Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Визалар және Германияға кіру шарттары

мақала

Германияға қош келдіңіз!

2025 жылғы 1 шілдеден бастап берілетін визаны беруден бас тарту туралы шешімдерге қатысты ремонстрация жасау мүмкін еместігін осы арқылы хабарлаймыз. 

Елшіліктер мен бас консулдықтарға жолданған ремонстрациялар құқықтық күшке ие болмайды және енді қаралмайды. Ондай хаттарға қабылданғаны туралы растау берілмейді, сондай-ақ 2025 жылғы 1 шілдеден кейінгі күнмен берілген бас тарту шешімдеріне қатысты жағдайды сұрау хаттарына жауап берілмейді.

Егер бас тарту туралы шешімнің күні 2025 жылғы 1 шілдеге дейінгі болса, онда мұндай шешімдерге қатысты ремонстрациялар бұрынғыдай қаралады.

Визалық өтінішті қабылдамаудан кейінгі мүмкіндіктер

Визалық өтініш қабылданбаған жағдайда Cізде екі мүмкіндік бар:

1. Сіз кез келген уақытта ақылы негізде жаңа визаға өтініш бере аласыз.

Бұл жаңа өтініште сіз барлық тиісті құжаттар мен дәлелдемелерді қайтадан ұсынуыңыз қажет. Бұл өтініш те қолданыстағы заңнамаға сәйкес бейтарап түрде қаралады.

2. Сіз Берлиндегі әкімшілік сотқа бас тарту туралы шешімге қарсы ақылы түрде шағым түсіре аласыз.

Бұл үшін сіз адвокат жалдай аласыз, бірақ бұл міндетті емес. Алайда, қажет болған жағдайда адвокаттық қызмет үшін қосымша ақы алынуы мүмкін.

Сот алымының мөлшерін сот өзі белгілейді. Ол талап етілген визалар санына байланысты анықталады.

Қосымша ақпаратты Берлин әкімшілік сотының сайтынан таба аласыз:

https://www.berlin.de/gerichte/verwaltungsgericht/service/visumsverfahren/

Шағым беру туралы ақпарат

Визаға өтінішті қабылдамау туралы шешім сізге жария етілгеннен кейін, сізде Берлин әкімшілік сотына шағым беру мүмкіндігі бар.

Осыған байланысты құқықтық түсіндірме Сіздің бас тарту туралы шешіміңізде көрсетілген. Қосымша мәліметтерді сол міндетті құқықтық түсіндірмеден таба аласыз.

Шағым беру мерзімі, әдетте, тиісті шешімнің жарияланған күнінен бастап бір (1) айды құрайды.

Сондай-ақ, сот ісі тек неміс тілінде жүргізілетінін ескерген жөн (§ 184 Сот құрылымы туралы заң).

Сот процесінің ұзақтығы туралы нақты ақпарат беру мүмкін емес. Іс жүргізудің нақты ұзақтығы мен барысын соттың өзі анықтайды.

Бұл ақпараттық парақ тек ақпарат беру мақсатында ұсынылған және толық ақпарат бермейді. Осы жерде келтірілген ақпаратқа қосымша мағлұматты өзіңіз іздеп табуыңызға болады.
 

Белгілі болғандай, туристік саяхаттың шарықтау кезеңінде Қазақстандағы Шенгенге мүше мемлекеттердің бірқатар өкілдіктерінде виза алу үшін алдын ала жазылу немесе виза алу үшін күту уақыты ұзаққа созылады.

Сапардың мақсаты Германия деп көрсетіп визаға өтініш беру, бірақ іс жүзінде визаны басқа Шенген еліне бару үшін пайдалану сапар мақсатын бұрмалау болып есептеледі. Бұлай жасауға болмайды.

Егер баратын жеріңіз Германия болмаса, бірақ Сіз неміс әуежайы арқылы кіріп, басқа Шенген еліне барғыңыз келсе, Сіз тек баратын елдің өкілдігінен виза алуыңыз қажет.

Бұл жағдайда Германия шекарасынан өткенде ұшақ немесе пойыз билеттері, қонақүйлерді брондау және т.б. құжаттарды ұсына отырып, виза алған елге сапарыңызды жалғастыруды жоспарлап отырғаныңызды дәлелдей алатыныңызға көз жеткізіңіз.

Шенген визасын алуға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға  назар аударыңыз.
 

Жарамды визалары бар Ресей Федерациясының азаматтарына Германияға кіру әрі қарай да мүмкін. Визаларды беруге қатысты қолданыстағы талаптар туралы ақпаратты мына жерден  табуға болады.

Германияның Қазақстандағы өкілдіктері жалпы Қазақстанда тұрақты/заңды тұратын тұлғаларға ғана виза мәселелері бойынша құзыретті екенін ескеріңіз. Біздің веб-сайтта Астанадағы Германия елшілігінің  және Алматыдағы Бас консулдықтың  тиісті әкімшілік аудандарына назар аударыңыз.

Осы себепті Астанадағы Германия елшілігі негізінен басқа тұлғалардың визалық өтініштерін қарай алмайды. Бұл ереже соғыстың басында Беларусь, Ресей немесе Украина аумағында тұрақты/заңды тұрғылықты жері бар немесе болған адамдарға да қолданылады.

Ресей Федерациясынан Қазақстанға тікелей келген және ұзақ мерзімді ұлттық визаға, мысалы, жұмыс істеуге немесе оқуға өтініш берген Ресей азаматтары бұл ережеге жатпайды, өйткені өздерінің жеке бастарына қауіп төнгендіктен, олардың Ресейдегі Германияның дипломатиялық өкілдігіне құжаттарын тапсыру үшін Ресейге қайтып оралуы мүмкін емес. Бұл санаттағы тұлғаларға әсіресе құқық қорғаушылар, журналистер, диссиденттер және соғыс қимылдарына қатысудан жалтарғандар жатады.

Аумақтық принципке сәйкес баспана беру туралы өтінішті шетелде беруге болмайды; бұл Германияда ғана мүмкін. Баспана алуға кіру визаларын Елшілік бермейді.

Ұлттық визалар туралы ақпаратты біздің веб-сайтымызда келесі сілтеме  бойынша таба аласыз.

Визаға өтініш беру үшін кез келген жағдайда жарамды төлқұжат қажет.

Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі білікті маман ретінде ұлттық визаға өтініш берген кезде қойылатын талаптар мен өтінішті дайындау бойынша кеңес береді. Қосымша ақпаратты келесі сілтемелерден табуға болады:

Шетелдік мамандарды жұмысқа шақыру

Виза

Германия еліне кіру үшін Қазақстан азаматына виза алу қажет.
 

Виза түрі елде қанша уақыт аялдауды жоспарлауыңызға байланысты.  
 

Бұл жерде, ең көбі 90 күнге дейін  берілетін қысқа мерзімді виза (қонаққа бару, туризм, іс-сапар) және 90 күннен артық уақытқа  берілетін ұзақ мерзімді виза (оқу, жұмысқа тұру, отбасымен қосылу) болып бөлінеді.
 

Өтініш, алдымен өзіңіздің жоспарлап отырған сапарыңыздың қанша уақытқа созылатынын  анықтап алыңыз.

Жеке сұрақтарыңыз бойынша Елшілікке немесе Бас Консулдыққа кері байланыс қызметі арқылы хабарласыңыз.

Деректеріңізді қорғау туралы ақпаратқа  назар аударыңыз.
 

жоғары