Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Бос жұмыс орны

Recherche d'emploi

Recherche d'emploi © www.colourbox.com

25.03.2026 - мақала

2026 жылғы 3 мамырдан бастап қауіпсіздік қызметінің қызметкері қажет 
(жынысына қарамастан). 


Сіздің міндеттеріңіз:


• келушілер ағынын бақылау және реттеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
• консулдықты күзету, оның ішінде патрульдеу және посттарда жұмыс істеу;
• кіріп келетін көлік құралдарын (тексеру айнасын пайдалана отырып) қарау 
және жолаушыларды тексеру.

Сіздің біліктілігіңіз және жұмыс тәжірибеңіз:


• аяқталған кәсіби білімнің болуы;
• күзет және қауіпсіздік саласында немесе ұқсас салада жұмыс тәжірибесінің 
болуы;
• орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеру;
• неміс тілін жақсы меңгеру;
• жоғары икемділік және ауысымдық жұмысқа, оның ішінде түнгі ауысымдарға 
және демалыс күндері жұмыс істеуге дайын болу;
• командада жұмыс істеу қабілеті, жоғары әлеуметтік құзыреттілік және 
физикалық төзімділік.


Біз ұсынатын шарттар:


Сенімді жұмыс орны, тартымды еңбекақы, достық жұмыс атмосферасы, сондай-ақ 
оқыту және біліктілікті арттыру мүмкіндіктері ұсынылады. Жұмыс аптасы 40 сағатты 
құрайды. Еңбек шарты бастапқыда бір жыл мерзімге жасалып, кейін белгісіз мерзімге 
ұзарту мүмкіндігі қарастырылады. Үш айлық сынақ мерзімі белгіленеді.


Жұмысқа қабылдау туралы өтінішіңізді және төмендегі құжаттарды электрондық 
түрде (PDF форматында) 2026 жылғы 10 сәуірге дейін электрондық поштаға 
жолдауыңызды сұраймыз:


• мотивациялық хат;
• жұмысқа қабылдау туралы өтініш;
• кесте түріндегі түйіндеме;
• сертификаттар, еңбек кітапшасы немесе еңбек қызметін растайтын өзге 
де құжаттар;
• ұсыным хаттар мен мінездемелер.


Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы 
Бас консулдығы


Benedikt Löcherer мырзаға
Иванилов көшесі, 2
050059 Алматы


E-Mail: info@almaty.diplo.de


Белгіленген мерзімде берілген өтінімдер ғана қарастырылатынын назарға алуыңызды 
сұраймыз. Бас консулдық ұсынылған өтінімдерді қарағаннан кейін әңгімелесуге 
шақырылатын кандидаттармен байланысады.

жоғары