Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

мақала

Ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін берілетін виза

Негізгі ақпарат

  • Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.

  • Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпарат» ескертпеге назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады

  • Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек.   Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады.  

  • Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) тігілмеген түрде бір данада ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.

  • Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады. 

  • Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы. 

  • Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін. 

  • Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса. 

Жалпы ақпарат

Зерттеушілер – докторантурада оқуға мүмкіндік беретін докторлық дәрежесі немесе тиісті жоғары білімі бар үшінші елдің азаматтары. Зерттеушілерді ғылыми-зерттеу институттары таңдап оларға Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттің аумағына кіруге рұқсат береді.

Егер Сіз ЕО көк картасын алу үшін шарттарын орындасаңыз, Сіз осы картаны алу немесе зерттеуші ретінде тұруға рұқсат алуға өтініш беруді өзіңіз шеше аласыз. Сізге ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін қандай рұқсат оңтайлы болатыны туралы тұрғылықты жеріңіздегі шетелдіктер істері жөніндегі мекемеден алдын ала кеңес алуыңыз керек. 

Егер Сіз Германияға докторантураға түссеңіз, университетпен немесе ғылыми-зерттеу институтымен еңбек шартын жасасқан жағдайда ғана Сізді § 18d тұру туралы заңына сәйкес ғылыми қызметкер немесе зерттеуші деп санауға болады. Егер Сіз еңбек шартын жасамай күндізгі бөлімде оқығыңыз келсе, онда оқу мақсатында виза алуға өтініш беруіңіз керек.

Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.

Виза өтініштерін бақылау тізімі

Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.

  • Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.  

  •  «Тұрақты тұру туралы» заңының 54-шы § сәйкес қол қойылған түсініктеме. 

  • 2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)  

  • Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек. 

  • Ғылыми-зерттеу мекемесі мен ғылыми қызметкер арасындағы Қабылдау туралы келісім түпнұсқасы мен бір көшірмесі. Айына € 2.080 ресми ең төменгі жалақы расталуы керек.

  • Тұру туралы заңның 18 § 2 абзац 4а № сәйкес қол қойылған нұсқама 
  • Ғылыми-зерттеу мекемесімен еңбек қатынастары болмаған жағдайда Германияда жоспарланған болу ұзақтығына айына 1027 еуро көлемінде қаржыландыруды растау. Бір жылдан астам болу жағдайында өтініш берген кезде тек бірінші жылға ғана қаржыландыруды растау қажет. Қаржыландыруды келесі құжаттар арқылы растауға болады:

  • Стипендияны растау түпнұсқасы мен екі көшірмесі. Егер стипендия сомасы айына € 1027-ден аз болса, айырмашылық келесі баламалың біріне сәйкес расталуы керек:

  • „Тұрақты тұру туралы“ заңының 66-68 баптарына сәйкес міндеттемелерді қабылдау туралы өтініштің (Verpflichtungserklärung) түпнұсқасы мен бір дана көшірмесі (визаны рәсімдеу үшін өтініш берген күніне дейінгі соңғы 6 айдың ішінде берілген). Бұл құжатта тұрақты тұру мақсаты «Оқу» деп және шақыратын тұлғаның төлем қабілеті туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

  • Неміс банкінде бұғатталған шоттың ашылғанын растайтын құжат. Осы шоттан жоспарлаған мерзімге айына 1027 еуро алынуы керек.. 

  • Қазақстандық шоттағы қаражаттың жеткілікті екендігін растау түпнұсқасы мен бір көшірмесі. Виза рәсімі кезінде бұғатталған шот ашу қажет болуы мүмкін. 
  • Ғылыми-зерттеу мекемесі бірінші кезекте мемлекет тарапынан қаржыландырылмаса: Ғылыми-зерттеу мекемесінің шығындарды өз мойнына алу міндеті. Шығындарды төлеу міндеттемесі шетелдіктің тұру шығындарын және оқуға қабылдау туралы келісім аяқталғаннан кейін алты айға дейінгі мүмкін депортацияны жабуы керек түпнұсқасы мен екі көшірмесі.

  • Университет бітірген туралы куәлік пен бағалар тізімі түпнұсқасы мен бір көшірмесі 

  • Академиялық және кәсіби мансабыңызды сипаттайтын кесте түрінде толық түйіндеме.
  • Егерде бар болса: неміс тілін білуді растау түпнұсқасы мен екі көшірмесі.

Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:

  • Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі.
жоғары