Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Германияға қайта кіру

мақала

Германияға қайта кіру үшін берілетін виза

Негізгі ақпарат

  • Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.

  • Сондай-ақ «Ұлттық визаға өтініш беру туралы жалпы ақпарат» жаднамаға назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады

  • Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек.   Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады.    

  • Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) тігілмеген түрде бір данада ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады. 

  • Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады.   

  • Қазақстан Республикасы құжаттарының (мысалы, туу туралы куәлік) және сот шешімдерінің түпнұсқаларына құзыретті органдар апостиль қоюға тиіс. Апостиль құжаттың түпнұсқасына қойылып, аударылуы керек. Басқа елдердің құжаттарын немесе сот шешімдерін ұсынған кезде ресми талаптарға қатысты шетелдегі құзыретті дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге хабарласыңыз.

  • Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы. 

  • Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін. 

  • Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса. 

Сіз келесі жағдайларда Германияға қайтадан кіру үшін виза алуға өтініш бере аласыз:

  • Сіздің Германияда тұруға рұқсат беретін мөрі бар төлқұжатыңызды жаңа төлқұжат алуға өтініш берген кезде құзыретті мекемеге тапсырылып кеткен жағдайда. Ескі және жаңа төлқұжатыңызбен Германияға кіре аласыз, егер де ол мүмкін болса. Егер Сізде жарамды электронды тұруға ықтиярхат (пластикалық карта) болса, Сіз Германияға ескі және жаңа төлқұжатпен және тұруға берілген рұқсатпен кіре аласыз. Мұндай жағдайларда қайта кіру үшін визаға өтініш берудің қажеті жоқ. 

  • Сіз Германияда тұруға ықтиярхаты бар төлқұжатыңызды жоғалтып алдыңыз немесе ол сізден ұрланды.

  • Сіз электронды тұруға ықтиярхатыңызды (картаңызды) жоғалттыңыз немесе ол сізден ұрланды.

Жалпы ақпарат 

Қайта кіру визасын беру үшін Сізге шетелдіктер істері жөніндегі мекеменің рұқсаты қажет болғандықтан, өтініш жібермес бұрын сол мекемеге хабарласып, алдын ала рұқсат деп аталатын құжатты сұрауыңыз керек. Дегенмен, шетелдіктер істері жөніндегі мекеме мұндай алдын ала келісім беруді талап етпейді. Алдын ала келісім беру немесе бермеу шетелдіктер істері жөніндегі мекемесінің қарауында. 

Егер алдын ала рұқсат алынбаса, дипломатиялық өкілдік өтінішті қарау барысында құзыретті шетелдіктер істері жөніндегі мекемесімен хабарласады.

Германияға келгеннен кейін дереу шетелдіктер істері жөніндегі мекемеге хабарласыңыз және тұруға рұқсат алу үшін сол жерде жаңа өтініш тапсырыңыз.

Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек. 

Виза өтініштерін бақылау тізімі

Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.

  • Ұлттық виза алу үшін неміс немесе ағылшын тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.

  •  «Тұрақты тұру туралы» заңының 54-шы § сәйкес қол қойылған түсініктеме. 

  • 2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)

  • Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек.   

  • Сіздің төлқұжатыңыз немесе тұруға ықтиярхатыңыз жоғалған немесе ұрланған болса, жоғалғаны туралы полиция актісі, түпнұсқа мен бір көшірмесі. 
  • Егерде бар болса: тұруға ықтияр хатыңыздың бір көшірмесі
  • Германияда тұрақты тұруыңызды растайтын құжаттар бір дана, мысалы
  • Сіздің ескі тұруға берілген ықтиярхатыңыздың көшірмесі 
  • Тіркеу куәлігі немесе медициналық сақтандыру картасы 
  • Сіздің еңбек шартыңыз немесе жалақы туралы анықтамаңыз 
  • Студенттік картаңыз немесе университетке түсу туралы куәлігіңіз, сондай-ақ жоспарланған болу ұзақтығын қаржыландырудың растауы (ең көбі бір жылға).
  • Неке туралы куәлік немесе тегін өзгерту туралы куәлік, тегінің өзгеруіне байланысты жаңа төлқұжат берілген болса, түпнұсқа мен бір көшірмесі. 

Кәмелетке толмаған өтініш берушілер:

  • Тұрғылықты жер туралы заңның 54-параграфына сәйкес өтініш пен түсініктемелерге барлық қамқоршылар қол қоюы керек.

  • Туу туралы куәліктің түпнұсқасы + бір көшірмесі. ҚР туу туралы куәліктеріне апостиль қойылуы керек.

  • Өтініш берушінің Германияда болуына барлық қамқоршылардың келісімі туралы нотариалдық мәлімдеме (өтініш берген кезде 3 айдан аспайтын) түпнұсқа мен бір көшірмесі.

  • Барлық қамқоршылардың төлқұжатының немесе жеке куәлігінің бір көшірмесі

Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:

  • Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі.
жоғары