Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Шетелдік кәсіби біліктілікті тануға арналған виза
Шетелдік кәсіби біліктілікті мойындауға арналған виза
Негізгі ақпарат
Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.
Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпарат» ескертпеге назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады
Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады.
Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) бір данада тігілмеген түрде ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.
Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады.
Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы.
Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін.
Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.
Жалпы ақпарат
Егер Сіздің кәсіптік біліміңізді Германиядағы құзырлы орган толық танымаса, Германияда қажетті біліктілікті алу және бір уақытта жұмысқа кірісу үшін виза алуға өтініш бере аласыз. Оқуыңызды аяқтағаннан кейін және Сіздің біліміңізді толық таныған кейін Сіз тұрақты тұруға өтініш бере аласыз.
Шетелдік кәсіби біліктілікті тану үшін сіз Германияда 18 айға дейін бола аласыз. Кейбір жағдайларда болу мерзімін тағы алты айға ұзартуға болады. Егер өтініш беру кезінде Сіздің кәсіби біліктілігіңізді тану екі жыл ішінде аяқталуы мүмкін екендігі анық болмаса, виза берілмейді.
Германияда тұру және жұмыс істеу туралы қосымша ақпаратты "Make it in Germany.de" таба аласыз.
Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.
Виза өтініштерін бақылау тізімі
Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет..
- Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.
- «Тұрақты тұру туралы» заңының 54-шы § сәйкес қол қойылған түсініктеме.
2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланкілерінің екеуіне де фото жапсырыңыз және үшінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)
- Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек.
Кәсіби біліктіліктерді тануға жауапты неміс органының кәсіптік біліктіліктің барабарлығын анықтау немесе жұмысқа рұқсат беру үшін бейімделу шараларының қажеттілігі туралы хабарламасы, түпнұсқасы мен екі көшірмесі. Тану тақырыбы туралы қосымша ақпарат: www.anerkennung-in-deutschland.de
Егер біліктілікті бейімдеу туралы шешімде қарастырылған болса: Теориялық курстарға, кәсіпорындағы біліктілік іс-шараларына (әрі қарай оқыту жоспарымен) немесе емтихандарға дайындық курстарына тіркелу, түпнұсқасы мен екі көшірмесі.
Егер біліктілікті бейімдеу туралы шешімде қарастырылған болса: Біліктілікті растау емтиханына тіркелу және қажет болған жағдайда біліктілікті растау емтиханымен дайындық курсына тіркелу түпнұсқасы мен екі көшірмесі.
- Сіздің кәсіби біліктілігіңізді растау түпнұсқасы мен екі көшірмесі.
- Германияда регламенттелген кәсіпте жұмыс істегісі келетін академиктер үшін (мысалы, дәрігерлер, мұғалімдер, адвокаттар): баға тізімі көрсетілген диплом.
- Кәсіптік білімі бар білікті жұмысшылар үшін: бағалары бар кәсіптік біліктілік диплом
- Егерде бар болса: жұмыс тәжірибесін және біліктілігін арттыруды растау
Сіздің академиялық және кәсіби өмірбаяныңызды сипаттайтын кесте түрінде толық түйіндеме, түпнұсқасы мен екі көшірмесі
- Актуалдық (өтініш тапсырылған кезде бір жылдан аспайтын) неміс тілін білуін растайтын құжат түпнұсқасы мен екі көшірмесі
- A2 деңгейден төмен емес
- Регламенттелген кәсіптер үшін кем дегенде B1 деңгейде
- Егер Сіз тілді жетік білмесеңіз, алдымен тіл курсына қатысу үшін виза алуға өтініш бергеніңіз жөн. Кейбір жағдайларда тіл үйрену бейімделу шараларының шеңберінде өтуі мүмкін. Бұл ретте тіл үйрену және бейімдеу шараларының 24 ай ішінде аяқталуын қамтамасыз ету керек.
- Бүкіл кезең үшін тұрғылықты жерін растайтын құжат
- Мысалы, қонақүйді брондау немесе жалдау шарты
- Жеке тұлғамен тұрған жағдайда: шақырушының төлқұжатының көшірмесімен қол қойылған шақыру.
Оқу орнындағы емтихан тапсыру кезіне айына 1.091 еуро нетто мөлшерінде (мұнда сонымен қатар емтихандарға қатысу, оның ішінде нәтижелер жарияланғанға дейін күту уақыты) немесе кәсіпорындағы емтихан тапсыру кезіне айына 941 еуро нетто немесе 1.133 евро брутто мөлшерінде Германияда жоспарланған болу уақытына қаржыландыруды растайтын құжат қажет. Германияда бір жылдан астам жоспарланған болу уақытына қаржыландыруды растайтын құжат тек оқудың бірінші жылы үшін қажет. Қаржыландыруды келесі құжаттар арқылы растауға болады:
- Германияның мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасына қатысуды растау бір дана немесе түпнұсқасы мен бір көшірмесі
„Тұрақты тұру туралы“ заңының 66-68 баптарына сәйкес міндеттемелерді қабылдау туралы өтініштің (Verpflichtungserklärung) түпнұсқасы мен 1 көшірмесі (визаны рәсімдеу үшін өтініш берген күніне дейінгі соңғы 6 айдың ішінде берілген). Бұл құжатта тұрақты тұру мақсаты «Оқу» деп және шақыратын тұлғаның төлем қабілеті туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Толық тұрақты тұру мерзіміне жеткілікті 1.091 евро мөлшерінде айлық лимиті бар неміс банктерінің бірінде шектелген есеп шоттың ашылғаны туралы растау. Шектелген шотты, негізінен, Германия аумағында банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілген кез келген қаржы институтында ашуға болады.
Сіз өзіңіздің біліктілігіңізге байланысты аптасына 10 сағатқа дейін жұмыс істей отырып, өз өміріңізді қамтамасыз ете аласыз. Бір данада жасалған еңбек шарты немесе жұмысқа ұсыныс дәлел бола алады. Бұл тек бір емтихан тапсырылған жағдайда мүмкін емес.
- Егерде бар болса: Еңбек федералды агенттігімен жұмыс істеу үшін берілген рұқсат.
Неміс жұмыс берушілердің Германияның Федералды еңбек агенттігіне рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды алдын ала тапсыруға мүмкіншіліктері бар. Егер осы рұқсат виза алу үшін өтініш пен бірге тапсырылған болса, онда виза бөлімінде өңдеу уақыты біраз қысқаруы мүмкін.
Егер Сіз біліктілік шарасымен қатар жұмыс істеп жатсаңыз:
- Сіздің жұмыс берушімен толтырылған және қол қойылған формасы: Сіздің біліктіліктеріңізге сәйкес келетін жұмыс үшін Қосымша A парағы бар „Еңбек қатынасы туралы мәлімдеме“ екі данада.
Егер Cіз кәсіптік білімі бар білікті жұмысшы болсаңыз:
- Cіздің жұмыс берушімен толтырылған және қол қойылған формасы: „Еңбек қатынасы туралы мәлімдеме“ Қосымша A парағы бар, екі данада
- Жұмыс берушінің екі жыл ішінде анықталған тапшылықтарды өтеуді қамтамасыз ету міндеті.
Анықталған тапшылықтардың орнын толтыру үшін қандай практикалық шаралар қолданылатынын көрсететін оқудың одан әрі жоспары.
Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:
- Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі.