Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Германияда ерікті ретінде қызмет атқару үшін виза
Германияда ерікті ретінде қызмет атқару үшін виза (FSJ, FÖJ, EFD, BFD)
Негізгі ақпарат
Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.
Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпарат» ескертпеге назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады
Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады.
Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) тігілмеген түрде бір данада ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.
Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады.
Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы.
Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін.
Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.
Жалпы ақпарат
Федералды еріктілер қызметі туралы ақпарат, соның ішінде „Оңтүстік-Солтүстік әлемге бет бұру“ компоненті: Келісімшартқа Сіздің қолыңызбен бірге Отбасылық және қоғамдық-азаматтық істер жөніндегі федералдық мекеменің (BAFzA), сондай-ақ тағайындаған мекеменің, орталық бөлімінің және қажет болған жағдайда ерікті ретінде қызмет атқарылатын мекеменің (ұйымдастырушының) қолдары қойылуы керек. Федералдық еріктілер қызметі бағдарламасына қатысу жасы шектелмеген. Алайда, „Оңтүстік-Солтүстік әлемге бет бұру“ бағдарламасының қатысушылары 18 бен 29 жас аралығында болуы керек.
Жас еріктілер қызметі туралы ақпарат (ерікті әлеуметтік жыл (FSJ) немесе ерікті экологиялық жыл (FÖJ)): келісімшартқа Сіздің және тиісті ұйымдастырушының және бар болған жағдайда тағайындаған мекеменің қолдары қойылуы керек. Қатысушылардың жасы 16 мен 27 аралығында болуы тиіс.
Еуропалық еріктілер қызметі (EFD) туралы ақпарат: Сіздің келісімшартыңызға Erasmus+ белсенді жастар ұлттық агенттігінің және үйлестіруші ұйымының қолдары қойылуы керек. Тапсырмаларды және жоспарланған оқу нәтижелерін сипаттайтын еріктілер қызметі туралы келісімге үйлестіруші және ерікті қол қоюы тиіс. Тілді білу EFD-ға қатысудың шарты емес. Еуропалық еріктілер қызметі (FED) бағдарламасының қатысушылары 17 мен 30 жас аралығында болуы керек.
Германияда болудың мақсаты - жалпы игілікке ұмтылу және дағдыларды меңгеру. Ерікті қызметтің ұзақтығы алты айдан 24 айға дейін болуы мүмкін, бірақ әдетте бір жылды құрайды.
Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.
Виза өтініштерін бақылау тізімі
Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.
Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.
«Тұрақты тұру туралы» заңының 54-шы § сәйкес қол қойылған түсініктеме.
2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)
Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек.
- Германияда ерікті қызмет атқару туралы келісім-шарт/келісім
- Алдын ала дайындықтан өткен туралы құжаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі:
- Мектеп НЕМЕСЕ университет бітірген туралы куәлік пен бағалар тізімі (мысалы, аттестат, бакалавр куәлігі, диплом).
- Соңғы НЕМЕСЕ қазіргі уақыттағы жұмыс берушінің анықтамасы, егер Сіз жұмыс істеп жүрсеңіз.
Толық кесте түрінде жасалған білімі мен жұмыс тәжірибесі көрсетілген өмірбаян
Өзі жазып және өзі қолын қойған уәждемелік хат; хатта тұруға байланысты жоспарланған күтулер, кәсіби және жеке пайдалар, сондай-ақ болашаққа жоспарлар көрсетілуі керек.
- Бар болса: Тілді білетін туралы растау түпнұсқасы мен бір көшірмесі
Қажет болса: Неміс тілін білуді растау талап етілмейтінін және кіру кезінде тіл курстарында тіл үйренетінін жұмыс істейтін жерден растау.
Егер келісімде тұру және тамақтану туралы ақпарат көрсетілмесе, тұру және тамақтандыруды қамтамасыз ету туралы қосымша растауды ұсыну керек. Дәлелдерді қалай ұсыну керектігі туралы құзыретті шетел өкілінен кеңес алыңыз.
Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:
- Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі.