Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Кәмелетке толмаған баланың отбасымен қосылуы
Кәмелетке толмаған балалардың ата-анасымен қосылуға арналған виза
Негізгі ақпарат
Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.
Сондай-ақ «Ұлттық визаға өтініш беру туралы жалпы ақпарат» жаднамаға назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады
Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады.
Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) тігілмеген түрде бір данада ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.
Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады.
Қазақстан Республикасы құжаттарының және сот шешімдерінің түпнұсқаларына құзыретті органдар апостиль қоюға тиіс. Апостиль құжаттың түпнұсқасына қойылып, аударылуы керек. Басқа елдердің құжаттарын немесе сот шешімдерін ұсынған кезде ресми талаптарға қатысты шетелдегі құзыретті дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге хабарласыңыз.
Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы.
Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін.
Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.
Жалпы ақпарат
Бұл виза кәмелетке толмаған балаларға ата-анасымен қайта қосылу мақсатында Германияға кіруге мүмкіндік береді. Виза балаға Германияда заңды түрде тұрып жатқан ата-анасымен (ата-аналық құқығы бар болған жағдайда) қайта қосылуға немесе Германияға баламен бірге кіру жоспарланған жағдайда берілуі мүмкін (мысалы, ерлі-зайыптардың бір бірімен қосылуы / немесе Германияда жоспарланған жұмыс аясында).
Кәмелетке толған балалардың ата-анасымен қайта қосылу тек төтенше жағдайларды реттеу шеңберінде жүзеге асырылуы мүмкін («Төтенше жағдайларды реттеу шеңберінде отбасын біріктіру визасы» жадынамасын қараңыз).
Кәмелетке толмаған өтініш берушілер виза бөліміне келуі қажет!
Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.
Виза өтініштерін бақылау тізімі
Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.
Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.
Барлық заңды өкілдері «Тұрақты тұру туралы» заңының 54-шы § сәйкес қол қойылған түсініктеме.
2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)
Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек.
Туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен бір көшірмесі
Жағдайға қатысты болса: бала асырап алу туралы куәлік және бала асырап алу туралы сот шешімінің түпнұсқасы мен бір көшірмесі
Жағдайға қатысты болса: АХАЖ органдарының әке болғаны туралы анықтаманың түпнұсқасы мен бір көшірмесі НЕМЕСЕ туу туралы куәлікте әкесі туралы мәліметтер анасының көрсетуі бойынша толтырылғаны туралы АХАЖ органдарының анықтамасының түпнұсқасы мен бір көшірмесі (берілген күні визаға өтініш беру күннен бұрын 4 апта аспауы керек)
Жағдайға қатысты болса: Ата-анасының неке туралы куәлігі түпнұсқасы мен бір көшірмесі
Жағдайға қатысты болса: екінші ата-ананың қайтыс болуы туралы куәлік түпнұсқасы мен бір көшірмесі
Жағдайға қатысты болса: Ата-анасының біреуінің ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімі түпнұсқасы мен бір көшірмесі
Жағдайға қатысты болса: Некені бұзу туралы куәлік және ата-анасының некені бұзу туралы сот шешімі түпнұсқасы мен бір көшірмесі. Неке 10.12.2019 жылдан кейін бұзылған жағдайда ғана ата-анасының ажырасу туралы анықтамасы.
Егер бала ата-анасының біреуімен ғана кетсе: қалған ата-ананың Германияға кетуге және сол жерде тұруға келісімі туралы нотариалды расталған анықтама (өтініш берген кезде 3 айдан аспайтын) түпнұсқа мен бір көшірмесі.
- Ата-анасының төлқұжаты немесе жеке куәлігінің екі көшірмесі. Егер ата-анасының біреуі Германияда тұрса: Германияда тұруға рұқсаттың бір көшірмесі.
Бала баратын тұлғаның жарамды (өтініш берген кезде үш айдан аспайтын) тіркеуі бір көшірмесі.
Егер Сіз ата-анаңызбен немесе ата-анаңыздың біреуімен кетіп бара жатсаңыз және Сіз өз баспанаңызды алғанша Германияда туыстарыңызда немесе достарыңызда уақытша тұратын болсаңыз:
Осы тұлғаның төлқұжатының немесе жеке куәлігінің бір көшірмесі. Осы жағдайға қатысты болса: сол тұлғаның тұруға рұқсатының бір көшірмесі.
Осы тұлғаның тіркеу туралы жарамды (өтініш берген кезде үш айдан аспайтын) куәлік, бір көшірмесі
Осы тұлғаның онымен уақытша тұруға болатындығы туралы еркін нысандағы келісімі
Өтініш беру кезінде 16 жасқа толған және Германияда тұратын, сол елдің азаматы емес болып табылатын тек бір ата-анамен қайта қосылуды жоспарлап отырған балалар Шет тілдерін меңгеру деңгейін бағалаудың жалпы еуропалық жүйесіне сәйкес С1 деңгейінде неміс тілін білетіндігін растайтын құжатты көрсету керек (Тұру туралы заңының (AufenthG) №32.2.1 әкімшілік ережелерін (VwV) көруге болады).
Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:
- Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі.