Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Тәжірибеден өтуге арналған виза 

мақала

Тәжірибеден өтуге арналған виза 

Негізгі ақпарат

  • Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз
  • Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпаратқа» назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады

  • Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады. 

  • Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) бір данада тігілмеген түрде ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.

  • Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады. 
  • Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы. 
  • Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін. 
  • Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса. 

Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.

Виза өтініштерін бақылау тізімі

Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.

  • Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.  
  • „Тұрғылықты тұру туралы“ заңының  54-ші § сәйкес қол қойылған түсініктеме 
  • 2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі

  • Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек. 
  • Тәжірибеден өту туралы келісім-шарт келесі мәліметтер көрсетілген түпнұсқада + 1 данада жасалады: 
  • Жұмыс берушінің мекен-жайы және байланыс деректері
  • Жұмыс түрі: толық немесе толық емес жұмыс күні
  • Еңбек қатынастарының ұзақтығы
  • Қызмет атауы 
  • Еурода төленетін айлық брутто жалақ. Брутто жалақы ең төменгі жалақыға сәйкес келуі керек. Ең төменгі жалақы туралы заңның § 22-тармағына сәйкес ең төменгі жалақыны төлеу міндетінен босатылған болса, қаржыландыруды растайтын құжаттар келесі мөлшерде ұсынылуы керек (жоба тізім): 

- оқу аясында міндетті тағылымдама: айына 992 еуро нетто; - оқу аясындағы ерікті тағылымдамадан өту: 855 еуро нетто немесе айына 1090 еуро брутто. Егер тағылымдамадан өту үшін төленетін жалақысы талап етілетін мөлшерден аз болса, онда қаржыландыруды растайтын құжаттар келесідей ұсынылуы мүмкін.

  • Неміс банкінде бұғатталған шоттың ашылғанын растайтын құжат. Осы шоттың ресми ашылуы және төленген жалпы қаражат пен ай сайын қолға берілетін қаражат көрсетілуі керек. 

НЕМЕСЕ

  • Қазақша шоттағы қаражаттың жеткілікті екендігін растайтын құжат түпнұсқа және + 1 көшірмесі. Өтінішті қарау барысында бұғатталған есеп шотты ашу қажет болуы мүмкін.
  • Сіздің кәсіби біліктілігіңізді растайтын құжаттың түпнұсқасы + 1 көшірмесі:
  • Сіздің соңғы бітірген жоғарғы оқу орны: диплом және бағалар тізімі 
  • Соңғы алынған кәсіби біліктілік: бағалар тізімі көрсетілген диплом 
  • Тиісті кәсіби тәжірибе мен біліктілікті арттыру жайлы құжаттар 
  • Қол қойылған уәждемелік хат; хатта тұруға байланысты жоспарланған күтулер, кәсіби және жеке пайдалар, сондай-ақ болашаққа арналған жоспарлар көрсетілуі керек. 
  • Егерде бар болса: бұрын неміс тілін меңгергеніңіз туралы құжаттың түпнұсқасы + 1 дана көшірмесі 
  • Оқу бағытына байланысты тәжірибеден өту кезінде: Болашақ тұратын жеріңізге жауапты Германияның Еңбек агенттігінің келісімі, түпнұсқа + 1 көшірмесі

Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:

  • Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі.
жоғары