Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
ЕО көк картасы
„ЕО - көк картасы“ – Германияға кіру үшін“
Негізгі ақпарат
Сіз барлық ақпараттық парақтар мен бланкілерді визалық кеңселерден немесе шетелдік дипломатиялық миссияларының сайттарынан тегін ала аласыз.
Сондай-ақ, «Ұлттық визаны рәсімдеу туралы жалпы ақпарат» ескертпеге назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады
Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Шетелдік төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті аударылмай қалады.
Түптелетін құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) бір данада тігілмеген түрде ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын жылдамдатады.
Тек анық оқылатын мәтіні бар құжаттар ғана қабылданады.
Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы.
Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін.
Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.
Жалпы ақпарат
ЕО көк картасы арқылы жоғары білім алған шетел азаматтары Германияда олардың біліктілігіне сәйкес жұмысқа орналаса алады. ЕО көк картасы жоспарланған жұмыс орны кемінде алты айға созылған жағдайда ғана шығарылуы мүмкін.
Егер сіздің жылдық жалпы жалақыңыз € 48. 300 болса, сіз ЕО көк картасын алуға құқығыңыз бар. Кейбір мамандандырылған кәсіптер үшін (мысалы, дәрігерлер және басқа да денсаулық сақтау мамандары, мұғалімдер, менеджерлер, логистика, тау-кен ісі, құрылыс, балалар мен қарттар күтімі, инженерия, жаратылыстану ғылымдары, математика, ақпараттық технологиялар) және жоғары білім алған жас мамандар үшін: Өтініш бергенге дейін 3 жылдан аспайтын жоғары білімін аяқтаған жас мамандар үшін жылдық жалпы жалақы 43.759,80 еуро жеткілікті.
ЕО Көк картасы туралы жалпы ақпаратты Федералды көші-қоң және босқындар кеңсесінің веб-сайтынан және мамандарға арналған порталынан таба аласыз.
Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.
Виза өтініштерін бақылау тізімі
Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.
Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.
- 2 дана «Тұрақты тұру туралы» заңының 54-ші § сәйкес түсініктеме.
2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланкілерінің екеуіне де фото жапсырыңыз және үшінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)
Иесінің қолы қойылған қолданыстағы шетелдік төлқұжаты + толық мәліметтері көрсетілген парағының екі көшірмесі. Шетелдік төлқұжаттың жарамдылығы сұралған визаның уақыт өткеннен кейін де кем дегенде 3 айлық күші болуы керек және кем дегенде екі бос беті болуы міндет.
Сіздің жұмыс берушіңізбен толтырылған және қол қойылған бланкісі: „Еңбек қатынастары туралы мәлімдеме“
- Тұру туралы заңның 18 § 2 абзац 4а № сәйкес қол қойылған нұсқама
Тұру туралы заңның 82 § 1 абзац 6 сөйлеміне сәйкес қол қойылған нұсқама.
Сіздің жоғарғы білім алғаны туралы растайтын құжат: куәлік пен бағалар тізімі түпнұсқасы мен екі көшірмесі.
- anabin дерекқорынан алынған Сіздің университетіңіздің және Сіздің дипломыңыздың танылған туралы көшірме екі данада
НЕМЕСЕ
ZAB ұйымының білім туралы құжаттың бағалау (Шетелде білім беру жөніндегі орталық мекеме) дипломның бағалау рәсімін келесі жағдайларда өткізу керек Сіздің университетіңіз «H+» ретінде көрсетілген және дәреже анабин дерекқорында «сәйкес» немесе «баламалы» ретінде көрсетілген болса немесе
- Сіздің университетіңіз «H+/-» тізімінде және сол университеттің дәрежесі де «сәйкес» немесе «баламалы» ретінде көрсетілген болса.
Сертификатты бағалау жүргізілуі керек, егер
- Сіздің дәрежеңіз анабин дерекқорында «баламалы» немесе «сәйкес» ретінде көрсетілмеген болса немесе
- Сіздің университетіңіз анабин дерекқорында көрсетілмеген болса және егер
- Сіздің университетіңіз H+/- деген бағаға ие және сіздің дәрежеңіз сол университетке «сәйкес» немесе «баламалы» ретінде тізімделмеген.
Бұл туралы нұсқаулықты осы жерден табуға болады.
Егер сіздің дәрежеңіз және/немесе университетіңіз теріс рейтингімен («H-» немесе «шартты түрде салыстырмалы») анабин деректер базасында тізімделген болса, сертификатты одан әрі бағалау орынды емес. Кәсіби білімі бар білікті жұмысшыларды тану тәртібімен танысыңыз.
Германияға кәсіби біліммен кіру (IT)
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты кәсіби біліміңіз болса, Сізге жоғары білім немесе онын мойындауы қажет емес. Сіз келесі талаптарға сай болуыңыз керек:
- Соңғы жеті жылда сіз ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы университет дәрежесімен салыстырылатын дағдыларды, білімдерді және біліктілікті кемінде үш жыл кәсіби тәжірибесі арқылы (түпнұсқа + бір көшірме) алдыңыз.
- Бұл дағдылар, білім және біліктілік сіздің жұмысыңыз үшін қажет
- Ең төменгі жылдық жалпы жалақы € 43.470
- Егер Сіз реттелетін кәсіпте жұмыс істегіңіз келсе (мысалы, дәрігерлер, фармацевтер, мұғалімдер): Кәсіби лицензия немесе сертификатталған кәсіби лицензия түпнұсқада + бір көшірме.
- Бірқатар реттелетін кәсіптер кем дегенде B1 деңгейінде неміс тілін білуді талап етеді. Реттелетін кәсіптер туралы ақпаратты „Германияда тану“ веб-сайтында (бірнеше тілде) және «BERUFENET» федералды жұмыспен қамту агенттігінің сайтында (тек неміс тілінде) табуға болады. Егер сізде кәсіби лицензия болса, сертификатыңызды бағалаудың қажеті жоқ.
- Сіздің академиялық және кәсіби мансабыңызды сипаттайтын кесте түрінде толық өмірбаян.
- Бар болса: Неміс тілін білуді растайтын құжат түпнұсқада + бір данада
- Бар болса: Жұмыспен қамтудың Федералдық агенттігі берген жұмысқа рұқсат
Неміс жұмыс берушілерінің виза беру үшін қажетті рұқсат алу үшін Федералдық жұмыспен қамту агенттігіне немесе Орталық жұмыспен қамту қызметіне (ZAV) тікелей өтініш беру мүмкіндігі бар. Егер ол виза рәсімі кезінде тапсырылған болса, виза беру орталығында құжаттарды өңдеу уақыты айтарлықтай қысқаруы мүмкін.
Қазақстан азаматтығы жоқ өтініш берушілер:
Қазақстанда тұруға ықтиярхат/тіркеу түпнұсқасы + бір көшірме