Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Предотвращение коррупции, © colourbox
Құрметті Германия Федеративтік Республикасының Астанадағы Елшілігінің серіктестері!
Оқиғаға толы 2023 жыл ақырындап өз мәресіне жетіп келеді және біз Германия-Қазақстан қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету үшін осы жылы тағы да барлығыңызбен табысты жұмыс істегенімізге қуаныштымыз. Дегенмен, елшілікке сый-сияпат немесе сыйлық жіберуден және оларды өз қолыңызбен тапсырудан бас тартуыңызды сұраймыз. Талаптарды ұстану себептеріне байланысты біздің әріптестер сый-сияпаттарыңызды қабылдай алмайды.
Түсінгеніңізге рахмет!
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Германияның Федералдық әкімшілік органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы 2004 жылғы 30 шілдедегі нұсқаулық Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігінің орталық кеңсесінде және шетелдік өкілдіктерде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу міндеттерінің құқықтық негіздерін анықтайды. Бұл нұсқаулық бірнеше нақты ережелермен адал және ашық әкімшілік қызмет үшін басшылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Этикалық қағидалар мен сыбайлас жемқорлықтан бас тарту Федералдық сыртқы істер министрлігінің орталық аппараты қызметкерлерінің, сонымен қатар шетелдік өкілдіктерге қызмет ететін дипломаттар мен жергілікті қызметкерлерінің санасында берік болуы керек. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберіндегі Федералдық сыртқы істер министрлігінің орталық аппараты мен шетелдік өкілдіктер қызметкерлердің осы тақырыпқа деген бейімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың ықтимал қауіп-қатерлерінен қорғау және барлық әкімшілік қызметтің ажырамас бөлігі ретінде жоғары этикалық және құқықтық нормаларды сақтау болып табылады.
Елшіліктің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша байланыс қызметкері - Валентина Голдманн ханым.
Марапаттар, жеке сыйлықтар немесе басқа да жеңілдіктер
Қазіргі принцип - қабылдауға тыйым салынады!
Жұмыс берушінің келісімінсіз Федералдық сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратының қызметкерлеріне, шетелдік өкілдіктердегі дипломаттар мен жергілікті қызметкерлеріне олардың қызметтік өкілеттіктеріне байланысты сыйақы, сыйлықтар немесе басқа да жеңілдіктер алуға тыйым салынады. Қалған ережелер 8.11.2004 ж. Германияның Федералдық ішкі істер министрлігінің Германия Федералдық әкімшілік органдарында сыйақы мен сыйлық алуға тыйым салу туралы циркулярында, сондай-ақ Германия Федералдық сыртқы істер министрлігінің тиісті бұйрықтарында бекітілген.
Германия Федералдық ішкі істер министрлігінің басшылығымен Федералды әкімшілік органдарының және іскер топтардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі бастамашыл тобы жасаған сыйақыларды, сыйлықтарды немесе басқа да жеңілдіктерді алу туралы сұрақтар мен жауаптар каталогында қосымша ақпарат пен жиі кездесетін сұрақтарға жауап таба аласыз. Бұл каталог Германия Федералдық ішкі істер министрлігінің сайтында неміс және ағылшын тілдерінде орналастырылған.
Германия Федералдық ішкі істер министрлігінің сайты
Сондай-ақ, Германия Федералдық сыртқы істер министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы сұрақтар мен түсініктемелер үшін Федералды сыртқы істер министрлігіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жауапты қызметкеріне хабарласуыңызға болады.