Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Аса ауыр жағдайларда берілетін виза
Аса ауыр жағдайларды қалпына келтіру мақсатында отбасының қосылуына арналған виза
Негізгі ақпарат
Сіз барлық жаднамалар мен формулярларды дипломатиялық өкілдіктерінің виза бөлімшелерінде немесе веб-сайттарында тегін ала аласыз.
Сондай-ақ «Ұлттық визаға өтініш беру туралы жалпы ақпарат» жаднамаға назар аударыңыз. Қосымша ақпаратты Қазақстандағы неміс өкілдіктерінің веб-сайтынан алуға болады
Шет тіліндегі құжаттар неміс тілінің ресми аудармасымен ұсынылуы керек. Төлқұжаттың тек мәліметтер бар ғана беті және ағылшын тіліндегі құжаттар аударылмай қалады.
Тігілген құжаттар (мысалы, нотариалды куәландырылған аудармалар) тігілмеген түрде бір данада ұсынылуы керек. Бұл өңдеу процедурасын ж ылдамдатады.
Тек анық оқылатын құжаттар ғана қабылданады.
Қазақстан Республикасы құжаттарының және сот шешімдерінің түпнұсқаларына құзыретті органдар апостиль қоюға тиіс. Апостиль құжаттың түпнұсқасына қойылып, аударылуы керек. Басқа елдердің құжаттарын немесе сот шешімдерін ұсынған кезде ресми талаптарға қатысты шетелдегі құзыретті дипломатиялық өкілдікке немесе консулдық мекемеге хабарласыңыз.
Өкілдік басқа құжаттарды талап етуге құқылы.
Құжаттар толық болмаған жағдайда тексеру жұмысын ұзартып және бас тартуға әкелуі мүмкін.
Визалық өтініш бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін визаны рәсімдеу үшін қолданыстағы медициналық сақтандыру туралы полисті ұсынуы қажет, егер бұл құжат алдын ала тапсырылмаған болса.
Жалпы ақпарат
Басқа отбасы мүшелерінің Германияда тұратын туыстарымен қосылуына арналған виза аса ауыр жағдайды болдырмау үшін ғана беріледі (ерлі-зайыптылардан басқа Германияда тұратын кәмелетке толмаған балалары мен ата-аналары, кәмелетке толмаған балалардың жалғыз қамқоршысы).
Бұл визаның түрі отбасы мүшелерінің бірі шұғыл түрде отбасының басқа мүшесінің өмірлік маңызды көмегіне байланысты болған және тек Германияда тиісті көмек көрсетіле алатын жағдайда (мысалы, күтім болмаған ерекше жағдайда) аса ауыр жағдайларды қалпына келтіру аясында отбасының қосылуы үшін берілетіндігіне назар аударуыңызды сұраймыз. Аса ауыр жағдайды дәлелдейтін белгілі жеке сипаттамалары негізінде ұсынылуы керек (мысалы, ауру, мүгедектік, тиісті күтімнің болмауы, психикалық жай-күйі). Өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі, мысалы, оқу, экономикалық немесе әлеуметтік жағдайының қолайсыздығы аса ауыр жағдайларға жатпайды.
Өтініш берушінің денсаулық жағдайына / тиісті күтім қажеттілігіне негізделген аса ауыр жағдайларды қалпына келтіру аясында отбасының қосылуы үшін визаға өтініш берілсе, сұхбат жүргізгеннен кейін Германия Федеративтік Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің сенімді дәрігері оның денсаулық жағдайын тексеру мүмкін. Бұл жағдайда Сізге тиісті өкілдікте толығырақ ақпарат беріледі.
Келесі тізім Сіздің құжаттарыңыздың толық толтырылғанын тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда көрсетілген барлық құжаттар сұралған үлгі бойынша кезегімен тапсырылуы керек.
Виза өтініштерін бақылау тізімі
Әр өтініш бойынша келесі құжаттар толық көлемде ұсынылуы қажет.
Ұлттық виза алу үшін неміс тілінде толық толтырылған және қолыңыз қойылған өтініш.
«Тұрақты тұру туралы» заңының 54-шы § сәйкес қол қойылған түсініктеме.
2 биометриялық төлқұжат фотосуреті, уақыты 6 айдан аспайтын, өлшемі 3,5 х 4,5 см келетін (өтініш бланккісіне біреуін жапсырыңыз және екінші суретті өзіңізбен бірге алып келіңіз) (→ Фотосуреттің үлгісі)
Иесінің қолы қойылған жарамды төлқұжат + төлқұжат деректері беттерінің бір данасы. Төлқұжатта қол қойылуы және кемінде үш бос бет болуы керек.
Туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен бір көшірмесі
Осы жағдайға қатысты болса: зейнетақы шотының соңғы 6 айының үзіндісі
Осы жағдайға қатысты болса: мүгедектік туралы анықтаманың түпнұсқасы мен бір көшірмесі
Өтініш берушінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттың түпнұсқасы мен бір көшірмесі (бұл мысалы, неке қию туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, жұбайының қайтыс болған туралы куәлігі).
Қазіргі (виза беру туралы өтініш берген күніне дейінгі 3 айдың ішінде берілген) денсаулық жағдайы туралы егжей-тегжейлі сипаттамасы бар дәрігердің анықтамасының түпнұсқасы мен бір көшірмесі.
Өтініш берушінің Германиядағы қосылғалы жатқан туыспен туыстық қарым-қатынасты растайтын құжаттарының түпнұсқасы мен бір көшірмесі (мысалы, туу туралы немесе асырап алу туралы куәлік; өтініш берушінің немесе қосылғалы жатқан туысының аты-жөні өзгертілген болса, онда неке қию туралы немесе аты-жөнін өзгерту туралы куәлік).
Германия азаматтарынан: неміс төлқұжатының немесе жеке куәлігінің көшірмесі. Осы жағдайға қатысты болса: қосылғалы жатқан туыстың Германияда тұруға рұқсат құжаттары.
- Қосылғалы жатқан туыстың Германиядағы тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасының көшірмесі (өтініш берген кезде үш айдан аспауы керек).
Қазақстан Республикасының азаматтығы жок өтініш берушілерге:
- Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтияр хат/тіркеуі, түпнұсқасы мен бір көшірмесі.