Германиядағы әлеуметтік өмірге еш қиындықсыз араласып кете алатыныңызды болжайды. 

  • Сіз дене / ақыл-ой / рухани кемістігіңізге немесе мүгедектікке байланысты неміс тілінің қарапайым білімдерін меңгере алмайсыз.

  • Сіздің жұбайыңызда білікті жұмысшының тұруға рұқсаты бар немесе жақын арада оны алады. Бұған келесі кіреді:

Осындай жағдайда Сіз өзіңіздің дене / ақыл-ой / рухани кемістігіңізді дәлелдейтін маңызды құжаттарды қоса тапсыруыңыз керек. Елшілік / бас консулдық медицина маманының тексеруін талап ете алады.

Сауатсыздық, егде жас немесе жүктілік негізінен неміс тілін білу талабынан босатуға себеп бола алмайды.

  • Белгілі бір жағдайларға байланысты Сізге неміс тілінен бастапқы білім алу мүмкін емес немесе мүмкіншілік жоқ.

Бұл, әсіресе, егер Сіз қанша тырысқаныңызға, күш-жігер салғаныңызға қарамастан, Сіз Германияға бармас бұрын қажетті тіл сертификатын ала алмасаңыз. Оқу іс-әрекеттеріне қатысты нақты  құжаттар тапсыру өте маңызды (мысалы, курстарға қатысқаныңыз, емтихандар  тапсырғаныңыз туралы).

Осындай жағдайда Сіз тұруға ықтияр хат алу үшін ең кеш дегенде Германияға келгеннен кейін талап етілетін тілді меңгергеніңізді дәлелдеуіңіз керек.

Тілді меңгеру талабынан басқа ауытқулар келесі топтар үшін де қарастырылуы мүмкін:

  • Жоғары білікті мамандардың жұбайлары, компаниялардың құрылтайшылары, баспана алуға құқығы бар адамдар, босқындар деп танылғандар 

  • Австралия, Израиль, Жапония, Канада, Корея Республикасы немесе АҚШ азаматтарының жұбайлары 

  • Еуропалық Одаққа мүше басқа елдердің (Германиядан басқа) немесе ЕЭА мемлекеттерінің азаматтарының жұбайлары Норвегия, Исландия және Лихтенштейн немесе Швейцария 

  • ЕО-ның басқа елінде тұрақты тұруға рұқсаты бар тұлғалардың ерлі-зайыптылары, егер неке осы елде жасалған болса. 

Төмендегілерді ескеріңіз:

Егер Сіз тілді білетіндігіңізді растайтын құжат қажет екендігіне сенімді болмасаңыз, дер кезінде Елшілікке немесе Бас консулдыққа хабарласыңыз. 

Сіздің жағдайда тіл куәлігінің қажет болатындығы туралы соңғы шешімді Германиядағы жауапты көші-қон органдарымен келісе отырып, өтініш пен өтінішті растайтын құжаттар қабылданғаннан кейін ғана Елшілік / Бас консулдық шешім қабылдайды. 

жоғары