Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Au-Pair
Германияға Au-Pair жұмысқа виза алу
Негізгі ақпарат
Сіз барлық ақпараттық парақтар мен бланкілерді визалық кеңселерден немесе шетелдік дипломатиялық миссияларының сайттарынан тегін ала аласыз.
Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпарат» ескертпеге назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің ресми сайтынан алуға болады
Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады.
Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) тігілмеген түрде бір данада ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.
Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады.
Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы.
Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін.
Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы құжатты ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.
Жалпы ақпарат
Au-Pair-жұмыс арқылы Сізде неміс отбасында тұрып сол жерде жұмыс істеп өзіңіздің неміс тілін арттыруға және Германиямен жақынырақ танысуға мүмкіншілігіңіз болады. Au-Pair-жұмысы кем дегенде 6 ай және 12 айдан аспауы керек. Au-Pair-жұмысын ұзарту немесе қайталау мүмкін емес.
Неміс тілін білу:
Неміс тілін білу деңгейі Бірыңғай еуропалық тілдік білімді бағалау жүйесіне сәйкес А1 болуы виза алудың басты шарты болып табылады. Бұл Сіздің неміс тілінде жақсы тыңдау, түсіну және қарапайым диалог жүргізе алатыныңызды білдіреді.
Жас шектеуі:
Жұмысты бастау алдында жасыңыз 18-ден кем болмауы қажет. Виза алуға өтініш 27 жасқа толмастан бұрын берілуі керек.
Өтінші тапсыру және делдалдық ұйым:
Сіз Au-Pair-делдалдық ұйымының қызметін пайдалана аласыз немесе өз бетінше жұмыс беруші отбасын табуыңызға болады. Қабылдаушы отбасында неміс тілі отбасы мүшелерінің ана тілі болуы керек. Егер де неміс тілі Сіздің болашақ жұмыс беруші отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа арналған жалғыз тіл болса, онда виза тек қана қабылдаушы отбасындағы ата-ана Сізбен бірге бір елден келмеген жағдайда ғана берілуі мүмкін.
Келісімшарт:
Қабылдаушы отбасымен өзара құқықтар мен міндеттер туралы жазбаша келісім жасасуыңыз керек. Өзіңіз келіспесеңіз, келісімшартта көрсетілмеген басқа міндеттемелерді орындауға болмайды. Осыған байланысты қиыншылықтар туындаса, дереу Германияның тиісті органдарына хабарласыңыз. Бұл жағдайда Сізге көмек көрсетіледі.
Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.
Виза өтініштерін бақылау тізімі
Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.
Ұлттық виза алу үшін неміс немесе ағылшын тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.
Тұрғылықты тұру заңының 54-ші § сәйкес түсіндірмеге қолыңыз қойылуы қажет.
2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)
Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек.
«Неміс отбасыларындағы Au-Pair» федералды жұмыспен қамту агенттігінің жаднамасына назар аударғаныңыз туралы мәлімдеме
Қабылдаушы отбасы және Сізбен қол қойылған Au-Pair еңбек шарт, түпнұсқасы мен бір көшірмесі. Au-Pair еңбек шартың көшірмесі немесе оның факсимильді көшірмесі қабылданады, егер Сіз Au-Pair жұмысына RAL сапалық белгісі бар делдалдық ұйымы арқылы кірген болған жағдайда.
Қабылдаушы отбасы қол қойған Федералды жұмыспен қамту агенттігінің Au-Pair сауалнамасы, толық толтырылған екі данада.
Біліктілік күәлігі түпнұсқа + бір көшірме:
Мектеп НЕМЕСЕ университет бітірген туралы куәлік пен бағалар тізімі (мысалы, аттестат, бакалавр куәлігі, диплом)
Соңғы НЕМЕСЕ қазіргі уақыттағы жұмыс берушінің анықтамасы, егер Сіз жұмыс істеп жүрсеңіз.
Толық таблица түрінде жасалған өмірбаян, алынған білім және жұмыс тәжірибе көрсетілген.
Өзі жазып және өзі қолын қойған уәждемелік хат; хатта тұруға байланысты жоспарланған күтулер, кәсіби және жеке пайдалар, сондай-ақ болашаққа жоспарлар көрсетілуі керек.
Шетел тілін оқығандығын растайтын құжаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі.
Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:
Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі