Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Жұмыс істеу

мақала

Германияда жұмысқа орналасу үшін берілетін виза 

Негізгі ақпарат

  • Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.

  • Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпарат» ескертпеге назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады

  • Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Шетелдік төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті аударылмай қалады. 

  • Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) бір данада тігілмеген түрде ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.

  • Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады.

  • Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы. 

  • Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін. 

  • Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса. 

Жалпы ақпарат

Білікті жұмысшылардың көші-қоны туралы жалпы ақпаратты маман порталында табуға болады.

Жұмыс визасы Сіздің біліктілігіңіз сәйкес келетін білікті жұмыс іздеген жағдайда ғана берілуі мүмкін екенін ескеріңіз. Сіз өзіңіздің біліктілігіңізге байланысты белгілі бір жұмысты жасай алуыңыз керек. Көмекшілер мен тағылымдамадан өтушілер осыған кірмейді.

Сіздің болашақ тұрғылықты жеріңізге жауапты Федералдық жұмыспен қамту агенттігі Сіздің шетелдік біліктілігіңіз жоспарланған жұмысқа сәйкес келетінін тексереді.

Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.

Виза өтініштерін бақылау тізімі

Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.

  • Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш. 

  • «Тұрақты тұру туралы» заңының 54-шы § сәйкес қол қойылған түсініктеме. 

  • 2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланкілерінің екеуіне де фото жапсырыңыз және үшінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)

  • Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек.

  • Жұмыс берушінің қолы қойылған және толтырылған нысан: „Еңбек қатынасы туралы мәлімдеме

  • Тұру туралы заңның 18 § 2 абзац 4а № сәйкес қол қойылған нұсқама 
  • Академиялық және кәсіби мансабыңызды сипаттайтын кесте түрінде толық түйіндеме.

  • Егерде бар болса: неміс тілін білуді растау түпнұсқасы мен бір көшірмесі.

  • Өтініш берген кезде Сіздің жасыңыз 45-тен асқан болса және Сіздің жылдық жалпы жалақыңыз 53.130 Euro еуродан аз болса: Зейнетақыны растайтын құжат, келесі түрде  

  • Сіздің жұмыс істеген елдің міндетті зейнетақы сақтандыру бағдарламасы бойынша талабыңыз                      НЕМЕСЕ
  • Жеке зейнетақы немесе өмірді сақтандыру  НЕМЕСЕ
  • Жылжымайтын немесе басқа мүлік 
  • Егерде бар болса: Еңбек федералды агенттігімен жұмыс істеу үшін берілген рұқсат.
    Неміс жұмыс берушілердің еңбек шартымен бірге Германияның Федералды еңбек агенттігіне (ZAV) рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды алдын ала тапсыруға мүмкіншіліктері бар. Егер осы рұқсат виза алу үшін өтініш пен бірге тапсырылған болса, онда виза бөлімінде өңдеу уақыты біраз қысқаруы мүмкін.

Кәсіби дайындығы бар маман ретінде келу:

  • Кемінде екі жыл кәсіби дайындығыңызды растайтын құжат: оқу орның бітірген туралы куәлік пен бағалар тізімі түпнұсқасы мен екі көшірмесі
  • Шетелдік кәсіптік оқытуды тану туралы шешім түпнұсқасы мен екі көшірмесі. Шешімді шығаратын құзыретті орган тиісті ақпаратты осы жерден ала алады: Германиядағы тану. Қосымша ақпаратты осы жерде таба аласыз:
  • www.make-it-in-germany.com
  • Жедел желі „Германияда жұмыс істеу және тұру“: +49 30 1815 – 1111
  • Шетелдік білім берудің орталық кеңсесі 
  • Егер Сіз реттелетін мамандық бойынша жұмысқа орналасқыңыз келсе (мысалы, денсаулық сақтау және мейірбике көмекшісі): кәсіби лицензия немесе кәсіптік лицензияға кепілдік түпнұсқада + бір дана көшірме. Бірқатар реттелетін мамандықтар үшін кем дегенде B1 деңгейінде неміс тілін білу қажет. Реттелетін кәсіптер туралы ақпаратты „Германиядағы тану“ (көп тілді) немесе „BERUFENET“  (тек неміс тілінде) табуға болады. 

Академиялық білімі бар маман ретінде келу

  • Университет бітірген туралы куәлік пен бағалар тізімі түпнұсқасы мен бір көшірмесі 

  • anabin дерекқорынан алынған Сіздің университетіңіздің және Сіздің дипломыңыздың танылған туралы көшірме НЕМЕСЕ ZAB ұйымының білім туралы құжаттың бағалау (Шетелде білім беру жөніндегі орталық мекеме), түпнұсқасы мен бір көшірмесі. Сіздің дипломыңыз баламалы құжат болып табылады, егер

  • Сіздің университетіңіз «H+» және дәреже anabin дерекқорында  «сәйкес» немесе «баламалы» ретінде көрсетілген болса, немесе

  • Сіздің университетіңіз «H+/-» тізімінде және сол университеттің дәрежесі де «сәйкес» немесе «баламалы» ретінде көрсетілген болса.

Білім туралы құжатты бағалау жүргізілуге ​​тиіс, егер 

  • Сіздің дипломыңыз anabin дерекқорында  «сәйкес» немесе «баламалы» ретінде көрсетілмеген болса немесе 
  • Сіздің университетіңіз anabin дерекқорында  көрсетілмеген болса және 
  • Сіздің университетіңіз H+/- деген бағаға ие және Сіздің дипломыңыз сол университетте «сәйкес» немесе «баламалы» ретінде тізімделмеген болса. 

Бұл туралы нұсқаулықты осы жерден табуға болады.

Егер Сіздің дипломыңыз және/немесе университетіңіз теріс рейтингімен («H-» немесе «шартты түрде салыстырмалы») анабин дерекқорында тізімделген болса, сертификатты одан әрі бағалау орынды емес. Кәсіби білімі бар білікті жұмысшылардың Тану тәртібімен  танысыңыз.

  • Егер Сіз реттелетін кәсіпте жұмыс істегіңіз келсе (мысалы, дәрігер, фармацевт, мұғалім): Кәсіби лицензияның немесе кәсіби лицензияның кепілдігі түпнұсқасы + бір көшірме. Бірқатар реттелетін кәсіптер кем дегенде B1 деңгейінде неміс тілін білуді талап етеді. Реттелетін кәсіптер туралы ақпаратты „Германияда тану“ веб-сайтында (бірнеше тілде) және «BERUFENET» федералды жұмыспен қамту агенттігінің сайтында (тек неміс тілінде) табуға болады. Егер Сізде кәсіби лицензия болса, дипломыңызды бағалаудың қажеті жоқ).

Германияға кәсіби біліммен кіру (IT)

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты кәсіби біліміңіз болса, Сізге жоғары білімді немесе онын мойындауы қажет емес. Сіз келесі талаптарға сай болуыңыз керек:

  • Соңғы жеті жылда Сіз ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы университет дәрежесімен салыстыруға келетін білім және біліктілікті кемінде үш жыл кәсіби тәжірибесі арқылы (түпнұсқа + бір көшірме) алдыңыз.

  • Ең төменгі жылдық брутто жалақы € 43.470 

Түпнұсқада + бір көшірмеде Жалпы еуропалық тілдерге арналған құзыретінің В1 деңгейінде неміс тілін білу. Неміс тілін білуді растау дәлелді жеке жағдайларда талап етілмейді, мысалы, егер Сіз белгілі бір жұмыс тек ағылшын тілін білуді талап ететінін дәлелдей және ағылшында сөйле алсаңыз.

Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілер:

Қазақстанда тұруға үшін берілген ықтиярхат/тіркеу түпнұсқасы + бір көшірмесі

жоғары