Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Кәсіптік білім алу үшін виза

мақала

Кәсіптік білім алу үшін виза 

Негізгі ақпарат

  • Сіз барлық ақпараттық парақтар мен бланкілерді визалық кеңселерден немесе шетелдік дипломатиялық миссияларының сайттарынан тегін ала аласыз.
  • Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпарат» ескертпеге назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады

  • Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек.   Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады. 

  • Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) тігілмеген түрде бір данада ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.

  • Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады. 
  • Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы.
  • Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін. 
  • Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.

Жалпы ақпарат

Сіз Германияда кәсіптік білім ала аласыз, егер Сіз кез келген кәсіпорында оқу орнына ие болсаңыз және неміс тілін білсеңіз (кәсіби біліктілікке В1, әйтпесе қағида бойынша А2-ден кем емес деңгейі). Неміс тілін аз білетін жағдайда, оқуды бастамас бұрын алдымен тіл курсын өтуге болады.

Сіз Германияда тұрып және жұмыс істеу туралы қосымша ақпаратты осы жерде таба аласыз:  "Make it in Germany.de" 

Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.

Виза өтініштерін бақылау тізімі

Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет

  • Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш. 
  • «Тұрақты тұру туралы» заңының 54-ші § сәйкес қол қойылған түсініктеме. 
  • 2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)  

  • Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек .
  • Жалақы және жұмыс уақыты туралы мәліметтермен қол қойылған, нақты кәсіптік білім алу туралы келісімшарт + бір көшірме

  • Жұмыс берушінің қолы қойылған нақты кәсіптік білім алу жоспарының + бір көшірме.
  • Бар болса: кәсіби біліктілігіңізді растайтын құжаттың түпнұсқасымен мен бір көшірмесі.
  • Соңғы жоғары оқу орны / мектеп бітіру туралы: диплом / аттестат, бағалар тізімі
  • Соңғы алынған біліктілік: Баға тізімі көрсетілген диплом 
  • Тиісті кәсіптік тәжірибені және біліктілікті арттыруды растау құжаттары 
  • Өзі жазып және өзі қолын қойған уәждемелік хат; хатта тұруға байланысты жоспарланған күтулер, кәсіби және жеке пайдалар, сондай-ақ болашаққа жоспарлар көрсетілуі керек.
  • Актуалдық (өтініш берген кезде бір жылдан аспайтын) білікті кәсіби дайындығы бар В1 тіл деңгейінде неміс тілін білуді растайтын құжат, әйтпесе қағида бойынша А2-ден кем емес болуы керек, түпнұсқасымен мен бір көшірмесі
  • Мұндай құжат, ен алдымен, ALTE (Association of Language Testers in Europe) стандарты бойынша сертификатталған емтихан алатын және филиалдарында Германиядан келген мамандар жұмыс істейтін мекемелер берген тіл сертификаты болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда емтихан алатын мекемелердің ішінде тек Гёте-Институты мен оған тіркелген тіл орталықтары аталған талаптарға сәйкес келеді. Неміс тілінің негізгі білімін растайтын „Start Deutsch 1“-емтихан туралы қосымша ақпаратты Қазақстандағы Гете-институтының веб-сайтынан  таба аласыз.
  • Егер тілді оқып үйрену Германияға келгеннен кейін оқып үйренуге болса, оқуға дейінгі тілдік дайындық курсы немесе жұмысқа байланысты тілдік курстың болатындығының дәлелі.
  • Егер кәсіптік оқу шартына сәйкес Сіздің оқу ақыңыз өндірістік кәсіптік оқыту үшін айына 1.048 еуро брутто немесе 822 еуро нетто мөлшерінен аз болса, не мектепте оқытылатын кәсіптік білім үшін айына 959 еуро нетто мөлшерінен аз болса, онда бірінші оқу жылы үшін жетіспейтін сома баламалы қаржылық қамтамасыз ету түрінде ұсынылуы тиіс. Қаржыландыруды келесі құжаттар арқылы растауға болады:
  • Германияның мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасын қолданудың дәлелі түпнұсқасымен мен бір көшірмесі
  • Аптасына он сағатқа дейінгі жұмысқа орналасу туралы еңбек шарты, кәсіби дайындықтан бөлек, бір көшірмесімен 
  • „Тұрақты тұру туралы“ заңының 66-68 баптарына сәйкес міндеттемелерді қабылдау туралы өтініштің (Verpflichtungserklärung) түпнұсқасы мен бір көшірмесі (визаны рәсімдеу үшін өтініш берген күніне дейінгі соңғы 6 айдың ішінде берілген). Бұл құжатта тұрақты тұру мақсаты «Оқу» деп және шақыратын тұлғаның төлем қабілеті туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
  • Толық тұрақты тұру мерзіміне жеткілікті мөлшерде айлық лимиті бар неміс банктерінің бірінде бұғатталаған есеп шоттың ашылғаны туралы құжат. 

Визаны ресімдеу кезінде тек шотқа салынған жалпы сома мен ай сайын қолжетімді сома көрсетілген ресми ашылғаны туралы растау ғана қабылданады. Бұл сандар көрсетілмеген растау жеткіліксіз болып табылады.

Бұғатталған шотты негізінен Германияда рұқсат етілген кез келген қаржы мекемесінде ашуға болады

Жетпейтін сома көлемінде қазақстандық банктегі шоттағы қаражат туралы анықтама (түпнұсқа + бір көшірме). Виза рәсімдеу процесі барысында бұғатталған шот ашу талабы қойылуы мүмкін  

Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:

  • Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі 
жоғары