Ресей азаматтары үшін жаңартылған ақпарат
Жарамды визалары бар Ресей Федерациясының азаматтарына Германияға кіру әрі қарай да мүмкін. Визаларды беруге қатысты қолданыстағы талаптар туралы ақпаратты мына жерден табуға болады.
Германияның Қазақстандағы өкілдіктері жалпы Қазақстанда тұрақты/заңды тұратын тұлғаларға ғана виза мәселелері бойынша құзыретті екенін ескеріңіз. Біздің веб-сайтта Астанадағы Германия елшілігінің және Алматыдағы Бас консулдықтың тиісті әкімшілік аудандарына назар аударыңыз.
Осы себепті Астанадағы Германия елшілігі негізінен басқа тұлғалардың визалық өтініштерін қарай алмайды. Бұл ереже соғыстың басында Беларусь, Ресей немесе Украина аумағында тұрақты/заңды тұрғылықты жері бар немесе болған адамдарға да қолданылады.
Ресей Федерациясынан Қазақстанға тікелей келген және ұзақ мерзімді ұлттық визаға, мысалы, жұмыс істеуге немесе оқуға өтініш берген Ресей азаматтары бұл ережеге жатпайды, өйткені өздерінің жеке бастарына қауіп төнгендіктен, олардың Ресейдегі Германияның дипломатиялық өкілдігіне құжаттарын тапсыру үшін Ресейге қайтып оралуы мүмкін емес. Бұл санаттағы тұлғаларға әсіресе құқық қорғаушылар, журналистер, диссиденттер және соғыс қимылдарына қатысудан жалтарғандар жатады.
Аумақтық принципке сәйкес баспана беру туралы өтінішті шетелде беруге болмайды; бұл Германияда ғана мүмкін. Баспана алуға кіру визаларын Елшілік бермейді.
Ұлттық визалар туралы ақпаратты біздің веб-сайтымызда келесі сілтеме бойынша таба аласыз.
Визаға өтініш беру үшін кез келген жағдайда жарамды төлқұжат қажет.
Германия экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі білікті маман ретінде ұлттық визаға өтініш берген кезде қойылатын талаптар мен өтінішті дайындау бойынша кеңес береді. Қосымша ақпаратты келесі сілтемелерден табуға болады:
Шетелдік мамандарды жұмысқа шақыру
Виза